6 тaқырып. Теріс эмоциялар және денсаулық. Тәжірибелік сaбaқтың тaпсырмaлaры



бет5/7
Дата27.11.2023
өлшемі86,69 Kb.
#128595
1   2   3   4   5   6   7
Орынсыз жан таласын кейде бекер,


Жұламын итмұрынды қолым жетер…


Сонан соң әлім кетіп жерге қүлап,


Еңіреп егіл-тегіл, жаттым сұлап.


Кеміріп жердің дымқыл топырағын,


Шықтай қып жерге төктім жасты-ай бұлақ.


Аффект кезінде адамның «есі шығып» кетпейді. Дені сау адамдарда болатын аффекттерді адамның жеке басының кемшілігі деп түсіну керек. Бұл – адамның өзін меңгере алмауы, ерік тәрбиесінің кемістігі. Ерік-жігері күшті адам мүндай ұшқалақтыққа, лепірмелікке бармайды. Ондай адам не істесе де ойланып істейді. «Ар-ісі ақылға ермек, бойды жеңбек, өнерсіздің қылығы өле көрмек», деп Абай дұрыс айтқан.


Дені сау адамдардың аффектісінен психикасы ауруға шалдыққан адамдардың аффекттерін (патологиялық аффекттер) ажырату қажет. Мұндай аффекттер ми қабығы мен қабық асты орталықтарының байланысы бұзылғандықтан, екінші сигнал жүйесінің реттеушілік рөлі кемігендіктен болады. Аффекттерді тәрбиелеу адамның жеке басын тәрбиелеумен тығыз байланысты мәселе.


Құмарлық – адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын күшті, терец, тұрақты эмоция. Құмарлық өзінің қоғамдық мәнімен бағаланады. Егер ғылым мен өнерге, еңбекке құмарлықты ұнамды десек, дүние құмарлық, бақ құмарлық, ойын құмарлықты ұнамсыз құмарлық дейміз. «Құмарлық кісіге жүк артады, міндеттілік туғызады, міндет борышты етеді, бұлар еңбекке жүктейді, ецбек ғылым мен өнерге ашылған жол, – деп Абай адамға қажетгі құмарлықтың психологиялық табиғатын көрсеткен. А.С. Пушкин.


Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым эмоциялары туған күнінен бастап-ақ көрінеді. Бала есейген сайын эмоциялар біртіндеп дами түседі. Мәселен, екі жарым жасар бала қол-аяғы байлаулы адамның суретін көргенде, оған жаны ашып жылаған. Төрт жасар бала анасы кітаптан иттің кірпіпі ұстап алайын деп түрған жерін оқығанда қатты күйзелген. Төрт-бес жасар балаларда оғары сезімдердің (моральдық, эстетикалық) элементтері кездеседі. Мәселен, осы жастағы баладан: «біреудің нәрсесін сұраусыз алуға бола ма?» десең, «Сұраусыз алсаң, ұры атанып ұсталасың, жаза тартасың» – деп жауап
Береді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісі тайыз, өмір тәжірибесі жеткіліксіз, түрлі психикалық кұбылыстары, әсіресе, ерік-жігері дамып жетілмеген. Осы жағдай оның эмоциясына да тән. Мектеп жасына дейінгі балалар эмоциясының басты ерекшелігі – тұрақсыз, тұрлаусыз, нақтылы да мәнерлі қозғалыстарға толы келетіндігі.


Мектепке түсу бала сезімдерін жүйелі, жоспарлы түрде тәрбиелеудің негізгі жолы болып табылады. Төменгі сынып оқушылары да (әсіресе, бірінші, екінші сыныптағылар) аса сезімтал, эмоциялы келеді. Бұл балалар сергек те жайдары, ақ көңіл де сенгіш, аңқау да, әділ болып келеді. Олар кез-келген нәрсенің бәріне таңырқап, қызықтайды және өзінің қатынасын белсенділікпен білдіріп отырады. Бала сабақ үстінде де бірқалыпты отыра алмайды. Өйткені өзіне ие бола алмай, сезімінің жетегіне еріп кетеді. Мәселен, бірінші сынып оқушыларының арасынан сабақ үстінде қатты дауыспен күлетін, не жылап жіберетін оқушыларды кездестіруге болады. Бұлар жүйкесі қозғыш, өздерін ұстай алмайтын балалар.


Сыныбы жоғарылап, есейген сайын оқушы мұндай қылықтарынан арыла бастайды. Мүғалімнің ерік-жігер тәрбиесін қосарластыра жүргізуі оқушыларға көп көмек көрсетеді. Осы жастағыларда бірінің істегенін екіншісі де істегісі келетін бір қасиет бар. Мәселен, біреу күлсе, оған қосылып қалғандары да күледі, біреу сөйлесе, қалғандары да оған қосылады.


Бірінші сынып оқушыларының сезімдері, көбінесе тікелей қажеттеріне байланысты туып отырады. Жылау, күлу, қамығу, ұялу – бәрі де олардың қажеттерінің өтелу-өтелмеуінен туатын эмоциялар. Мұндай жағдайда оны ақылмен иландыру қиын. Мүмкіндігінше болашақ қажетінің өтелу жағын ойластыру керек. Бүл жай оқу процесін балалардың сезіміне тікелей әсер ететіндей етіп ұйымдастыру қажеттігін еске салады.


Мектепте баланың жоғары сезімдері одан әрі дами түседі. Әрине, баланың жоғары сезімдерінің негізі мектепке дейінгі тәрбиеде қаланады. Осы кезде балада біреуді жақсы көруі (көбінесе, ол өзін жақсы көрген адамды ұнатады), тіл алғыштығы, біреудің айтқанын тыңдағыштығы байқалады. Бала жақсы адамдардай болғысы келеді. Мәселен, космонавтарға еліктеп, солардай болсам екен деу – кез-келген баланың арманы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет