9 емтихан билеті



бет1/3
Дата29.09.2023
өлшемі30,03 Kb.
#111683
түріСабақ
  1   2   3

9 ЕМТИХАН БИЛЕТІ



  1. Оқушылардың физика пәніне деген танымдық қызығушылық деңгейінің төмендеуіне қандай себептер бар деп ойлайсыз? Ол мәселені шешу жолдарын атаңыз.

Физика пәні бойынша білімді сапалы түрде қалыптастырудың маңызды факторларының бірі – сабақ үстінде оқушылардың білімге деген танымдық қызығушылығын арттыру. Бұл үшін жаңа сабақты түсіндіру барысында сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру өте маңызды. Физика пәнінің кабинетін замануи талаптарға сай жабдықтау оқушының пәнге деген қызығушылығын өз кезегінде жағымды әсер етуі сөзсіз. Кабинеттің талапқа сай жабдықталуы мұғалімге жаңа материалды түсіндіруге уақытын үнемді және тиімді пайдалануына үлкен септігін тигізеді.
Көптеген оқушыларда оқуға деген немқұрайлық, осыған орай төмен танымдық қызығушылық деңгейі көрінеді. Сондықтан да кез-келген мұғалімнің алдында осындай мәселелерді шешу үшін сабақ берудің тиімді әдістерін, түрлерін іздестірген жөн деп есептеймін. Бірінші кезекте күттірмейтін шешім бұл білім беру үдерісінде оқушылардың белсенділігін арттыру. Білім алу үдерісінде тұлғаның белсенділігін арттыру-бұл сапасы деңгейінің көрсеткішіне және тұлғаны дамытуға және оның кәсіби дайындығына тікелей әсер ететін фактордың бірі болып табылады.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырудың тағы бір жолы бұл оқушылардың өзіне әр түрлі тапсырмалар жинағын құрастыруды тапсыру керек. Оқушыларға әр түрлі эксперименттік есептер шығарған ұнайды. Оқушылармен алған білімді тиянақтау, жинақтау мақсатында сабақ үстінде әртүрлі ойындар ұйымдастырған өте тиімді. Мұндай сабақтың түрі – сайыс сабақ ретінде өтуі мүмкін. Сайыс - сабақтың негізін топтар арасында сұрақ- жауап және кезектесіп берілген тапсырмалар арқылы ұйымдастыруға болады. Мұндай сабақтарды өткізудің әр түрлі тәсілдері бар. Олар: «Көңілді тапқырлар тобы», «Брейн ринг», «Жұлдызда сәт», «Бақытты шақ» сияқты бәрілеріне таныс ойындарнегізінде ұйымдастыруға болады. Сайыс сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу төмендегідей үш негізгі кезеңнен тұрады: дайындық, ойын сәті, қорытынды

  1. STEM және Робототехника білім беру бағытының маңыздылығы. Осы бағыттардың дамуына ықпал ететін іс-шаралар.

STEM дегеніміз – оқытудың біріктірілген тәсілі. Яғни, бұл тәсіл аясында академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеледі. Мұндай тәсілдің мақсаты – мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында STEM-сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату. STEM – оқытудың біріктірілген тәсілі, оның шеңберінде академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеледі. Бұндай тәсілдің мақсаты – мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында STEM-сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату (Tsupros, 2009).
«STEM» мақсаты – балаларға білім беру робототехникасының әртүрлі бағыттарын және STEAM меңгеруге, сонымен қатар күрделі тәжірибелік тапсырмаларды шешуге мүмкіндік беретін ашық және тұжырымдамалық жиектемені әзірлеу. Жобаның шеңберінде білім беру робототехникасынан бес мемлекетте 4000 астам бала үшін семинарды өткізу қарастырылған.
STEM-білім беру – инженерлік шығармашылық пен математика, жаратылыстану ғылымдары мен технологиялардың кіріктірілуі негізінде жоба және пәнаралық амалдарды байланыстыратын жаңаша ойлау және жаңа технологияларға бағытталған ғылымдардың бірігуі.
STEM-білім беру артықшылықтары: сыни тұрғыдан ойлау, ғылыми-техникалық білімді күнделікті өмірде пайдалану, белсенді қарым-қатынас құру және командамен жұмыс жасау, техникалық пәндерге қызығушылықты арттыру, жобаларға креативті және жаңашыл көзқарас, оқу мен карьераның ұштасуы.
мектептегі робот техникасы негіздері элективті курсында математика пәні бойынша «арифметикалық амалдар» мен информатика пәніндегі «цикл» терминін қолданып, Lego машинасының жүру жылдамдығын, жүрген қашықтығын есептеуге болады. Бұл процесс оқушыға жалпы автокөліктердің жылдамдығы, жүру қашықтығының есептеу принципін меңгертеді. Осылайша, STEM-білім беру оқушыларды алған білімдерін қоршаған орта процестерімен байланыстыруға және жобалық ойлауына мүмкіндік береді.
3.Судағы көптеген балықтардың жылдамдығы сағатына ондаған шақырымға жетеді, мысалы, көк акуланың жылдамдығы шамамен 36 км/сағ. Мұндай жылдамдықты қандай факторлар анықтайды?
10 ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1.«Қазақстан Республикасының жаңа формациядағы мұғалімнің үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы» бойынша үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің талаптары, қағидаттары (принциптері), жүйелілігі және жүргізілу құрылымы
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
2.Пәнаралық байланысқа негіздеп, төменде ұсынылған стандартты емес сабақ түрлерінің кез келгенін дайындаңыз: сабақ-ойын, сабақ-спектакль, сабақ-саяхат немесе т. б.
9 сыныпта Дыбыс толқындары.Ультрадыбыс және инфрадыбыс тақырыбын интегративтік сабақ ( физика,информатика) түрінде өткізуге болады.
І.Мұғалім тақырыптың мақсатын ашып, сызба бойынша түсіндіреді.
ІІ.Информатика пәнінің мұғалімі техника- қауіпсіздік ережесін түсіндіреді.
Сол тақырыптарды балалар электронды оқулықтан ашып, өз беттерінше талдау жасайды.Таңдаған тақырыптар бойынша тақырыптың мағынасын,негізгісін ашады.Құрған жобалары бойынша тақтаға шығып ,әр топ өзінің тақырыбын түсіндіреді.
Компьютерде мультимедия арқылы оқушылар «Акустикалық резонанс», «Дыбыстың шағылуын» тәжірибеде көрсетеді.
ІІІ Информатика пәнінің мұғалімі сергіту сәтін өткізеді.Компьютерде оқушылар әйел адам мен ер адамның дауыс тонын анықтайды.
IV Кадаграмманың көмегімен білімдерін бекіту ,тексеру мақсатында қысқа мерзімді тест алынады.
XXI ғасыр –жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры.Қазіргі кезде компьютер адам өмірінің барлық саласына толық енгізілді.Сондықтан да ұстаздардың алдында тұрған ең негізгі ортақ міндет-өмірге икемделгіш,заман ағымына ілесе алатын жаңа тұлғаны тәрбиелеу.Ғылымның жеке салаларындағы білім мазмұнын интеграциялап оқытудың әдістемесінде өзіне тән қағидалары,түрлері,әдістері бар.Қазіргі ғылымның барлық салалары өзара тығыз байланысты.Пәнаралық байланыс мектептегі ғылым негіздерінің жан-жақты және терең меңгеруілуінің дидактикалық шарты және құралы болып табылады.

  1. Бірдей жылдамдықта қандай жел үлкен қуатқа ие? Қыстағы немесе жаздағы жел?

Ауа миллиардтаған бөлшектерден құралады, бірақ біз оларды көрмейміз. Негізгі бөлшектер — азот пен сутегі. Осы титтей ғана элементтердің арқасында құйындар мен дауылдар пайда болып тұрады.
Жердің атмосферасы қалыңдығы 100 километр болатын газдардан құралған қабық болып табылады. Бөлшектер атмосфераға біркелгі жайылмаған: олардың басым бөлігі Жер бетіне жақын аралықта, азғантайы ғана — ғарышта. Бөлшектер бірінің үстіне бірі «қойылған» және де олардың жалпы салмағы планетамыздың бетіне түсіп тұрады. Дәл осы салмақ атмосфералық қысым болып аталады. Ол жер беті температурасының қандай болуына байланысты өзгеріп отырады. Жер беті неғұрлым жылы болса, ауа соғұрлым жыли түседі де, бөлшектер жоғарылай береді. Жер бетіндегі бөлшектер аз қалған кезде атмосфералық қысым төмендеп кетеді. Және керісінше, суық кезде бөлшектер төмендеп кетеді де, олардың салмағы жерге түсетін қысымды күшейтеді.
Салқын ауаның бөлшектері қысым аз аумаққа кездейсоқ тап болған кезде жел пайда болады. Салқын бөлшектер бір-біріне қатты қабысып тұратындықтан, үлкен-үлкен қозғалмалы ауа ағындары пайда болады. Желдің жылдамдығы қысым төмен аумақ пен жоғары аумақтың арасындағы айырмашылыққа байланысты: айырмашылық неғұрлым үлкен болса, жел соғұрлым қаттырақ соғады. 

11 ЕМТИХАН БИЛЕТІ


1.Оқушылардың физика пәніне деген танымдық қызығушылығын дамытуда кәсіптік білімді, машықты және мүмкіндіктерді жетілдіруге арналған жоспар құрыңыздар


Оқушылардың тақырыптық материалды меңгеру кезінде , сабақтың әр түрлі кезеңінде тест материалын түрліше пайдалануға болады. Тесттің бес түрін пайдаланамын. Мысалы: жаңа сабақты пысықтау,қайталау, жалпылау, қорытындылау үшін көпше түрде таңдалынатын тест, сәйкестікті көрсету, тәртіпке келтіру тізім тесттерін қолданамын. Өткен тақырыпты өзектілеу, қайталап еске түсіру кезінде тестің ашық, жалғыз жауапты түрде талданатын тест түрін пайдаланамын.
Білімді жастар ғана ел егемендігін баянды етіп,қоғамның әлеуметтік- әкономикалық дамуына лайықты үлес қоса алады.Ендеше өскелең ұрпақ оқытушы берген білімді іс-әрекет тәсілдері мен бағалауды өлшемдеп қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, зерделі танымдық іс-әрекетімен сабақтастыруы тиіс.Осыған сәйкес, ерекшеліктері:

  • оқушылардың жаңа ақпарат алу үшін қойылатын есепті оның шешімі немесе жауабы пайдаланылған физикалық түсінікке тән қасиеттерді білуді талап ететіндей болғаны жөн;

  • есептің мағынасындағы физикалық терминдерді түсіндірумен, мәтінде жағдайды түсіндіретін көмекші физикалық шамалар енгізу немесе сөздің өзімен мағынасы түсіндірілетін терминдерді пайдаланудан құралады;

  • есептің жауабы немесе мәтінін дайын анықтамамен қамтамасыз етуден тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет