Абай әлеміне саяхат



Дата01.02.2023
өлшемі120,58 Kb.
#64451

Тәрбие сағатының тақырыбы: "Абай әлеміне саяхат"

Тәрбие сағатының мақсаты:


 -Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. 
-Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.
-Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге тәрбиелеу
Әдіс- тәсілдері: Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру, өлең оқу, ән айту, көрініс көрсету 
 Көрнекілігі: Абай портреті, кітаптар, шығармалары, тірек сызбалар, қанатты сөздер, буклеттер. 
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі және әдебиеті, тарих, ән
Күтілетін нәтиже: Рухани адамгершілік тәрбие беру арқылы мейірімділікке, инабаттылыққа баулу.
Барысы
I. Ұйымдастыру
1.Амандасу
2.Топқа бөліну
Қазір менің қолымда жыл мезгілдеріне байланысты суреттер бар .Осы суреттерді таңдау арқылы
2 топқа бөлінейік 
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз ерекше
Халық тарихи дамудың қаншама биігіне көтерілседе Абай аты мен Абай сөзі әрдайым оның аузындағы жыры , көкірегіндегі иманы, санасындағы ұжданы болып қала береді. 
-Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымызда ұлы ақын атамыз – Абай Құнанбайұлы туралы сөз қозғамақпыз. 
- Абай бір өлеңінде: "Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез" – деген екен. Біз өзімізді талаптылар тобына жатқызуға шешім қабылдап алып, Абай әлеміне сапар шегіп қайтқалы отырмыз.Саяхат болғанда да Абай әлеміне, Абай ойларына, Абай өлеңдеріне саяхат…
Мұғалім:бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы "Абай әлеміне саяхат" деп аталады
II. Ой шақыру (әр топ өздері таңдаған сурет тақырыбына қатысты 4 жол өлең айтады)
Балалар, Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты жазылған өлеңдерін бастауыш сыныптардан бастап оқып, жаттап келесіңдер, қолдарыңда жыл мезгілдері бейнеленген суреттер бар , сол арқылы топқа бөліндік, енді әр топ өз суреттеріне қатысты Абайдың өлең шумақтарын айтып жіберсін
 Қыс- 1-топ Күз-2-топ
-Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне –өзі орнатып ескерткішті, 
 Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім? 
 Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім? 
Құбажан, құрбақан құм, құла қырда, 
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім? 
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім? 
 Үнінен әділдіктің лебі ескен кім? 
 Арманын аттандырып келешекке , 
Біздермен осы күнгі тілдескен кім? 
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім? 
Жауына найза сөзін шанышқан кім?
Өзендей құйған барын көк теңізге, 
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім? 
 
Тәрбие сағатымыздың барысында бұл сұрақтарыңа жауап аласыңдар деп ойлаймын
III."Абай дара, Абай дана қазақта"
Құрметті оқушылар,қазақта неге Абай дара, Абай дана деп аталады?
(Әр топтан 1 оқушы өз пікірін айтады)
IV. "Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл"
2-жүргізуші: Абай әуелден-ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағанын біз
білеміз.
 1-жүргізуші: -Абайды оқып, оны ойға түю, жүрекпен сезіну баршамыздың мақсатымыз. Сондықтан, "Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл"-деп қара сөздерге кезек берейік
1-жүргізуші: Абайдың нақыл сөздерін мынадай тақырыптарға бөлуге болады.
2-жүргізуші: Адам жанын зерттеу, бала тәрбиесі , Имандылық тақырыбы
1-жүргізуші: Жаман мінез, әдеттер және адамгершілік жайлы
2-жүргізуші: Қазақ мақалы, қазақ халқы жайлы
 1-жүргізуші: Абайдың 19-қара сөзі (Абайдың қара сөздерін бейнетаспадан тыңдау ) 
Мағынаны тану, талдау
19- қарасөзі
Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады.
15-қарасөзі
Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім.
Әуелі - пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады. Сонда есті адам, орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен дағы, күнінде айтса құлақ, ойланса көңіл сүйсінгендей болады екен. Оған бұл өткен өмірдің өкініші де жоқ болады екен.
Есер кісі орнын таппай, не болса сол бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады екен дағы, күнінде өкінгені пайда болмай-ды екен. Жастықта бұл қызықтан соң және бір қызық тауып алатын кісімсіп, жастығы тозбастай, буыны босамастай көріп жүріп, бірер қызықты қуғанда-ақ мойны қатып, буыны құрып, екінші талапқа қайрат қылуға жарамай қалады екен.
Үшінші - әрбір нәрсеге қызықпақтық. Ол өзі бойға құмарлық пайда қылатын нәрсе екен. Әрбір құмарлық өзіне бір дерт болады екен, әртүрлі құмар болған нәрсеге жеткенде, яки әне-міне, жетер-жетпес болып жүргенде, бір түрлі мастық пайда болады екен.
Әрбір мастық бойдан оғатты көп шығарып, ақылдың көзін байлап, төңіректегі қараушылардың көзін ашып, «ананы-мынаны» дегізіп, бойды сынататұғын нәрсе екен. Сол уақытта есті кісілер үлкен есі шықпай, ақылды қолдан жібермей, бойын сынатпай жүріп ізденеді екен. Есер кісілер ер-тоқымын тастап, бөркі түсіп қалып, етегі атының к...н жауып кетіп, екі көзі аспанда, жынды кісіше шаба беруді біледі екен, соны көрдім.
Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?
а) Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні қандай?
б) Бұл қара сөзден сен өзіңе қандай ғибрат алдың?
Абайдың Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған. 
Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады.
 Абайдың қара сөздері балаға да, данаға да ой салатын, жақсылыққа жетелейтін ұлағаты мол қазына . 
 V."Өлең сөздің патшасы сөз сарасы"
- Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы –барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік.
 1- оқушы: Жаз
2- оқушы: Күз
3- оқушы: Қыс
4- оқушы:«Құлақтан кіріп бойды алар» 
5- оқушы:«- «Ғылым таппай мақтанба»
6- оқушы:«Өлең – сөздің патшасы , сөз сарасы»
 7-оқушы: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» 
8- оқушы:«Алланың өзі де рас, сөзі де рас»
9-оқушы: «Әсемпаз болма әрнеге» 
10-оқушы: «Балалық өлді, білдің бе?» 
11-оқушы: « Қайран елім, қазағым, қайран жұртым»
 -Абай өз өлеңдерінде, әндерінде табиғат сұлулығын, адамнің көңіл-күйін әсерлі бейнелеген 
-Енді Абайдың табиғатты бейнелеген "Желсіз түнде жарық ай" әнін тыңдайық.

Ғасырлар бойы дамыған қазақ ән өнері ХІХ ғасырдың екінші жартысында көркемдік пен кемелдіктің шыңына өрледі. Абай өмір сүрген осы кезеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері ауыздан – ауызға, заманнан – заманға ауызша ауыса отырып жетті. Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі, халықтың жүрегінде сақталуға, сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында.Абайдың композиторлық шығармашылығының қалыптасуына «Үш ұлы бастау» - әсер етті


1. Қазақ халқының жазба әдебиеті. 
 2. Шығыс елдердегі классик поэзиясы.
 3. Батыс Еуропа мәдениеті.
- Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған. Өзі де бірнеше ән шығарған.
VII. "Жырақ жатып жүрегі бірге соққан"
Бірін-бірі көрмеген 3 данышпан, 3 тұлға ұлы далада бас қосты.Неміс, орыс және қазақ халқының даналары Гете, Лермонтов және Абай ескерткіштері Абай ауданында бой көтерді. "Халықтар достығы" деп аталатын бұл ескерткіште Лермонтов орыс тіліне аударған немістің ұлы ақыны- Гетенің "горные вершины" өлеңі және қазақ тіліне Абай аударған "Қараңғы түнде тау қалқып" өлеңі жазылған
 Енді осы өлеңді қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілінде тыңдайық
2-жүргізуші:- Абай орыс ақыны А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан үзінділер, М.Ю.Лермонтовтың, , И.Гетенің шығармаларын сүйіп оқып, аударған.
1-жүргізуші:Біз оқыған " қарға мен түлкі " , "шегіртке мен құмырсқа", " есек пен бұлбұл" мысалдарын И.Крыловтан аударған Абай атамыз екен.
Енді осы" қарға мен түлкі " мысалын тамашалаңыздар
.......................................................................................................
2-жүргізуші: "Болмасаң да ұқсап бақ" дегендей оқушылар шығармашылығына кезек берейік
1-топ:Абайша жырлау 2-топ: Абай өлеңдеріне байланысты салған суреттері
«Әлемнің Абайы» өлеңі
 Абай біздің –Кемеңгер,
Теңдесі жоқ асқар биік шыңымыз,
Ақ ниетті, әділетшіл шыңымыз,
Асыл қазына, ашылмаған сырымыз.
Таусылмайтын мәңгі бақи жырымыз!
Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы
.Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы,
.Нақылменен сана құйған,
Қазағымның Абайы,
Ақылменен дана болған 
Бүкіл елдің Абайы
"Әлемге танылған Абай" атты суреттер жинақтамасымен таныстыру
Сіз не дейсіз? ( Әр топтан 1 оқушыдан Абай туралы сұрақтарға жауап береді)

Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар.


Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абай сияқты даналарымыздың қалдырған із ешқашанда өшпек емес.
 Кері байланыс 
Әр топтан екі оқушыдан шығып бірінші топ -екінші топқа, екінші топ — үшінші топқа, үшінші топ –– бірінші топқа екі жұлдыз, бір тілектерін айтады. 
ҚОРЫТЫНДЫ
Мұғалім:Ал менің сендерге тілейтінім Сендер оқып жүрген білім ордасы-біздің мектебіміз де осындай ұлы тұлғаның есіміне ие.Ендеше осы құрметке бәрімізде лайық болайық дегім келеді
Абай ойларына, Абай әлеміне саяхат жасамақ болғандардың бір мойындауға тиісті ақиқаты – Абайды түсінудің сан сатылы болатыны. Абаймен сырласуға, Абай әлеміне саяхат жасауға әркімнің де қақысы бар. Абайдың өзі "болмасаң да ұқсап бақ" деген.
Абайдың мың қырлы, мың тәлімі бар.Бүгінгі тәрбие сағатымыздың барысында сол мың қырлы мың тәлімнің теңіздегі тамшыдайын ғана өзімізше түсініп, әңгіме еттік деп ойлаймын
- Осымен сабағымыз аяқталды,Абайдың өн бойы толы рухани байлығын бойларыңа сіңіріп, білімдеріңді толықтырдыңдар деп ойлаймын 

19- қарасөзі
Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады.
а) Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні қандай?
б) Бұл қара сөзден сен өзіңе қандай ғибрат алдың?


15-қарасөзі
Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім.
Әуелі - пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады. Сонда есті адам, орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен дағы, күнінде айтса құлақ, ойланса көңіл сүйсінгендей болады екен. Оған бұл өткен өмірдің өкініші де жоқ болады екен.
Есер кісі орнын таппай, не болса сол бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады екен дағы, күнінде өкінгені пайда болмай-ды екен. Жастықта бұл қызықтан соң және бір қызық тауып алатын кісімсіп, жастығы тозбастай, буыны босамастай көріп жүріп, бірер қызықты қуғанда-ақ мойны қатып, буыны құрып, екінші талапқа қайрат қылуға жарамай қалады екен.
Үшінші - әрбір нәрсеге қызықпақтық. Ол өзі бойға құмарлық пайда қылатын нәрсе екен. Әрбір құмарлық өзіне бір дерт болады екен, әртүрлі құмар болған нәрсеге жеткенде, яки әне-міне, жетер-жетпес болып жүргенде, бір түрлі мастық пайда болады екен.
Әрбір мастық бойдан оғатты көп шығарып, ақылдың көзін байлап, төңіректегі қараушылардың көзін ашып, «ананы-мынаны» дегізіп, бойды сынататұғын нәрсе екен. Сол уақытта есті кісілер үлкен есі шықпай, ақылды қолдан жібермей, бойын сынатпай жүріп ізденеді екен. Есер кісілер ер-тоқымын тастап, бөркі түсіп қалып, етегі атының к...н жауып кетіп, екі көзі аспанда, жынды кісіше шаба беруді біледі екен, соны көрдім.
Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?
а) Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні қандай?
б) Бұл қара сөзден сен өзіңе қандай ғибрат алдың?



«Кішішыған орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Абай әлеміне саяхат


Тәрбие сағаты

Сынып жетекші А.Қ.Ажинурова


2021-2022 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет