8. Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балаларды оқытуды ұйымдастыру



Pdf көрінісі
Дата23.09.2022
өлшемі86 Kb.
#39994


8. Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балаларды оқытуды 
ұйымдастыру. 
Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балалардың ерекшеліктері. 
«Сөйлеу тілінің күрделі бұзылысы» (СТКБ) ұғымы сөйлеу функциясы 
бұзылуының әртүрлі түрлерін біріктіреді. Қарастырылып отырған санатқа 
жататын балалардың басым бөлігін сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балалар 
құрайды. Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы (СТЖД) балаларда сөйлеу жүйесінің 
барлық: 
фонетикалық, 
фонематикалық 
және 
лексикаграмматикалық 
компоненттерінің қалыптасуының бұзылуымен сипатталады.
СТЖД балаларда сөйлеу тілі дамуының потологиясы байқалады. 
Мектепке дейінгі жаста сөйлеу тілі дамуының кеш басталауы, сөйлеу тілі 
дамуының тежелуі, жас ерекшелігіне сәйкес келмейтін шектеулі сөз қоры, тілдік 
грамматикалық құрылымы қалыптасуының бұзылуы, дыбыстарды айтудың 
және фонематикалық қабылдаудың бұзылуы СТЖД негізгі белгілері болып 
табылады. Сонымен бірге бұл санаттағы балалардың есту қабілеті 
сақталатынын және белгілі жасқа арналған қаратпа сөзді түсініп, қабылдай 
алатындарын атап өту қажет. СТЖД бар балалардың сөйлеу тілінің дамуды 
түрлі деңгейде болуы мүмкін. Тілдік дамудың үш деңгейін бөліп көрсетеді 
(Р.Е.Левина). Әр деңгейге диагностика бала үш жастан асқаннан кейін жасалуы 
мүмкін.
Бірінші деңгей – ең төменгі. Балалар тілдесудің жалпы қолданылатын 
құралдарын меңгермеген. Олар тілдесу барысында дыбысқа ұқсас және 
былдырлаған 
сөздер, 
сонымен 
қатар 
дыбыстық 
айтылымы 
жағынан 
бұрмаланған аз мөлшердегі зат есімдер мен етістіктердің қолданады. Бала 
былдырлаған бір сөзді әртүрлі мағына беретін ұғымдарды түсіндіру үшін 
бірнеше рет қолдануы мүмкін. Балалардың сөйлеуі белсенді қимылдармен және 
бет мимикасымен қабаттас жүруі мүмкін.
Екінші деңгей – балалар тілдесудің жалпы қолданылатын бастамаларын 
меңгерген. Күнделікті қолданылатын сөйлеу тілін түсіну жеткілікті дамыған. 
Балалар сөйлеу тілін бенсендірек қолданады. Олар түрлі қимылдармен, 
дыбыстық кешендермен және былдыр сөздермен қатар, өздерінің сөздік 
қорларының өте шектеулі болуына қарамастан заттардың атын, іс-әрекеттер мен 
белгілерді білдіретін жалпы қолданылатын сөздерді де пайдаланады. 
Грамматикалық формаларды қолдануда өрескел қателіктер, сөздердің буындық 
құрылымы бұзылғаны, дыбыстарды дұрыс айтпайтындықтары байқалады.
Үшінші деңгей – балалар толық сөйлемдерді қолданады, заттардың, 
ісәрекеттердің атауларын, күнделікті өмірде кездесетін және оларға жақсы 
таныс заттардың сипатын айтуда қиналмайды. Алайда олардың сөйлеу тілі 
жүйесінде 
лексика-грамматикалық 
және 
фонетика-фонематикалық 
жетіспеушіліктер байқалады. Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балаларда 
сөйлеу-ойлау 
әрекеті 
жетіспеушілігінің 
салдарынан 
тілдік 
білік 
пен 
дағдылардың қалыптасу процесі артта қалған. Соның нәтижесінде оларда түрлі 


деңгейдегі тілдік бірліктері және олардың қызмет ету ерекшеліктері: 
фонемалар, лексемалар, грамматикалық формалар мен конструкциялар, сөйлем 
құрастырудың заңдылықтары туралы жалпыланған түсінік қалыптаспайды. 
Мектепте оқу барысында оқушылардың күнделікті тұрмыстық сөйлеу тілі 
жалпы қабылданған формаға жақындайды, дегенмен ойын өз бетінше жазбаша 
түрде рәсімдеуде қиындық көреді. Негізгі орта мектеп деңгейінде сөйлеудің 
жазбаша түрінің қалыптасу, оқушылардың пән мазмұнын мазмұндау
терминологиялық лексиканы дұрыс қолдану проблемалары пайда болады
Сөйлеу тілінің жетік болмауы баланың сенсорлық, интеллектуалдық және сана-
сезімдік жүйелерінде көрініс табады, жете дамымау немесе дамудың өзіндік 
ерекшеліктері бұзылудың келесі түрі ретінде байқалады, ал олардың байқалу 
деңгейі тілдік потологияның көлемімен анықталады.
Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар оқушылар үшін зейіннің тұрақты 
болмауы, алаңдаушылық, тілдік құбылыстарға байланысты байқағыштықтың 
жеткіліксіз болуы тән. Олар ауызша материалды есте сақтау барысында 
қиындық көреді, өз бетінше орындаған оқу тапсырмаларында көптеген қателер 
жібереді.
Жазбаша тіл ауызшаға қарағанда екінші орында болады және ауызша 
тілдің негізінде құрастырылады, сол себепті жазбаша тілді меңгеру деңгейі 
сөйлеу тілінің даму деңгейімен анықталады.
Тұтығу, ринолалия (дыбысты айтудағы кемістік) және дисфонияның 
(дауыс сапасының бұзылуы) ауыр түрлерімен ауыратын балалар сөйлеу қабілеті 
күрделі бұзылған оқушылардың ерекше тобын құрайды. Аталған жағдайлардың 
әрқайсысы негізгі кемістікте өзіне тән көрініске ие. Мысалы. кекештену – бұл 
сөйлесу кезінде селкілдек тырыспа түрінде, ринолалияда – дыбыстарды 
айтудың және фонематикалық қабылдаудың бұзылуынан, дисфонияда – 
дауыстың бұзылуынан байқалады. Алайда, бұл оқушылардың жалпы білім 
беретін мектеп жағдайында білім алу процесін қиындататын, осы санаттағы 
балаларға ортақ ерекшеліктер де байқалады. Бұл ерекшеліктердің арасынан 
сөйлеу және мінез-құлықтық негативизмді (қарама-қарсы теріс әрекет) атап өту 
қажет, аталған ерекшеліктер баланың әлеуметтік бейімсізденуіне, оқуда 
үлгермеушілігіне, 
тұлға 
жүйкесінің 
жұқаруына 
(ашушаң 
болуына), 
бейәлеуметтік тәртіпке, мектепке барудан бас тартуға әкеледі. Оқушыларда 
сөйлеудің өзіндік қисынды құрылымы, оқу және жазу барысында өзіне тән 
тұрақты қателер, эмоционалдық-еріктік жүйенің қалыптасуында ауытқулар 
байқалады. кейбір қияли ауру адамдардың қарама-қарсы теріс әрекеті кейбір 
қияли ауру адамдардың қарама-қарсы теріс әрекеті)
Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балаларды оқытудың арнайы 
жағдайлары. 
Сөйлеу қабілеті күрделі бұзылған балаларды оқытудың негізгі міндеттері 
МЖБС сәйкес жалпы білім беру, сонымен қатар олардың сөйлеу тілдік 
әрекеттеріндегі ауытқуларды, соған байланысты пайда болған балалардың 


психологиялық даму ерекшеліктеріндегі кемшіліктерді жеңуді, олардың 
әлеуметтік бейімделуіне ықпал ететін теңгеруші (компесаторлық) дағдылардың 
қалыптасуын қамтамасыз ету болып табылады. Сөйлеу қабілеті күрделі 
бұзылған оқушыларды оқыту жалпы сынып жағдайын да (қажетті психолог-
педагогтік қамтамасыз ету барысында), сондай-ақ жалпы білім беретін 
мектептің арнайы сыныбында да жүзеге асырылуы мүмкін. 
Сөйлеу қабілеті күрделі бұзылған оқушыларды арнайы сынып 
жағдайында мектепте оқытудың ұзақтығы:
- бастауыш білім беру деңгейінде – 0 (даярлық), 1-4 сыныптар; 
- негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар. Негізгі мектепті бітіргеннен 
кейін жеткіншек білімін ТжКБ ұйымдарында жалғастыра алады.
Оқыту мерзімінің ұлғайтылуы балалардың психикалық дамуының 
тежелуімен, сөйлеу тілі бұзылуының нәтижесінде жазу мен оқуды меңгерудің 
қиындығымен, 
түзету-сауықтыру 
шараларын 
өткізудің 
қажеттігімен 
байланысты болып отыр.
Мектепке дейінгі сәйкес дайындықтан өткен балалар 1-ші арнайы 
сыныпқа қабылдануы мүмкін. Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген, 1-ші 
сыныптың бағдарламалық материалын меңгеру үшін жеткілікті сөз және 
ұғымдар қоры жоқ оқушылар, арнайы даярлық сыныбына қабылданады.
Сөйлеу тілдік әрекеті нормаға сәйкестендірілген жағдайда оқушы 
оқытудың кез келген сатысында жалпы білім беретін мектептің кәдімгі 
сыныбына ауыстырылуы мүмкін.
Арнайы оқу-әдістемелік қамтамасыз ету Сөйлеу қабілеті күрделі бұзылған 
оқушыларды арнайы сынып жағдайында оқыту, тілдік дамудың бұзылуын 
жеңуге 
және 
оқушылардың 
оқу 
бағдарламалары 
мазмұнын 
меңгеру 
мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған түзету компонентін қамтитын арнайы 
Үлгілік оқу жоспарларына жүзеге сәйкес асырылады. Оқыту жалпы білім беру 
бағдарламаларымен де, сондайақ арнайы бағдарламалармен де, түзету 
пәндерінің бағдарламаларымен де жүзеге асырылады.
Оқу процесінде оқушылардың сөйлеу және танымдық ерекшеліктерін 
ескеретін арнайы әзірленген дидактикалық материалдарды, АКТ және басқа да 
материалдарды қолдану қажет.
Оқушылардың білім 
алудағы 
ерекше 
қажеттіліктерін 
қанағаттандыру. 
Оқытудың
түзетушілік бағыттылығы білім берудің түрлі деңгейінде оқушылардың 
тілдік және тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы білім беру 
пәндерінің мазмұнын оқыту әдістемесі саласына бейімдеу және өзгертудің 
көмегімен жүзеге асырылады.
Түзету-дамытушылық нәтиже арнайы пәндер (Айту, Тілді дамыту) және 
тілдік кемістіктері бар оқушыларға бейімделген жалпы білім беретін пәндер 


(Сауат ашу, Әдебиет, Ана тілі), яғни түзетуші лингвистикалық курс арқылы 
орындалады. Аталған курс тұлғаның тілдік әрекетінің толық қалыптасуының 
және қоғамға ойдағыдай бейімделуінің маңызды құралы болып табылады.
Түзету сабағы ретінде оқу жоспарына: «Түзету ырғағы» және 
логопедиялық сабақтар енгізілген.
«Түзету ырғағы» курсының негізгі мазмұнын сөздер мен музыканың 
үйлесімді ырғағындағы қозғалыс әрекеті құрайды. Сабақтар оқушылардың 
қозғалыс жүйесін, интеллектуалдық және сенсорлық мүмкіндіктерін түзетуге 
және дамытуға, сөйлеудегі кемшіліктерін жоюға бағытталған. Логопед 
сабақтары сөйлеудің күрделі бұзылуларын жеңуге, сонымен қатар бастауыш 
мектепті аяқтаған кезде оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілі 
қалыптасып, сөздерді айтудағы кемістіктерін жоюға бағытталады. Логопедтік 
сабақтар жеке және 2-4 адамнан тұратын шағын топтарда да өткізіледі. Негізгі 
және орта білім беру деңгейінде логопедтің жұмысы жазу, оқу, дауыс, сөйлеу 
жылдамдығы мен ырғағын түзетуді қамтамасыз етуі тиіс.
Өмірлік іс-әрекеттің арнайы ортасы. 
Жалпы білім беретін сабақтарға арналған бөлмелерден басқа, мектепте 
логопед сабақтарын, психолог өткізетін сабақтарға және түзету ырғағын 
өткізуге арналған бөлмелер болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет