№ 5дәріске СӨЖ Тақырыбы:«Педагогикалық технология педагогтың кәсіби шеберлігінің құрамы ретінде» - Педагогикалық технология – практика да іске асатын, нақтылы педагогикалық жүйе, жаба деп анықтама береді Б.А.Беспалько. Педагогикалық жүйені, тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін, арнайы ұйымдастырылған мақсатты, бір-бірімен өзара байланыстағы әдіс-тәсілдер деп қарастырады. Оқыту технологиясы дегеніміз - бағдарламаларда көрсетілген оқыту мазмұнын жүзеге асыру мен қойылған мақсаттарға женудің ең тиімді жолмен қамтамасыз ететін пішіндер, әдістемелер және құралдар жүйесі. Оқыту технологиясы – оқытушыға оқу үрдісін жүзеге асыруға қажет болатын білім немесе мәліметтер жиынтығы, яғни нақты оқу үрдісі, оның ұйымдастырылуы, құрылымы және қамтамасыз етілуі
Педагогикалық шеберлік компоненттері Педагогикалық шеберлік ерекшеліктері - Бүгінгі жас ұрпаққа жан жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Қайсыбір мұғалімдер сабақтың жаңа түрін пайдаланса, кейбіреулері жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесін қолданады. ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытов: “Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер” деген. Ең бастысы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту негізгі ұстаным. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық мүмкіндік тұғызу, қабілетіне қарай шығармашылық жұмыспен шұғылдануға машықтандыру, бойындағы қасиетіне қарай ізденуге жол көрсету. Педагог міндеті оқушының бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Мектепте және кез келген оқу орнында қазіргі уақыт талабына сай сапалы білім беру.
Педагогикалық біліктіліктің элементі – педагогикалық техника. - Педагогикалық техника – педагогтың әрекетін ұйымдастыру формасы, оның компоненті ретінде. Педагог әрекетіндегі техника мәні. Жас педагогтың педагогикалық техникасының кемшіліктері. Өзін-өзі билеудегі педагогтың шеберлігі. Өзін-өзі реттеу техникасының негіздері, өз психофизикалық күйін басқару техникасы.
- Сөйлеу техникасы: дем, дауыс, дикция.
- Ым, ишара (мимика), оның байланыс жасаудағы рөлі.
- Педагогикалық этика, педагогикалық такт жайлы түсінік. Әдеп (этика), педагогикалық әдептің сақталуы оқушы мен мұғалім қарым-қатынас деңгейлерінің жоғары көрсеткіші.
Педагогикалық шеберлiк - ол мұғалiмнiң шығармашылығында, адамды оқытып, тәрбиелеп дамыту өнерiн үнемi жетiлдiруiнде көрiнiс табатын педагогикалық iс-әрекеттiң ең жоғары деңгейi. Педагогикалық шеберлiк– педагогикалық қызметтiң жоғары деңгейде меңгерiлуi; педагогтiң оқушылардың оқу-танымдық iс-әрекетiн пәрменді басқарып, мақсаткерлiк педагогикалық әсер мен өзара әрекеттестiктi жүзеге асыруына мүмкiндiк беретiн арнаулы бiлiмдерiнiң, бiлiктерi мен машықтарының, тұлғалық кәсiптiк маңызды қасиеттерiнiң кешенi.
Педагогикалық технология Педагогикалық технология кешенді процесс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау және білім меңгерудің баржа қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды. - Педагогикалық технология Педагогикалық технология кешенді процесс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау және білім меңгерудің баржа қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.
-
Оқыту технологиясы - оқыту үрдісінде алдын ала жоспаланған, оқытудың диагностикалы қойылған мақсатына практика да жүйелілік және бірізділікпен жену құралдары. Оқу технологиясының топтастырылуы, сонымен бірге, нақты кезеңде босым болған мақсаттар мен міндеттерге, оқуды ұйымдастыру формасының қолданылуына, дәл кезеңде қажет болған әдістерге және басқа да негіздемелерге тәуелді келеді. Оқу технологиясын оқу әдістемесінен ажырата білген жөн. Олардың бір-бірінен айырмасы – оқу технологиясын қайталап, көбейте таратуға болады. Қай жағдайда да технология өзіне сайт түзілген оқу процесінің жоғары сапасына және педагогикалық міндеттердің табысты шешілуіне кепіл бола аллоды. - Оқыту технологиясы - оқыту үрдісінде алдын ала жоспаланған, оқытудың диагностикалы қойылған мақсатына практика да жүйелілік және бірізділікпен жену құралдары. Оқу технологиясының топтастырылуы, сонымен бірге, нақты кезеңде босым болған мақсаттар мен міндеттерге, оқуды ұйымдастыру формасының қолданылуына, дәл кезеңде қажет болған әдістерге және басқа да негіздемелерге тәуелді келеді. Оқу технологиясын оқу әдістемесінен ажырата білген жөн. Олардың бір-бірінен айырмасы – оқу технологиясын қайталап, көбейте таратуға болады. Қай жағдайда да технология өзіне сайт түзілген оқу процесінің жоғары сапасына және педагогикалық міндеттердің табысты шешілуіне кепіл бола аллоды.
Назарларыңызға Рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |