54. Иық белдеуінің бұлшықеттері мен фасциялары,қызметі



бет1/4
Дата05.12.2022
өлшемі27,87 Kb.
#54858
  1   2   3   4
Байланысты:
БӨЖ Анатомия


54.Иық белдеуінің бұлшықеттері мен фасциялары,қызметі.
Иық бұлшықеттері топографиялық орналасуына қарай:алдыңғы және артқы топ бұлшықеттеріне бөлінеді.
І.Иық белдеуінің алдыңғы топ бұлшықеттері.
1.Кеуденің үлкен бұлшықеті-m.pectoralis major
Басталады:а)Үлкен кеуде бұлшықетінің бұғаналық бөлігі ,бұғана сүйегінің төстік сүйегінің төстік шетінен . ә)төс бөлігі ,төс сүйегінің алдыңғы бетінен және 2-7 қабырғалардың шеміршекті доғаларынан басталады.б)құрсақтық бөлігі, құрсақтың тік бұлшықетінің қынабынан басталады.
Бекиді:Тоқпан жіліктің үлкен төмпешігінің қырқасына
ІІ.Иық белдеуінің артқы топ бұлшықеттері.
1)Дельта тәрізді бұлшық ет(m.delteideus)Бұғана сүйегінің латераль бөлігінен,акрамионнан және жауырынның қырынан басталады.Барлық бумалары бірігіп қар сүйегінің дельта тәрізді бұдырына келіп бірігеді.
2)Қыр үсті бұлшық еті (m.supraspinatus)-жауырынның қыр үсті шұңқырынан басталып,қар сүйегінің үлкен томпағына бірігеді.
3)Қыр асты бұлшық еті m.infraspinatus)-жауырынның қыр асты шұңқырынан басталып,қар сүйегінің үлкен томпағына бірігеді.
4)Кіші домалақ бұлшық ет (m.teres minor)-жауырынның латераль шетінен басталады,қар сүйегінің үлкен томпағына жабысады.
5)Үлкен домалақ бұлшық ет (m.teres major)-жауырынның латераль шетінен басталып қар сүйегінің кіші томпағына бірігеді.
6)Жауырын асты бұлшық ет (,m.subcapularis).Жауырынның қабырға бетінің шұңқырынан басталады,қар сүйегінің кіші томпағына жабысады.
55.Иықтың бұлшықеттері мен фасциялары, қызметі .Кәріжілік нерв өзегі,шекаралары,құрамы.
Иық белдеуінің бұлшық еттері иықты қоршай орналасып,оны қимыл қозғалысқа келтіріп отырады. Жалпы иықтың алдыңғы топ бүгуші және артқы топ жазушы бұлшық еттері ажыратылады. Алдыңғы бүгуші бүлшық еттерге:
1. Құстұмсық бұлшықет латынша m.coracobrachialis Басталуы жауырынның құстұмсық өсіндісі. Ал бекуі иықтың кіші төмпешігінің қырқасына дейін. Бұл бұлшықет жиырылғанда иық көтеруге қатысады.
2. иық бұлшықеті латынша атауы m.brachialis.Басталуы тоқпан жіліктің алдыңғы бетінен басталып,шынтақ сүйектің буындарына бекиді.Шынтақ буынын бүгеді.
3. иықтың екі басты бұлшықеті латынша m. biceps brachii болады. Аты айтып тұрғандай бұл бұлшықеттің екі басы болады қысқа және ұзын.Қысқасы жауырынның құстұмсық өсіндісінен,ал ұзыны жауырынның буын үстілік төмпешігінен басталып,екі басы бір-бірімен қосылады да шыбық сүйектің төмпешігіне бекиді.Негізгі қызметі иық пен шынтақ буынын бүгіп,ішке қарай айналдыру
Иықтың артқы топ жазушы бұлшықетіне иықтың үш басты және шынтақ бұлшықеттері жатады.
1. m.triceps brachii,иықтың үш басты бұлшықеті – атына сәйкес үш басы болғандықтан оның латералды, медиалды және ұзын бастары ажыратылады.Бұл бұлшықет жиырылғанда қолды иық және шынтақ буынын жазады.
2. m. аnconeus,шынтақ бұлшықеті- үшбұрышты бұлшықет. Ол тоқпан жіліктің латералды айдаршық үстілік өсіндісінен, epicondylus lateralis, басталып, шынтақ жіліктік өсіндінің артқы бетіне барып бекиді.Шынтақ буынын жазуға қатысады
Кәрі жілік нерв өзегі.Иықтың артқы қапталынды тоқпан жілік пен иықтың үшбасты бұлшықеттерінің аралығында орналасқан.Бұл өзекшенің проксималды тесігі үш басты бұлшықеттің медиалды басы мен латералды ьасының араығында орналасса,дисталды тесігі шынтақ буынының маңында иық бұлшықеті мен иық кәрі жілік бұлшықетінің аралығында орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет