7 дәріс
Статикалық анықталатын жүйелердегі созылу мен сығылу.
Жоспар:
1 Бойлық созылу мен сығылу
2 Бойлық және ендік деформациялар, кернеу. Гук заңы.
1 Созылу немесе сығылу деп сыртқы күштер әсерінен білеудің кез келген көлденең қимасында тек бойлық күш N пайда болғанда болатын деформацияларды айтамыз (2-сурет).
Созылу деформациясымен шынжырларды, арқандарды,болттарды, әр түрлі аспаларды есептеуде кездессек , сығылу деформациясы іргетастар( фундаменттер) мен тіректерді есептеуде қарастырылады.
Бойлық күш N қима әдісімен анықталады. Кез келген қимадағы бойлық күш шама жағынан қиманың бір жағында жатқан барлық сыртқы күштердің бойлық өске түсірілген проекцияларының алгебралық қосындысына тең.
Бойлық созушы күш оң, ал сығушы күш теріс таңбалы деп саналады. Бойлық күштің білеу бойындағы өзгеру заңдылығын кескіндейтін график бойлық күштің эпюрі деп аталады.
Созылған немесе сығылған білеудің көлденең қимасында тік кернеу ғана болады және ол Бернулиидің жазық қималар жорамалы бойынша, қима ауданына біркелкі жайылып таралады деп тұжырымдаған. Сондықтан білеудің кез келген көлденең қимасындағы тік кернеу шамасы, осы қимадағы бойлық күштің қима ауданына қатынасымен анықталады
(2.1)
мұндағы,σ - қимадағы тік кернеу; N- бойлық күш, A - қиманың ауданы.
Бойлық күш сияқты, созушы кернеудің таңбасы оң, ал сығушы кернеудің таңбасы теріс. Кернеудің өлшем бірліктері: Па, КПа, Мпа.
2 Бойлық күштің әсерінен білеудің ұзындығының өзгеру шамасын бойлық абсолют деформация деп, ал енінің өзгері шамасын ендік абсолют деформация деп атайды.
Білеуді бойлық осінің бойымен созғанда ( 3- сурет) оның
3 -сурет
абсолют деформациясы мынадай болады
(2.2)
Мұндағы l ,b – білеудің ұзындығы мен ені; l1, b1 – білеудің күш әсерінен кейінгі ұзындығы мен ені.
(2.2)
қатынасымен анықталатын шама бойлық салыстырмалы деформация деп, ал
(2.3)
қатынасымен анықталатын шама ендік салыстырмалы деформация деп аталады.
ε және ε' шамалары сызықтық деформация деп те аталады.
Ендік салыстырмалы деформацияның ε' бойлық салыстырмалы деформацияға ε қатынасының абсалют шамасын ендік деформация коэфициенті деп, немесе Пуассон коэфициенті деп атайды.
(2.4)
Пуассон коэфициентінің мәне барлық изотропты матералдар үшін мынадай
Салыстырмалы деформация мен ендік деформация коэфициенттері бірліксіз шамалар.
Материалдардың серпімді шектерінің аралығындағы салыстырмалы деформациялардың ε кернеулергі σ тура пропорционалдық тәуелдігі – Гук заңы деп аталады
(2.5)
Мұндағы Е – материалдың бірінші текті серпімдік модулі, ол материалдардың сызықтық деформацияға қарсыласуын сипаттайды. Өлшем бірлігі – Па, КПа, МПа.
Егер білеу қимасындағы бойлық күш пен қима ауданы тұрақты шама болсы (N=const, A=const) білеудің ұзару /қысқыру/ шамасы төмендегі формуламен анықталады
(2.6)
Мұндағы ЕА – білеудің көлденең қимасының қатаңдығы, ол білеудің көлденең қимасының сыықтық деформацияға қарсыласуын сипаттайды.
1 Созылған (сығылған) білеудің беріктік шарты
(4.1)
мұндағы Nmax, σmax – қауіпті қимадағы бойлық күш пен ең үлкен тік кернеу (қауіпті қима ең үлкен тік кернеу әсер ететін қима); А- қауіпті қима ауданы; σadm мүмкіндік кернеу.
Пластикалық материалдардың созу мен сығуға қарсыласу қабілеті бірдей болғандықтан мүмкіндік кернеу былайша тағайындалады
(4.2)
мұндағы σy – материалдардың аққыштық шегі; n – беріктік қоры коэфициенті.
Морт материалдарының мүмкіндік кернеуі олардың созылу мен сығылуға қарсыласу қабілеттерін ескере отырып тағайындалады
(4.3)
мұндағы σu,t ; σu,c - материалдардың созу мен сығу деформацияларындағы беріктік шектері.
Беріктік шартына (2.7) сүйеніп, төмендегідей есептер қарастырылады:
1) жобалау есебі, яғни берілген N мен σ adm бойынша білеудің көлденең қимасының ауданын, немесе оның өлшемдерін анықтау
(4.4)
2) беріктікке тексеру есебі, яғни берілген N мен А бойынша білеудің көлденең қималарындағы ең үлкен тік кернеуді анықтап, оны мүмкіндік кернеумен салыстыру
(4.5)
3) жүк көтеру қабілетін анықтау есебі ( жүк көтергіш есебі), яғни берілген А мен σadm бойынша білеудің көтеретін жүгінің ең үлкен шамасын анықтау
(4.6)
2 Білеуді есептегенде беріктік шартымен қатар қатаңдық шарты да орындалу тиіс. Созылған не сығылған білеудің қатаңдық шарты, егер N мен А тұрақты болса, төмендегідей болады
(4.7)
мұндағы Δladm – мүмкіндік абсолютті ұзару (қысқару).
Достарыңызбен бөлісу: |