6В07204– Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы



бет1/22
Дата27.09.2023
өлшемі0,55 Mb.
#110932
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

«Алматы технологиялық университеті» АҚ
Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультеті
Бұйымдар және тауарлар технологиясы мен құрастырылуы кафедрасы


6В07204– «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандықтың/білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған KV GO 4212–«Киім гигиенасы» пәні бойынша


Дәрістер

Алматы 2023




Модульдік бірлік 1. Пәнінің мақсаты мен міндеттері. Қоршаған орта мен адамның жылу алмасуы
Дәріс жоспары:
1. Киімге қойылатын жалпы гигиеналық талаптар

Киімді адамдар әр түрлі климат жағдайларында пайдаланады. Сондықтан, тұтынушының қойылған талаптарына олардың киілу жағдайына сәйкес болуы тиіс. Адамдардың көңіл күйінің болу шарттарының бірі, оның жұмысқа жоғары қабілетімен денсаулығын сақтау, комфортты жағдайда қамтамасыз ету. Киім және аяқ киім гигиенасы пәнінің мақсаты әр түрлі мақсатта қолданылады. Оларға қойылатын негізгі гигиеналық талап оқып үйрену. Адам мен қоршаған орта арасындағы жылу алмасу физикада киім мен аяқ киімнің гигиеналық талаптарға сәйкестігін анықтайтын физикалық көрсеткіштерді жобалау кезінде ескеру қажет.


Киімге қойылатын жалпы гигиеналық талаптар
Гигиеналық талаптарға сай киімді жасағанда адамның дұрыс өмір сүруін қамтамасыз ету, өндірістік жағдайларда және әртүрлі климат жағдайларында адамның денсаулығын және еңбекке қабілеттілігін сақтау керек.
Гигиеналық талаптарды ескере отырып жасалған киім адамды сыртқы ортаның жағымсыз факторларынан, жоғары және төмен температурадан, артық күн радиациясынан, желден, атмосфералық қалдықтардан және (жаңбыр, қар) зиянды өндіріс факторларынан қорғайды, сондай-ақ адамның жақсы өмір сүру жағдайын қамтамасыз етеді. Осы жағдайларға қан айналымы, терінің дұрыс демалуы, дем алу және адамның қозғалысын сақтау жатады.
Əрбір киім жіктелген талаптарды қанағаттандыру керек, осы талаптардың керектігі әр киім түрлеріне бірдей емес. М⁄ы: қыстық киім адамды суықтан қорғау керек.
Арнайы киімге бірнеше талаптар қойылады, яғни адамды зиянды өндіріс факторларынан қорғау.
Киімді өз функциясына сай жасау бірнеше факторларға байланысты: киімнің эксплуатациялық жағдайы, материал қасиеттеріне (жылу, ауа және ылғал өткізгіштігі, қаттылығы және т.б.), киім құрылысы және оның материал пакетіне (қабат саны, жалпы қалыңдығы, қосымшалар көлемі), форма тұрақтылығы, бұйымды химиялық өңдеу. Əр түрлі киімге қойылатын гигиеналық талаптарды қарастырайық.
Киім физикалық негізгі мақсаттардың бірі жылу мен комфортты сақтау. Адамдардың жоғары еңбекқорлығы мен жақсы сезімде қалыпты өмір сүруіне ықпал ету. Ұзақ жылу комфортын сақтау керекті жағдайды қажет етеді. Ол ағза терморегуляциясымен киімге қойылатын талапқа сай жылу баланысын ұстап тұруы. Адам ағзасы өзін өзі реттейтін жүйе, физикалық механизм. Сыртқы ортаға қажет жылуды шашып дене температурасын ұстап тұрады. Орталық нерв жүйесінің жұмысымен дене температурасын сақтайтын физикалық процесті «терморегуляция» деп атаймыз. Ол химиялық және физикалық болып екіге бөлінеді. Химиялық ағзадағы жылуды өсірудегі талпыныс. Мысалы: Сыртқы фактор салқын болса, ағзаға қосымша жылу беру бұлшықет дірілі мен бүршіктенуден айқындалады. Физикалық сыртқы ортаға жылуды азайтып немесе көбейтіп берілуін айтады. Мысалы: Қан тамырларының жұмысы ашылды. Физикалық терморегуляциядан ағза үшін ең төмен жылу алмасу 23,4%. Табан мен білезікте ең төмен жылу алмасу 40%. Одан төмен 7 % бас аумағы. Химиялық терморегуляция әсіресе діріл кезінде физикалық терморегуляция төмендейді. 8 – 12,7% жылуды жоғалту төмендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет