7 билет модуль А. «Қазіргі қазақ тілінің грамматикалық құрылымы мен нормаларын талдау жəне сипаттау»



бет1/6
Дата21.05.2023
өлшемі18,99 Kb.
#95654
  1   2   3   4   5   6

7 БИЛЕТ
Модуль А. «Қазіргі қазақ тілінің грамматикалық құрылымы мен нормаларын талдау жəне сипаттау»
1.Сын есім, сан есім, есімдік олардың грамматикалық ерекшеліктері, түрлері, лексика-грамматикалық категориялары, синтаксистік қызметі.

Есімдер деп аталатын сөздер тобының ішіндегі зат есімдерден кейінгі үлкен тобы – сын есімдер. Сын есім зат есіммен тіркесіп келіп заттың алуан түрлі қасиетін, сапасын, сипатын білдіреді. Сын есім қай, қандай деген сұрақтарға жауап береді. Сын есім деп заттың сапасын, сынын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін, түрін және басқа да қасиеттерін көрсететін сөздердің тобын айтамыз.


Сын есімге тән өзіндік семантикалық мағына, морфологиялық құрылыс, синтаксистік қызмет болады. Ол осы белгілері арқылы басқа сөз табынан ажыратылады. Сын есімді жеке сөз табы ретінде сипаттағанда оның құрамындағы қосымшаларға қарап, не кейде мағынасына қарап айыруға болмайды. Сын есім шырай категориясымен қатар, адьективтік және адвербиалдық қызмет атқарады. 2.Сын есімнің мағыналық топтары. Сын есімнің семантикалық сипаты:
а/сапалық сын есімдер;
б/ қатыстық сын есімдер;
Сапалық сын есім деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр- сипатын, яғни, түрі мен түсін(ақ, қара, көк,сұр), сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір), көлемін мен аумағын (кіші, ауыр, жеңіл), дәмі мен иісін(ащы, тәтті, күлімсі) білдіретін және заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз.
Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың ,іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді атаймыз. Мысалы: Балалы үй базар, баласыз үй мазар. Бұл-жазғы жайлы қоныс.
3.Сын есімнің морфологиялық құрамы.
Сын есім морфемалық құрамдарына қарай, негізгі сын есімдер және туынды сын есімдер деп бөлінеді. Сын есімдер морфологиялық, синтаксистік, морфологиялық- синтаксистік (семантикалық) тәсілдер арқылы жасалады. Морфологиялық тәсіл бойынша туатын сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы жасалады. Синтаксистік тәсіл бойынша туатын сын есімдер жалаң сын есімдердің бір-бірімен тіркесуі арқылы(ақ сары, қызыл сары, қара көк, ақ шұбар), негізгі сынджар мен туынды сындардың бір-бірімен тіркесуі арқылы(ақ көйлекті, сұлу жүзді), зат есім мен туынды сын есімнің тіркесуі(көп балалы, ауыз жолды, жібек көйлекті), негізгі және туынды сын есімдердің қайталануы, қосарлануы (үлкен-үлкен, үлкен-кіші елді-күнді) жасалады. Морфологиялық- синтаксистік тәсіл бойынша туатын сын есімдер белгілі бір синтаксистік формадағы сөздің семантикалық жағынан бірте-бірте дами отырып, адъективтенуі арқылы (басқа, өзге, шала-жансар) жасалады. Бұл тәсілдің ең өнімдісі аналитикалық және синтетикалық тәсілдер. Сын есім тудыратын қосымшалар есімнен сын есім тудыратын және етістіктен сын есім тудыратын жұрнақтар болып бөлінеді.
Сын есімнің сөйлемдегі синтаксистік қызметі- анықтауыш болу. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, соқыр мылқау танымас тірі жанды. Сын есім басқа да сөйлем мүшесі қызметін атқарады. Мысалы: Ой желке, қамыс құлақ қара көкпін (С.С.). Болашақ студенттері жақсы оқиды. Жақсыдан үлгі ал. Бітер істің басына, жақсы келер қасына.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет