9-апта (пайызға байланысты мәтін есептер) Терген: Айтқұл Арайлым



бет1/5
Дата26.11.2023
өлшемі0,56 Mb.
#128459
  1   2   3   4   5


9-АПТА (ПАЙЫЗҒА БАЙЛАНЫСТЫ МӘТІН ЕСЕПТЕР)
Терген: Айтқұл Арайлым
6-сынып Алдамуратова оқулығы (С-деңгейі)
Оқушы 175 санын 40% -ке арттырып, оның 20%-ын тапты. Оқушы есептеу нәтижесінде қандай санды тапты.
Шешуі: 40 % -ке арттырған соң 100+40=140% деп аламыз. Демек,
1 вариант: 175 ————100%
х ————— 140%
х= 245 шығады.
Бұдан: 245 ————— 100%
х —————- 20%
х=49
2 вариант: 175* 1,4*0,2= 49
Жауап: Оқушы есептеу нәтижесінде 49 деген санды тапты


Терген: Бейсетбаева Зуфра
А.Е. Әбілқасымова, Т.П. Кучер, З.Ә. Жұмағұлова, В.Е. Корчевский 8-сынып «Алгебра» оқулығы (қайталау есептері)
29 Бірінші сан 360-қа, екінші сан – бірінші санның 90%-ына, үшінші сан бірінші мен екінші санның қосындысының 50%-ына тең. Берілген үш сан қосындысының мәнін табыңдар.
Бірінші санды “a” , екінші санды “b”, үшінші санды “c” деп белгілеп аламыз. Пайызды ондық бөлшек түрінде жазамыз: 90%=0,9; 50%=0,5
Бер: a=360
b=0,9а
c=0,5(а+b)
Т/к: (a+b+c) – ?
Шешуі: “a”-ның мәні белгілі, “b”-ның мәнін табамыз.
b=0,9 360=324
a” мен “b”-ның мәндері арқылы “c”-ның мәнін табамыз.
с=0,5 (360+324)=342
Үш санның да мәндері белгілі. Демек, үш сан қосындысының мәнін таба аламыз.
a+b+c=360+324+342=1026
Жауабы: 1026
Терген: Адилханов Олжас
1.Оқулықта 160 бет бар. Бірінші күні оқушы барлық кітаптың 40%- ін, екінші күні қалғанының 65 %, ал үшінші күні кітаптың қалған бөлігін оқып бітірді. Оқушы әр күн сайын оқулықтың неше бетін оқыды?
Барлығы -160 бет
І күні - 40% оқыды.
ІІ күні - қалғанының 65%оқыды, яғни 60%*65%
ІІІ күні - қалғанын оқыды.
Әр күні қанша бет оқыды?
Шешуі.
160-100%
X - 40%
Бірінші күні 64 бет оқыды.
160 - 100%
Y - 39 %
Екінші күні 62,4 бет оқыды.

  1. (64+62,4) = 33,6

Үшінші күні 33,6 бет оқыды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет