9 Дәріс Проблемалық оқыту технологиясы Дәрістің мақсаты мен міндеттері



бет1/3
Дата06.01.2022
өлшемі28,9 Kb.
#11836
  1   2   3

9 Дәріс
Проблемалық оқыту технологиясы
Дәрістің мақсаты мен міндеттері: Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі -өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.

Дәрістің мазмұны:Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені тәуелсіз Қазақстанның дамыған бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарында терезесін тең ететін - білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары зерттеліп, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірбиесі зерттеліп мектеп өміріне енуде. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақтылығы, білімі қажет. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Білім және Ғылым қызмекерлерінің III съезінде: "Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін жаңа формацияның педагогі қажет" деген.



Қазіргі мұғалім



Педагогикалық үрдісте жүйелі


Педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш



Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын




Оқушымен ортақ тіл табыса алатын


Білімді, шебер, іскер болуы тиіс

Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән береміз. Өйткені,

Дүниетаным қабілеті жоғары

Қазіргі оқушы

Дарынды Ізденімпаз, талапты

өнертапқыш

Өз алдына мақсат қоя білетін болуы тиіс.

Бұл жөнінде "әр баланың өз деңгейі болатындай, әр балаға берілетін тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықтап беріледі. Әр баланы өзінің даму зонасында жетілдіру керек" деген А.С.Выготский зерттеулері өте құнды. Деңгейлеп оқытудың тиімділігі өте көп.

Проблемалық оқыту технологиясының негізгі мақсаты – оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық жəне шығармашылық икемділіктерін дамыту. Проблемалы оқыту технологиясының ерекшелігі де оқушының белсенділігін арттыру жəне оқу материалдарын баланы қызықтыратындай құпиясы бар мəнге жеткізу. Себебі, оқушы материалдарды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді.

Əлемдік тəжірибеде бірнеше түрлі өзара балама мектептер баршылық, əрбіреуінің ұтымдылығы əр түрлі. Мысалы, дəстүрлі мектеп түлектерінің білімділік деңгейі жүйелілік, теориялық, ғылымилық тұрғыдан қарастырғанда жоғары, бірақ сол білімдерін қолдануға іскерлік қасиет-қабілеттерінің шеңбері тар болып келеді. Ал қызығу мен қажеттілікке негізделген еркін тəрбие мектептерінде білім беру үдерісі оқушылардың еріктері мен танымдылық дамуын шектейді, мұнда психиканың механикалық есте сақтау қызметіжөнді дамымайды деген астарлы пікір бар. Сондықтан, болашағы мол болып көрінетін дəстүрлі оқыту мен балама оқыту əдістемелерінің үйлестірілген түрі керек. Мұнда тасада қалдырмайтын мəселе – қайсысынан қандай элементтер, қандай негізде таңдалынып, қандай қатынаста құрастырылатындығы.

Проблемалық оқыту «проблема», «проблемалық сұрақ», «проблемалық тапсырма», «проблемалық жағдай» («ситуация») деген ұғымдарды қамтиды.

Проблемадегеніміз – субъектініңөзіндебарізденуқұралдарымен (білім, икемділік, іздену тəжірибесі жəне т.б.) шешуге болатын жағдай. Кез келген сұрақ, тапсырма проблемалы бола бермейді. Олардың проблемалық болуының негізгі шарты – оларға жауап іздеуде оқушыға даяр жауап не үлгі болмайды жəне ол өзінің білетіні мен білмейтінінің арасындағы қайшылықты басқаша айтқанда, берілген проблеманы шешуге керекті білімнің немесе тəсілдің онда жетіспей тұрғанын сезінеді.

Проблемалық жағдай деп пайда болған құбылыстар, фактілерді адамның түсіндіре алмай қиналушылықжағдайға ұшырауын айтады. Сондықтан сол қиыншылықтан шығудың жолын қарастырып, іздену іс-əрекетіне көшеді.

Проблемалық жауап кезеңінде оқушының іс-əрекеті ойлаумен, пайымдаумен өз бетінше ізденумен сипатталады.

Проблемалық оқыту тек проблемалы жағдай тудырып қана қоюды емес, сонымен қатар оны дұрыс шеше білу тəсілдерін меңгертуді де қажет етеді. Ол үшін оқытушы оқушының тақырыпта кездесетін ой, пікір қайшылықтарын дұрыс аңғаруына жағдай жасап, оны шешудің жолдары мен тəсілдерін меңгертуге өздігінен ізденудің, зерттеудің амалдарын үйретуге тиіс. Мұның басты жолы – дұрыс ойлай білуге баулу.

Проблемалық оқыту – ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау жəне тағы басқа) мен оқушылардың ізденіс əрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің жəне тағы басқа) ескере отырып, жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мəлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан да проблемалы оқыту көбінесе мектеп оқушыларының ойлау қабілеттерін дамытады жəне сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Проблемалық оқытудың мақсаты – ғылыми таным нəтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нəтижелерге жету жолының өзін де, үдерісінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Проблемалық əдіспен оқытудың мақсаты оқушының сабақ бойы ой еңбегімен шұғылдануын қамтамасыз ету. Оқушыны ізденуге, қорытынды жасауға, өзгеше пікір айта білуге үйретеді.

Проблемалық оқиға оқушының бұрыннан меңгерген білімге сүйеніп, мəселені толық шешу үшін аздаған өзіндік ойды, шығармашылық шешімді, дербес əрекетті қажет ететін проблемалық жағдайға алып келуі керек. Проблема тууға ыңғайлы тақырыпты таңдай білу, мұғалімнің ізденімпаздығына, тапқырлық шеберлігіне байланысты. Сол сияқты есептер шығару барысында да балаларға есеп сурет салу арқылы, схема түрінде сызуға, кестелер арқылы шығартуғабейімдеу, өздігіненкері есеп құрастыра білуге жаттықтыру керек. Есептің бір-бірінен ұқсастығын, айырмашылығын, байланысын тапқызуға болады.

Проблемалық оқытудың негізі ерекшелігі – оқушының білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады жəне проблемалары міндетті шешуге дайын тəсіл болмағандықтан, проблемалық ситуация пайда болады, осыған орай оқушының ізденушілік əрекетімен ынтасы күшейе түседі.

Проблемалық оқыту технологиясы тұжырымының ерекшеліктері:



  • білімді меңгеру ішкі себептер негізінде пайда болған

  • басқарылмайтын үдеріс; бала дүниені тануда адамзат жүріп өткен жолмен жүреді;

  • бала материалды сезім арқылы (көріп, тыңдап) қабылдап қанақоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді;

  • оқытуда табысқа жетудің шарттары;

  • оқу-материалында проблема туғызу;

  • баланың белсенділігі;

  • оқытудың бала өмірімен, ойынымен, еңбегімен байланысы.

Проблемалық оқытудың қалыптасу тарихына үңілсек, Сократ өзінің шəкірттерін логикалық ойлауға, зерттеулердің нəтижелерін табуға бағыттап отырған. Руссо білімді игеруде ситуациялар қоюға мəн берген. Проблемалық оқытудың ең керекті əрекеті ізденіс болса, оны өз тəжірибесінде қолданған ғалымдар қатарында Песталоцци мен Дистервергтің еңбегі зор. Оқытудың осы əдісінің негізін қалап, оны жоспарлы түрде іске асырған Д.Дьюн болды. Кейіннен оқытудың осы түріне Д. Бруннер, И. Лернер, Т. В. Кудрявцев, А. М. Матюшкин, М. И. Махмутов зор үлес қосты.

Проблемалық оқытудың басқа əдістерден айырмашылығы – білім оқушыларға дайын күйінде ұсынылмайды, керісінше, олардың алдына белгілі бір проблеманы өз бетінше шешу міндеті қойылады. Осылайша іздену əрекеті барысында шешімді оқушылардың өзі тауып, білімді игеруге жол ашады.

Проблемалы оқытудың теориялық мəселелерін М. И. Махмудов, А. М. Матющкин, И. Я. Лернер, Ю. Н. Бабанский жəне т.б. еңбектерінде зерттеген еді. Проблемалы оқытуға арнап жазылған жұмыстардың саны біршама баршылық. Бірақ соңғы кезде елімізде бұл əдісті оқу үдерісінде қолданудың жағдайы қанағаттанарлықтай болмай отыр. Бұған негізгі себептердің бірі əдебиетте проблемалы оқыту жайында біртұтас оң пікірдің болмауында жəне оның мəн жайын жақсы білетін мұғалімдердің аздығында.

Қазіргі ғылым мен техниканың шарықтап алға басқан кезеңінде проблемалы оқытуды игеріп, оқу-тəрбие жұмыстарында қолданбаса болмайды. Проблемалы оқыту сабағының дəстүрлі аралас сабаққа қарағанда біршама артықшылықтары төмендегі кестеде көрсетілген.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет