9в класс Қазақ тілі



бет1/2
Дата20.06.2023
өлшемі40,5 Kb.
#102545
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Өз тіліңді құрметте (9 сынып




Сынып тақырыбы: Өз тіліңді құрметте! Білім сайысы.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту,өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Ә) Дамытушылық. Оқушыларды тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуге үйрету. Сөйлеу қабілеттерін дамыту, сабаққа деген белсенділігін арттыру.
Б) Тәрбиелк. Оқушылардың туған жеріне, еліне, мемлекеттік тіліне деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Сабақ түрі: қалыптан тыс сабақ.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, іздену, ойлану, топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, география, ән, өнер.
Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар, тірек сызбалар, ұлы ғұламалардың сөздері.
І. Ұйымдастыру жұмысы.
ІІ.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
ІІІ. Білім сайысы.
Мұғалімнің сөзі:
Қазақ тілім-өз ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілі.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым дара тілім.
- Құрметті қонақтар! «Өз тіліңді құрметте!» атты білім сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайыста 9- сыныбы 2 топқа бөлініп, өз білімдерін ортаға салады. Танысып қойыңыздар!
1-топ «Қырандар». Топ басшысы: Қабдолла Ж
2-топ «Білгірлер». Топ басшысы: Мұсылманбек Г
Сайыс бірнеше кезеңнен тұрады.
1-кезең «Бәйге» деп аталады.
Бұл кезеңде жауап нақты болуы керек. Қай оқушы қолын бірінші көтерсе сол жауап береді. Әр жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
Тыңдаңыздар!

  1. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге қашан ие болды?

  2. Екінші рет тіл туралы Заң қашан қабылданды?

  3. Аристотельден кейінгі екінші ұстазды ата.

  4. Отан дегеніміз не? Қандай мақал-мәтел білесің?

  5. Құрмалас сөйлем түрлерін ата.

  6. Қандай күйшілерді білесің?

  7. Тіл туралы Заңның қай бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі» делінген?

  8. Қазақтың музыкалық аспаптарын ата.

  9. Қазақстан Республикасының туының авторы кім?

  10. Тіл туралы мақал-мәтелдерді айт.

  11. Қазақстанның елтаңбасы неше түстес?

  12. Салалас құрмалас сөйлемдер нешеге бөлінеді?

  13. «Отан» сөзінің синонимі.

  14. Қазақстанның жаңа әнұраны ресми түрде қашан қабылданды?

  15. Елтаңбаның авторы кім?

  16. Ән падишасы, вальс королі кім?

  17. Шаңырақтың суреті қайда бейнеленген?

  18. Екінші Мекке атанып кеткен қаланы ата.

  19. Астанадағы 97 метрлік ғимарат қалай аталады?

  20. «Невада-Семей» қозғалысының жетекшісі кім?



2-кезең. «Полиглот»
Көп тіл білу-өмір талабы. Берілген мақал-мәтелдерден жоқ сөздерді тауып, үш тілде айту.
Бір тілде 10 ұпай, 2 тілде 20 ұпай, 3 тілде 30 ұпай.

  1. Ана сүті бой өсіреді,

Ана тілі ....... өсіреді.

  1. Анам берген туған тілім,

....... берген құрал тілім.

  1. Тәрбие басы – тіл,

...... алды – тіл.

  1. ...... – теңіз, білім – қайық.

  2. Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер,

Залыммен жақын болсаң, ...... кетер.

  1. Кітап ғылым, тілсіз........

  2. Кісі елінде сұлтан болғанша,

Өз ....... ұлтан бол.

  1. Отансыз адам - ...... бұлбұл.

  2. Туған жердей ...... болмас,

Туған елдей ел болмас.

  1. .........көлін аңсайды,

Адам туған жерін аңсайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет