Сабақ жоспары Бөлім Жылу құбылыстары



бет1/4
Дата11.01.2023
өлшемі28,31 Kb.
#60928
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
№12 сабақ


Қысқа мерзмді сабақ жоспары

Бөлім

Жылу құбылыстары

Мұғалімнің аты -жөні

Нурдаулетова Н.Т

Күні

12.10.2020 ж

Сынып: 8а,ә

№12 сабақ

Сабақтың тақырыбы

1 зертханалық жұмыс «Температуралары әр түрлi суды араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.3.2.8 – жылу құбылыстарындағы энергияның сақталу және айналу заңын зерттеу;
8.1.3.2 – тәжірибені жүргізуге әсер ететін факторларды анықтау;
8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар білуі тиіс:

  • жылу құбылыстарындағы энергияның сақталу және айналу заңын зерттеу;

  • тәжірибені жүргізуге әсер ететін факторларды анықтау.




Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті



Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
0-3 мин

Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу

Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді.
- Жылу мөлшері дегеніміз не?
-Меншікті жылу сыйымдылықтың физикалық мағынасы қандай?
-Жылулық тепе-теңдікті түсіндір.
Оқушылар екі немесе бірнеше денелердің жылу алмасуы кезінде аса қызған дененің(денелердің) беретін жылу мөлшері азырақ қызған дененің(денелердің) алған жылу мөлшеріне тең болатынын түсіну керек(егер жылудың шығыны болмаса):
∣∣Qберген∣∣=∣∣Qалған∣∣.












2. Ой қозғау.
Мақсатты болжау

Нақты тәжірибелерде аса қызған дененің(денелердің) берген жылу мөлшері азырақ қыздырылған дененің(денелердің) алған жылу мөлшеріне тең болмаудың себебі неде?
Оқушылардан ауызша болжам жасауларын сұрайды.

Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:



  • жылу құбылыстарындағы энергияның сақталу және айналу заңын зерттеу;

  • тәжірибені жүргізуге әсер ететін факторларды анықтау.

 Берілген теңдік жылу балансының теңдеуі деп аталады және жылу алмасу кезінде энергияның сақталу заңын өрнектейді.
∣∣Qберген∣∣>∣∣Qалған∣∣.









Сабақтың ортасы
6-36 мин

Сабақты бекіту.

Оқушылар жұппен зертханалық жұмыс орындайды. «Температуралары әр түрлi суды араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру»
Бағалау критерийлері:
1. Құрал- жабдықтарды қолданып, өлшеу жұмыстарын жүргізе алады. 2. Өлшеу нәтижесін кестеге жинақтап жаза алады.
3. Тәжірибені жүргізуге әсер ететін факторларды анықтай алады.
4. Тәжірибені жақсартудың жолдарын ұсынады.
Тапсырманы аяқтаған соң оқушылардың жауаптарына қарай кері байланыс ұйымдастырылады.Оқушылар жылу алмасу кезінде жылудың бір бөлігі қоршаған ортаға, ал бір бөлігі – жылу алмасу жүретін ыдысқа берілетінін түсінуі тиіс.




Калориметр, суық суы бар ыдыс, термометр, сыныпқа бір ыстық суы бар шәйнек
Қосымша1



Сабақтың соңы

36-40 мин



Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет