13 дәріс. Мәліметтер қорының қосымшаларын құру технологиясы



бет1/2
Дата02.06.2023
өлшемі50,89 Kb.
#97923
  1   2
Байланысты:
13 дәріс (1)


13 дәріс. Мәліметтер қорының қосымшаларын құру технологиясы

Мәліметтер қорының концепциясы ақпаратты өңдеуді автоматтандыру жүйесінің даму процесімен бірге біртіндеп жинақтала бастағанын, берілгендер базасын оқып үйрене бастағанда-ақ айта кеткен жөн.


Негізгі анықтамалар

Деректер қоры (ДҚ)

Мәліметтер қоры - объектінің немесе объектілер жиынтығының жағдайын, олардың қасиеттерін және өзара қарым-қатынастарын бейнелейтін атауы бар мәліметтер жиынтығы.

Деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ)

Бұл деректер қорын жасайтын, толтыратын, жаңартатын және өшіретін программалық құралдар.

Білім қоры

Білім қоры – бұл формализациялық түрде көрсетілетін білім қоймасы.

Білім қорын басқару жүйесі (БҚБЖ)

Бұл білім қорын жасайтын, толтыратын, жаңартатын және өшіретін программалық құралдар.

Мәліметтердің ең кіші элементін өріс деп атаймыз. Мәліметтер қорының элементтері мәліметтердің кішірейтілген түрлеріне бөлшектене алмайды, сондықтан да пайдаланушы үшін оның мағынасы жоғалмайды. Мәліметтер қорының элементтері жеке өзі ештеңені түсіндіре алмайды. Егер ол басқа мәліметтердің басқа элеметтерімен байланысты болған жағдайда ғана, оның мағынасы болады.
Мәліметтер элементтерінің арасындағы өзара байланысты көрсететін мәліметтер жиынтығын кортеж деп атаймыз. Бірақ әртүрлі программалық жабдықтауларда бұл терминнің орнына басқалары қолданылады, олар: мәліметтер элементтерінің тобы, жол, сегмент, жазу. Мәліметтер қорының қалыптасуын бірнеше кезеңдерге бөлуге болады. Бұл кезеңнің программалық жабдықталуы, негізінен есте сақтау құрылғысына енгізу-шығару амалдарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, ал сонымен бірге мұнда мәліметтерді өңдеуге арналған аздаған қосымшалар қосылған. Берілгендерді ұйымдастыру жөнінде ол оңай әдіспен орындалатындай етіп, қолданбалы проблемаларды жазуда-ақ қамтылады, яғни берілгендерді ұйымдастыру қарапайым тізбектелген файлдар түрінде беріледі.
Екінші кезең (60 ж. соңы), бірінші кезеңмен салыстырғанда файлдар табиғатындағы секілді, олар сақталған құрылғылардың сақталуындағы өзгерістермен сипаттаулары. Бұл кезеңде берілгендерді ұйымдастыру тізбектелген жинақ түрінде ғана емес, тура өту жиынтығы түрінде де ұйымдастырылады. Берілгендерді өңдеудің керек-жарақтарының дамуында, қолданбалы программаларды мүмкіндігінше, файлдар көлемінің ұлғайуына, берілгендерді аппараттық сақтау құрылғыларының өзгеруіне, бұрыннан сақталынған мәліметтерге жаңа байланыс және жаңа өрістер қосуға байланыссыз жасау болды. Мәліметтер қоры эволюциясының үшінші кезеңінде осы жоғарыда айтылғандарды тарату мүмкіндіктерін іске асыру қажет. Бұл уақытта мәліметтер қорын басқаратын ДББЖ программалық жабдықтауы пайда болды. Мәліметтер қоры басқару жүйесін құрудың принциптері мәліметтер қорын ұйымдастыруды қанағаттандыруы қажет:
Пайдаланушы мәліметтер қорымен жұмыс істеуі үшін, мәліметтер қорын басқару жүйесін пайдаланады. Мәліметтердің модель түріндегі берілуі мәліметтер қорының төртінші кезеңінің айтарлықтай ерекшелігі болып табылады.
3. Бұл күндері мәліметтер қоры саласымен айналысатын көптеген мамандар мәліметтер қорын құрудың негізгі үш тәсілі бар деп есептейді: иреархиялық, желілік және реляциялық. Мәліметтердің иреархиялық моделі, бұл модельдегі барлық жазулар тармақты құрылыммен байланысқан модель түрі. Егер қатынастағы мәліметтердің арасынан туындаған элементте алғашқы элементтен көп элемент болса, онда бұл қатынасты иреархиялық модельдің көмегімен сипаттауға болмайды. Оны желілік модель түрінде сипаттауға болады. Реляциялық модельдің идеясы мәліметтердің элементтері мен байланыстарын бірдей көрсетуге болатындығында. Реляциялық модель мәліметтерді анықтауға, мәліметтерді басқаруға және оған әртүрлі операциялар жасауға мүмкіндік беретін бірегей тілдік қасиеті бар. Реляциялық мәліметтер қорында ақпарат бір немесе бірнеше кестеде сақталады. Мұндай кестелердегі бағандар мен жолдарды өрістер және жазулар деп атайды. Кестелердің арасындағы байланыс бір немесе бірнеше сәйкес келетін өрістердің мәндері арқылы жүзеге асырылады. Кестедегі әрбір жол, яғни жазулар қайталанбауы тиіс. Жазулардың қайталанбауын болдырмау үшін кілттер пайдаланылады, олар кестенің бір немесе бірнеше өрістерін қамтиды. Деректер қор басқару жүйесіне (ДҚБЖ) қойылатын негізгі талаптардың бірі үлкен көлемді ақпараттардың ішінен қажеті жазуды жылдам іздеп табу болып табылады. Кілттік өрістер бұл операцияны орындауды айтарлықтай жеделдетеді. Қазіргі ДҚБЖ-нің аса маңызды артықшылықтарының бірі мәліметтердің физикалық және логикалық тәуелсіздігінде. Мысалы, DBASE мәліметтер қорын басқару жүйесінде құрылған мәліметтер қоры кем дегенде үш физикалық файлдан тұрады. Аппараттық және программалық қамтамасыз етудің, телекоммуникациялық құралдардың дамуының әсерінен, бұл күндері сандар мен символдарды сақтайтын дәстүрлі мәліметтер қорынан күрделі құрылымды мәліметтерді сақтайтын объектілі реляциялық мәліметтер қорына көшіп отырғаны байқалады. Бұған мысал ретінде, Интернет технологиясының дамуын келтіруге болады. Қазіргі компьютерлер мен Web-браузер көру программалары ауқымды желіден ақпаратты іздеуге және мультимедиалық мәліметтер бөлігін көруге мүмкіндік береді.
4. Қазіргі замаңғы үлестірілген ақпараттық жүйелерді құру реляциялық және объектіге бейімделген ДҚБЖ байланысты. Қазіргі уақытта көптеген ДҚБЖ бар. SQL Server құрал-саймандық құралдары кәсіптік класстың ішіндегі ең мықтысы.
Архитектураға сәйкес ДҚБЖ жергілікті және үлестірілген болып екіге бөлінеді. Жергілікті ДҚБЖ бөліктері бір компьютерде орналасқан, ал үлестірілген бірнеше компьютерлерде. Бірнеше онжылдықта иерархиялық, желілік, реляциялық мәліметтер моделдерінде негізделген ДҚБЖ пайда болды.
Деректер қор құрылымы және оның объектілері.Деректер қор құрылымы
SQL Server мәліметтер деректер қорында сақталады. Деректер қор құрылымын екі жақтан қарастыруға болады: қисын және физикалық.
Деректер қордың қисын құрылымы кестелердің құрылымын, олардың арасындағы өзара қарым-қатынасын, қолданушылардың тізімін, сақталатын процедураларды, ережелерді, және деректер қордың басқа объектілерін сипаттайды. Кесте өріс және жазба жинағынан тұрады. Кестелердің екі түрін белгілейді: тұрақты және уақытша. Тұрақты кестелер бар болады, өшірілгенше. Уақытша кестелер олар өшірілгенше. Жергілікті уақытша кестелер ағымдағы сеанста бар болады, содан кейін өшіріледі. Аумақты уақытша кестелер бар болады қолданылған барлық сеанстар аяқталғанша.Транзакция журналы жұмыс аймағы болып келеді. Бұл аймаққа SQL Server транзакция басталып аяқталғанша ақпаратты жазады.
Деректер қордың физикалық құрылымына деректер қордың файлдары мен транзакция журналының сипаттамасы кіреді. Сонымен қатар, ДҚ алғашқы өлшемі, өсу қадамы, максималды өлшемі, конфигурация параметрлері кіреді.

2. SQL Server деректер қор архитектурасы.


Бір серверге мыңдаған қолданушылар қатынай алатын көптеген деректер қоры кіреді. Microsoft SQL Server ДҚ екі типке бөлінеді: жүйелік және қолданушылық. Жүйелік ДҚ жүйені басқаратын метамәліметтер орналасады. Microsoft SQL Server орнатқан кезде келесі жүйелік ДҚ құрылады: master, model, tempdb и msdb.
Master жүйелік ДҚ қолданушылық ДҚ мен Microsoft SQL Server жұмысын басқарады. Мұнда келесі мәліметтер бар:
- қолданушылардың есептік жазбалары;
- ағымдағы процесстер туралы мәліметтер;
- жүйелік қателер туралы хабарламалар;
- сервердегі деректер қоры туралы хабарламалар;
- деректер қордың ерекшеленген өлшемдері;
- белсенді блокировкалар туралы хабарламалар;
- ДҚ қатынауға мүмкін құрылғылар туралы хабарламалар;
- жүйелік администрлеудің процедуралары.
Model жүйелік ДҚ ағымдағы серверде құрылатын ДҚ үшін шаблон болып келеді. Мұнда әр қолданушылық ДҚ-на қажет жүйелік кестелер бар. Бұл ДҚ-на келесі объектілерді орналастырады:
- қолданушымен анықталатын мәліметтер типтері;
- енгізуді тексеретін ережелер;
- үнсіз келісім шарт бойынша мәндер;
- сақталатын процедуралар;
- ДҚ рұқсат беретін қолданушылар туралы ақпарат.
Тempdb жүйелік ДҚ дискіге келесі уақытша объектілерді орналастыру үшін қызмет етеді: кесте, топтасу не реттеу ұсыныстардың аралық нәтижелері және т.б. Мsdb жүйелік ДҚ SQL Executive қызметін жоспарлау үшін қолданылады. Msdb ДҚ келесі жүйелік кестелер: sysalerts, sysoperators, sysnotifications, systasks, syshistory және sysservermessages. Бұл кестелерде сәйкесінше келесі ақпарат бар: оқиғамен анықталған қолданушылар; операторлар; оқиғамен операторлардың байланысы; серверге хабарлама және т.б.
ДҚ каталогы жүйелік кестелердің жинағы болып келеді. Жүйелік кестелердің атаулары sys сөзінен басталады. Мұнда қолданушылар, триггерлер мен сақталатын процедуралар, кестелер, кестедегі индекстер, мәліметтер типтері және т.б. туралы ақпарат сақталады. Жүйелік кестелердің атаулары сақталатын ақпаратқа байланысты. Мысалы, sysindexes жүйелік кестесінде индекстер туралы мәліметтер бар. Әр ДҚ-да шамамен екі файл бар: біреуі ақпаратты сақтау үшін қолданылады, екінші транзакция журналы үшін. ДҚ-да келесі типтес файлдар бар:
- primary – негізгі файл. Бұл файлда ДҚ мен оның объектілері туралы жүйелік ақпарат бар. Primary файлында мәліметтер де сақталады. Әр ДҚ-да бір ғана primary типтес файл бар. Файлдың кеңейтілуі - .mdf.
- secondary – екінші файл. Тек мәліметтерді сақтау үшін қолданылады. Файлдың кеңейтілуі - .ndf.
- transaction log – транзакция журналы. Мұнда деректер қорында орындалатын транзакция туралы ақпарат сақталады. Файлдың кеңейтілуі: .ldf.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет