Эссе – адамның (оқушының) өзі ойлаған, оны толғандырып жүрген немесе жалпы ұсынылған тақырып туралы жазбаша берген шағын шығармашылық жұмысы, тақырып бойынша өзіндік көзқарасы. Эссе шығармашалық өздік жұмыс болғандықтан, тақырыптық ой (идея) аяғына дейін сақталуы тиіс, тақырыптан ауытқуға болмайды.
Эссе жазғызудың мақсаты –таңдалған тақырыпнемесе көңілде жүрген мәселе бойыншаоқушының ойды логикалы түрде нақты жеткізе білуін және тақырыпты аша білуін анықтау.
Эссе жазғызу міндеті – оқушыны ойын жеткізе білуге дағдыландырып, тереңдетіп дамыту.
Эссенің құрылымдық, өлшемдік сипаты: Кіріспе – 30%;
Негізгі бөлім – 60%;
Қорытынды – 10%.
Мазмұндық өлшемдері:
эссе мазмұны таңдалған тақырып (мәселе) бойынша нақты баяндалуы тиіс;
Эссе тақырыбының ашылуы – 10 ұпай; Эссенің жазылу мәнері (стилі) мен әдеби тіл нормасы – 10 ұпай; Деректемелердің дәлдігіи – 10 ұпай; Емлелік сауаттылық – 10 ұпай; Тыныс белгілік сауаттылық – 10 ұпай; 7-8 сыныптарға арналған қазақ тілі және әдебиет пәнінен рейтингтік олимпиада 7-сынып оқушыларына эссе жазуға ұсынылатын тақырыптар: Кітап – дүниетану көзі