ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедоасы Филология (6В02305) СИЛЛАБУС КӨКТЕМГІ СЕМЕСТР 2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫ
Пәннің коды THR 3218
Пәннің атауы Мәтінтану негіздері
Студент-тің өзіндік жұмысы (СӨЖ)
кредит саны
Кредит саны
Студенттің оқытушы басшылығымен өзіндік жұмысы (СОӨЖ)
Дәрістер (Д)
Практ. сабақтар (ПС)
Зерт. сабақ-тар (ЗС)
4
15
30
3
4
Курс туралы академиялық ақпарат
Оқытудың түрі
Курстың типі/сипаты
Дәріс түрлері
Практикалық сабақтардың түрлері
Қорытынды бақылау түрі
офлайн
теориялық
аналитикалық
Тілдік қарым-қатынасқа конверсациялық талдау жасау. Рөлдік ойындар Оқу пікірталастары Проблемалық сабақ
Кейс-стади (нақты жағдаяттарды сараптау) және т.б
Ауызша емтихан
Дәріскер (лер)
Смағұлова Г.Н.
e-mail:
Smagulova.g@gmail.com
Телефон (дары):
+7 777 777 9660
Ассистент(тер)
e-mail:
Телефон (дары):
Курстың академиялық презентациясы
Курс мақсаты: Студенттердің болашақ мамандығы бойынша университет бағдарламасы белгілеген және меңгеруге тиісті білім деңгейін негізге алып, қазақ мәтіндерінің күрделі синтаксистік құрылымы, абзац, мәтін құрайтын композициялық элементтер. мәтіннің мазмұнын ашатын элементтер бірлігі, мәтін тұтастығын меңгереді.
1. Мәтін лингвистикасы филологиялық ерекше пән екендігін сараптайды.
2. Мәтін түрлеріне тұтастық деңгейінде талдау жүргізу, зерттеу бағыттарын меңгереді.
3Мәтіндерді салыстыра зерттеу арқылы дискурсивтік талдауды үйренеді.
Пререквизит постреквизит
Қазақ тілінің стилистикасы, Мәтіннің лингвистикалық аспектілері, Мәтін семантикасы, Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы
Ақпараттық ресурстар
Әдебиет:
Негізгі әдебиет
1.Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. М., 1981.
2. Бабенко Л.Г. Лингвистический анализ художественного текста.. М.,2003.
3.Смағұлова Г. Көркем мәтін лингвистикасы. Алматы: Триумф», 2008. 2010 (2 басылым)
Қосымша әдебиет: 1.Кәрімов Х. Көркем әдебиет тілін зерттеудің мәселелері. Алматы: 1986.
2.Құрманова Н.Ж. Мухлис К. Текст теориясы және текст талдау әдістемесі. Алматы: 2000.
3.Әлкебаева Д. Прагмастилистка. . Алматы: «Қазақ университеті», 2015.
4.Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. Алматы: Санат, 1995.
5.Лукин В.А. Художественный текст. Основы лингвистический теории и элементы анализа. М.1999.
6. Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық мәдени аспектілері. Алматы: Ғылым, 1998.
7.Тарланов З.Т. Методы и принципы лингвистического анализа. С-П., 1995.
8.Шалабай Б. Қазақ көркем прозасының тілін зерттеудің ғылыми-теориялық негіздері. Алматы: Ғылым, 1997.
9.Сыздықова Р. Шалабаев Б. Көркем тексті лингвистикалық талдау. Алматы: Мектеп, 1989.
10.Солганик Г.Я. Стилистика текста. М.,2000.
Қол жетімді онлайн: Қосымша оқу материалы бойынша үй тапсырмасын, жобаларды, сайт парақшаңыздан көре аласыз univer.kaznu.kz. ПОӘК бөлімінде.
Университет-тің құндылықтары контекстіндегі академиялық саясат
Академиялық тәртіп ережесі: Әр сабаққа міндетті түрде қатысу керек, сабаққа кешігу 0 балға тең; тапсырмаларды (семинар, СӨЖ, үй тапсырмаларын және аралық бақылау, қорытынды емтихан) уақытында тапсыру. Уақытында тапсырылмаған жұмыстар қабылданбайды.
Академиялық құндылықтар: Барлық тапсырмаларды өз бетінше, адал орындау. Плагиатқа және адал істелмеген жұмысқа жол берілмейді. СӨЖ, аралық бақылау, миттериум және қорытынды емтихан тапсырған кезде біреуге сыбырлауға, біреуден көшіруге, басқа бір студент үшін емтихан тапсыруға болмайды. Төзімділік танытыңыз, өзге біреудің пікірін құрметтеңіз. Келіспейтін пікіріңізді дұрыстап жеткізе біліңіз.
Курстың қандай бір ақпаратын жалған таратқан, Интранетке дұрыс кірмеген, шпаргалка қолданған студентке «F» бағасы қойылады.
Ескерту: Өздік жұмысты орындау (СӨЖ), оларды тапсыру және қорғау, сонымен қатар өтілген материал бойынша қосымша ақпарат алу, оқытылып жатқан курс жөніндегі басқа да сұрақтар бойынша офис-сағаты кезеңінде оқытушыдан көмек сұрауға болады.