5В011100-«Информатика» мамандығына арналған «Есеп шығару әдістемесі»



бет1/37
Дата04.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#79347
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті



Информатика кафедрасы


5В011100-«Информатика»
мамандығына арналған

«Есеп шығару әдістемесі» пәнінен


оқу - әдістемелік кешен





Құрастырушы: А.А. Хамзина, аға оқытушы





Орал, 2018 ж.



1. Пәннің оқыту бағдарламасы – SYLLABUS


Семестр 15 оқу аптасынан және 3 сессия аптасынан тұрады.
Пәннің көлемі 3 кредитті құрайды:



Кредит саны

Дәрісханалық сабақтар

Дәрісханадан тыс сабақтар

Барлық сағат

Бақылау түрі

Дәріс

Практикалық сабақтары

Зертханалық сабақтар

СОӨЖ

СӨЖ

2




30

-

15

45

90

Аралас емтихан

Аралық бақылау - семестрдің 8 және 15 аптасы


2. Пән туралы мәліметтер


«Есеп шығару әдістемесі» пәні техникалық және экономикалық ғылыми-зерттеу аймақтарында кеңінен қолданылатын ақпараттық технологияларды үйретеді. Бұл пән мамандыққа сәйкес басқа пәндерді оқытуда жан-жақты қолданылады, сондықтан ол болашақ маманның ақпараттық технология саласындағы білімдерінің негізі болып табылады. “Есеп шығару әдістемесі” пәні практикалық сабақтардан тұрады. Салыстырмалы түрдегі тұрақты кез келген маман білуге қажет динамикалық түрде өзгеретін білім (практикалық мәліметтер) практикалық сабақтарда беріледі.
Пәнді оқыту мақсаты – ақпарат өңдеуге арналған алгоритмдер мен программалау тілдерін пайдалана отырып, оларды техника, технология, экономика және статистика салала- рында қолдану үшін студенттерді дербес компьютерде жұмыс істеу мен өздерінің болашақ кәсіби мамандығына сәйкес программалар құруды оқытып үйрету; есептерді алгоритмдеу негіздерін, программалау тілдерінің жіктелуін, процедураға бағытталған бір тілдің (С++) негіздерін – мәліметтер типтерін, операторларын, функцияларын оқып-үйрену, осы тілде программалаудың практикалық негіздерін меңгеру; бізді қоршаған ортадағы әртүрлі алгоритмдерді құруда, зерттеуде және оны іс жүзіне асыруда кездесетін қиыншылықтармен және программаларды трансляциялау әдістерімен студенттерді таныстыру; алгоритмдерді құрудың және программалаудың тәсілдері мен негізгі қағидаларын үйрету. Бұл пәнді игеру нәтижесінде студенттерде қазіргі ақпараттық мәдениеттің іргетасы қалыптастырылып, программалық жүйелер мен ақпараттық технологияларды үйрену ісін компьютер арқылы аспаптық құралдарды пайдалану жолымен меңгеруі қамтамасыз етіледі.
Пәнді оқыту міндеттері. «Есеп шығару әдістемесі» пәнін оқып үйренгеннен кейін, студент осы пәннен алған білімін басқа пәндердің теориясымен байланыстыра отырып, ақпараттық технологияларды игеріп, тиімді программаларды құра білуі тиіс. Пәнді оқытудың негізгі мәселелері:
а) алгоритмдер мен олардың құрылымдарының негізгі ұғымдарын игеру, ақпаратты қазіргі қоғамның қажетті қоры ретінде бейнелеп, ақпараттық қорларды пайдалануда студенттердің алгоритмдік ойлау қабілетін қалыптастыру;
ә) студенттерді программалау тілдерінің негізгі сипаттамаларымен таныстырып, процедураға негізделген программалау тілдерінде жұмыс істеу негіздерін үйрету;
б) күнделікті оқу процесінде кездесетін әртүрлі есептерді шығара отырып, программалық файлдарды дискілерде сақтауды, қағазға басып шығаруды, әр түрлі мәліметтерді программаға енгізіп, олардың көшірмесін алуды және де графикалық ортада геометриялық бейнелер графиктерін құрып, оларды пайдалану ісіне дағдыландыру болып табылады.
Бұл пәнді меңгерген әрбір студент төмендегі жұмыстарды орындай білуі тиіс:

    • программалық тілде мәліметтер өңдеу, алгоритмдерді талдау тәсілдерін игеру;

    • әртүрлі программалар құра отырып, мәліметтерді сызықтық, тармақты және қайталау алгоритмдер типіне келтіріп, олардың мүмкіндіктерін толық пайдалану;

    • жиымдарды өңдеу, сұрыптау тәсілдерін меңгеру;

    • студенттердің логикалық ойлау қабілетін дамыту және жалпы ақпараттық мәдениет деңгейін көтеру, т.б.

  • Сонымен қатар студенттер программалау арқылы шешілетін есептерді мәселе ретінде қоя білуі, олардың алгоритмдерін құра білуі, күрделілік деңгейлері әртүрлі болып келген есептерді программалай білуі қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет