8-сынып Менің елім



Дата26.10.2022
өлшемі16,68 Kb.
#45369

8-сынып
Менің елім
Бүгінгі Қазақстан мәдениет пен экономиканың, білім мен ғылымның орталығына айналып, әлемге танылуда. Бұған мемлекетіміздің Біріккен Ұлттар Ұйымына, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық қауымдастықтарға мүше болып, барлық елдермен тығыз байланыс орнатуы және осы жолда атқарылып жатқан қыруар істері дәлел бола алады.
«Отан – оттан да ыстық» деген дана халқымыз. Адам баласының жүрегінде ең алдымен ақ сүт берген туған анасына деген сезім орын алса, одан кейін Отанға деген жалынды, ыстық сүйіспеншілік ұялайды. Мен Отанымды, туған жерімді, қасиетті елімді, ана тілімді сүйемін және мақтан етемін! (83 сөз)
9-сынып
Менің Отаным – Қазақстан
Менің Отаным – Қазақстан. Отан дегеніміз туған жерің. Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке – Қазақстан. Қазақстан Республикасының Президенті- Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.
Қазақстан – менің атамекенім. Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, жазық дала елестеп, бақтағы бұлбұл құстың үні мен айдын көлдегі аққу құстың қиқулаған дауысы құлағыма келеді.
Қазақстанның табиғаты таңғажайып: мұнда аспанмен тілдескен мұзарт шыңдарды, тұңғиық жұмбақ көлдерді, шалқар теңізді, шөлейтті, арналы өзен, ну орманды көруге болады. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы. Қазынаның барлығы да туған өлкенің топырағында тұнып жатыр. Туған жердің қазынасын ел игілігіне айналдыру – болашақтың еншісінде. (101 сөз)
10-сынып
Тәуелсіздік – басты құндылығымыз
Тәуелсіздік күні – ерекше тарихи маңызы бар ұлттық мереке. Биыл ел тәуелсіздігіне 31 жыл толғалы отыр.
Ата-бабаларымыздың сан ғасырлық арманы болған тәуелсіз ел болу бақытын көру біздің замандастарымызға бұйырды.
Экономикалық дағдарыс, тұрақсыздық пен тоқырау кезеңінде Тұңғыш Президентіміз Елбасы Н.Ә. Назарбаев қазақстандық қоғамды басқарудың дара жолын айқындады. Ұлттық ерекшеліктерімізді, шетелдік озық тәжірибені терең зерделей отырып, жас мемлекетті дамытудың жаңа бағыттары қарастырылды. «Ынтымағы жарасқан елдің ұпайы түгел» демекші, бірлігі бекем ел барлық қиындықты еңсерді. Сан ғасыр бойы-ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғалған қасиетті жерімізді сақтау, тәуелсіздігімізді нығайту – жастарға аманат.
Бүгінде тәуелсіздік құрдастары ойы толысқан отыз бір жасқа толды. Егемен елде дүниеге келіп, өсіп-жетілген олардың санасы сергек, көзқарастары да, өмір-салттары да ерекше.
Тәуелсіздіктің отыз бір жылдығы жасампаздық пен өрлеудің, өркендеудің жаңа белесіне айналуына бәріміз мүдделіміз. Еліміздің тұғыры мығым, мерейі үстем болсын! (129 сөз)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет