3. Дәріс мақсаты мен міндеті: Студенттермен химиялық реакциялардың жылу эффектісін зерттеуде термодинамиканың негізгі бастамаларын оқып, үйрету.
4. Дәрістің мазмұны.
Ішкі энергия және энтальпия. Термодинамиканың бірінші бастамасы.
Химиялық әрекеттесу болған кезде жылу бөлінеді, немесе сіңіріледі, осы кезде дененің энергиясы өзгереді.
“Энергия дегеніміз материалды обьекттердің жұмыс жасай алатын қабілетін көрсететін қозғалыс мөлшері”.
Заттардың бәрінде де энергия қоры болады, осы энергия қоры “ішкі энергия “ (U) деп аталады. Ішкі энергияны өлшеуге де, есептеуге де болмайды, сондықтан ішкі энергияны бір стандартты жағдайда ғана қарастырады.
Химиялық системалар. Әр түрлі процестердің энергия өзгеруін және осы өзгерудің болу, болмауын зерттейтін ғылымды термодинамика деп атайды..
Егер кез келген бір система Q -ға тең жылуды сіңіріп, өз жағдайын өзгертсе, жылу осы системаның ішкі энергиясының өзгеруіне және жұмыс жасалуына жұмсалады.
Q = U + A
осы теңдеуді термодинамиканың біріншібастамасы дейді.
“Химиялық процестердің энергетикасын зерттейтін бөлімді химиялық термодинамика дейді”.
Термодинамиканың бірінші бастамасы энергияның жоғалмайтынын көрсетеді. Системаға жұмсалған жылу жұмысқа айналады, ал жұмыс жылуға айналады.
Изобаралық процесті қарастырайық.
Егер процесс бір қалыпты қысымда жүрсе, көлем өзгеріп тұрады. P = const - осындай процесс изобаралық деп аталады. Сонда термодинамиканың І бастамасы былай жазылады:
Qp = U + P V
P V - көлем өзгерту жұмысы.
Ал изохоралық процесте көлем өзгермейді V = const, демек көлем өзгертетін жұмыс жоқ А = 0, сонда термодинамиканың І бастамасы былай жазылады: Q= U
Термодинамикада U + PV деп алынған шаманы энтальпия деп атайды. Оны былай белгілейді:
Н = U + PV
Энтальпия системаның энергетикалық жағдайын сипаттайды.