93. Қосымша білім беру бағдарламасының мақсаты



бет1/4
Дата16.05.2023
өлшемі25,74 Kb.
#93671
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
Жауаптар


93. Қосымша білім беру бағдарламасының мақсаты
қосымша білім берудің негізгі мақсаты – балалардың үнемі өзгеріп тұратын жеке мәдени- әлеуметтік және білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру.Қосымша білім беру оқытушысының түбегейлі мақсаты – балаға пән мен тәрбие – қара бастың қамы үшін емес, ол тұлғаның барлық қырларын: зердені,тәжірибелік ақылды, еңбексүйгіштікті, дене дамуын, өзін-өзі қалыптастыруға мінез бен ерікті қалыптастыру мен жетілдіру құралы ретінде танытып, тәрбиелеу. Басқа сөзбен айтқанда, қосымша білім беру – баланың бай ішкі дүниесіне ену, түсіну және оның шегін кеңейту тәсілі.
94. Оқу жұмыс бағдарламасының мазмұны 
Жұмыс оқу бағдарламасы – жұмыс оқу жоспарының таңдау компонентінің пәнін оқытудың мазмұнын, көлемі мен тәртібін анықтайтын, ұсынылатын әдебиетті меңгеру үшін қажетті негізгі білімдер, іскерліктер, дағдылар мен міндеттер көрсетілген құжат.

  1.  Пәндер бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеу мен ресімдеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. 

  2. Пәндердің жұмыс оқу бағдарламалары жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының элективті пәндер бойынша әзірленеді. 

  3. Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы қазақ және орыс тілдерінде жасалады. 

  4. Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы факультеттің оқу-әдістемелік кеңестің отырыстарында қаралады. 

  5. Жұмыс оқу бағдарламасы университетің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітіледі. 

  6. Жұмыс оқу бағдарламасының негізінде пәндердің оқу-әдістемелік кешенін, сондай-ақ белгіленген тәртіппен тиісті оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлейді және басып шығарады. 

  7. Жұмыс оқу бағдарламасы мамандықтың жаңа элективті пәндері шыққан кезде қайта әзірленеді.
    Жұмыс оқу бағдарламасының құрылымы мен мазмұны 

Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы мынадай бөлімдерді қамтуы тиіс: 

  • сыртқы беті; 

  • алғы сөз; 

  • түсіндірме жазба; 

  • пәннің тақырыптық жоспары; 

  • пәннің мазмұны; 
    ұсынылатын әдебиеттер тізімі (негізгі және қосымша). 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет