А мәтіні: газет мақаласынан үзінді «expo 2017: Қазақстанның жеңісі» Түркияның «Өндже Ватан»



Дата09.06.2023
өлшемі15,18 Kb.
#100195

Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
А мәтіні: газет мақаласынан үзінді
«EXPO 2017: Қазақстанның жеңісі»
Түркияның «Өндже Ватан» (Önce Vatan) газеті «EXPO 2017: Қазақстанның жеңісі» атты көлемді мақала жариялады. Бұл туралы Түркиядағы меншікті тілшіміз Ержан Жүніс хабарлады. Аталған мақалада еліміздің Астанада Халықаралық мамандандырылған EXPO 2017 көрмесін өткізу құқына қол жеткізгендігі, тақырыптың өзектілігі туралы ойлар айтылған. «EXPO 2017 сияқты ауқымды көрме Орта Азияда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Себебі бұған дейін мұндай шара Орта Азияда да, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінде де ұйымдастырылып көрмеген. EXPO көрмесінің басты тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп таңдалған. Осылайша Қазақстан дүние жүзінің күн тәртібінен орын алған басты мәселенің бірін таңдай отырып, қарсылас елдерді артқа тастап, халықаралық жетістікке бір табан жақындады әрі EXPO 2017 көрмесінің Астанада өтуін қамтамасыз етті. Көрмеде әлемнің алып компаниялары болашақ энергиясы, баламалы энергия көзі, «жасыл энергия» тақырыбында бәсекелеседі. EXPO 2017 көрмесі әсіресе таңдалған тақырыбымен дүние жүзіне жар салатын жаңалық болмақ. EXPO 2017 көрмесі бауырлас ел Қазақстан үшін қайырлы болсын деп тілейміз», – делінген түркиялық Önce Vatan газеті. (142 сөз)

Ә мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді
Экспо 2017 — Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) ұйымдастырған Халықаралық көрме. Көрме 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өткен. Ұйымдастырушылары таңдаған тақырып - Future Energy (Болашақ қуат). ЕХРО 2017 көрмесіне 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысты. Көрмені тамашалауға 3 млн адам келді.
EXPO бүкіләлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жаhандық ауқымдағы оқиға.1851 жылы Лондонда өткен бірінші Бүкіләлемдік өнеркәсіп көрмесінен бастау алған EXPO халықаралық көрмесі әр жыл сайын зор танымалдыққа ие болып, барлық қатысушыларға әлемнің экономикалық, технологиялық және мәдени жетістіктерімен танысуға тамаша мүмкіндіктер беріп келеді. Көрме сондай-ақ инновациялық идеялар алмасу және болашаққа қатысты ұжымдық көзқарас мүмкіндіктерін сенімді көрсету үшін ерекше алаң болып табылады. ЕХРО көрмесін миллиондаған туристер тамашалайды, сондықтан әрбір ел өз мәдениетіндегі ұлттық өзіндік ерекшеліктерін танытатын және өздерінің экономикалық және технологиялық дамуының деңгейін бүкіл әлемге көрсететін бірегей павильон құруға ұмтылады. Қазақстан 1997 жылдан бастап Халықаралық көрмелер бюросына мүше ел болып табылады және ЕХРО көрмелеріне 2005 жылдан бастап қатысып келеді. Испанияның Сарагоса ЕХРО-2008 көрмесінің қорытындысы бойынша «C» категориялы 104 қатысушы ел ішінде, біздің еліміздің павильоны сыртқы және ішкі рәсімдеу өлшемдері бойынша қола медальмен марапатталды.
ЕХРО-2017 көрмесінің символдары ретінде Қуат, Мөлдір және Сәуле таңдалды.
Қуат (күш, билік) - жердегі энергияны білдіреді.
Мөлдір(айқын, таза) - судан алынған энергия.
Сәуле(күн сәулесі) - күннен алынған энергия.
EХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуы мүмкін. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді.Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу шағын және орта бизнестің дамуына елеулі серпін береді. 
(291 сөз)

Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі әлемдегі және Қазақстандағы қандай өзекті мәселелерді шешуге жол ашты?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет. 20 балл




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет