7. Логопедиялық тексеру қағидалары туралы түсінік



бет1/2
Дата26.12.2023
өлшемі22,52 Kb.
#144390
  1   2

7. Логопедиялық тексеру қағидалары туралы түсінік
Логопедиялық тексерудің қағидалары
1. Сөйлеу тілінің патологиясы бар баланы кешенді тексеру қағидасы.
Тексерілетін бала дамуының ерекшеліктерін жан жақты бағалауға мүмкіндік
береді. Бұл қағида үш бағытта іске асырылады:
1) Алғашқы құжаттарды талдау; онда баланың отбасында және балаларға
арналған ұйымдардағы тәрбиелену жағдайлары, оның ерте жастағы
сөйлеу тілінің және психикалық дамуы жөнінде ақпараттар болады;
Медициналық құжаттармен танысу: сөйлеу тілі жалпы дамымаған
балалардың неврологиялық статусы, олардың соматикалық және
психикалық дамуы, есту функциясының жағдайы, қабылдаған емшаралары және оның тиімділігі жөнінде ақпараттар болады;
2) Мектеп жасына дейінгі балаларды психологиялық-педагогикалық
тексеру;
3) Тіл жүйесінің барлық компоненттерінің жағдайын тексеретін толық
логопедиялық тексеру.
2. Балалардың жас ерекшеліктерін ескеру қағидасы.
Тексеру барысында мектеп жасына дейінгі баланың жасына сай әдіс,
тәсілдер, жұмыс формалары мен лексикалық материалдарды іріктеп,
қолдануды көздейді.
3. Балаларды динамикада тексеру қағидасы.
Бұл қағида жеке патологиялық процестермен қатар, сөйлеу тілі
дамуының бұзылыстарының жалпы тенденциялары мен сөйлеу тілі жалпы
дамымауының әр түрлі деңгейіндегі балалардың компенсаторлы
мүмкіндіктерін бағалауға ықпал етеді.
4. Баланы тексерудің нәтижелерін сапалы жүйелі талдау қағидасы.
Бұл қағида әр түрлі топтардағы балалардың сөйлеу тілі бұзылыстарының
сипатын айқындауға және оған сәйкес балалардың сөйлеу тіліндегі
кемшіліктерді жоюға бағытталған түзету жұмысының адекватты жолдарын
белгілеуге мүмкіндік береді.

8. Баланың сөздік қорын тексеру
Сөздік қорын тексеру

-Баланың ауызекі сөзін бақылай отырып сөздік қорының қаншалықты деңгейде екенін анықтау;


-Баланың жас мөлшеріне және сөйлеу тілінің мүмкіндігіне қарай сөздік қорын зерттеу үшін заттардың аттарын атау, жалпы аттарын табу, қарсы мәндес және ұқсас мәндес сөздерді атау, түбірлес сөздерді іріктеу, сөйлемдегі сөздерді ауыстыру сияқты бірсыпыра арнайы тәсілдер қолдану.
Сөз қорын тексеруге қажет лексикалық және көрнекілік материалдар мына қағидаларға сәйкес іріктеледі:
— семантикалық (тексеруге заттың атын, оның бөлшегін, іс-әрекетін, сапа, сипатын, уақытты, кеңістікті білдіретін сөздер іріктеледі);
— лексикалық — грамматикалық (тексеруге қажет зат есім, сын есім, етістік, үстеу, т.б. әр түрлі сөз таптарын кіргізу қажет және ол сөздер баланың жас ерекшелігіне сәйкес болуы керек);
— тематикалық немесе тақырыптық-лексикалық материал тақырып бойынша топталады: киім, жеміс, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет