Абай мектебінің қалыптасуы



бет1/5
Дата19.01.2023
өлшемі1,79 Mb.
#61900
  1   2   3   4   5

Орындаған:Кәкің Сымбат
Салық Арнагүл
Топ:ҚТӘ-312
Абайдың ақын шәкірттері

Абай мектебінің қалыптасуы

  • Абай мектебі мен мұсылмандық Шығыста көп айтылатын пір мен мүрит медресесі арасында ұқсастық мол. «1889 жылдан бастап, – дейді М.Әуезов, – Абайдың білімі мен өсиетіне құмар болған, ел ішінің көзі ашық жастарына Абай ауылы үлкен білгіштіктің медресесі сияқты болады. Абай ұстаз да, сөз ұғатын ынталы талапты жастардың бәрі – шәкірт. Абай іні, бала, ағайындарына мағыналы тәрбиеші бола бастайды». Тұрағұлға да жүгінелік. «Сол жылы бастығымыз Шәкерім қажы болып, – деп есіне алады Тұраш, – ақиқат олай емес, былай деп таласып жататұғын санды шәкірттердің қатарында мен де болдым».

Абай шәкірттері

Абай мектебiнiң шәкiрттерi, әр буын өкiлдерi – Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Әріп, Әсет, Мұқа, топай Бейсембай ақын, керей Уәйіс ақын, уақ Иманбазар ақын, Кәкiтай, Тұрағұл, Әубәкір, Әрхамдар еді. Осы аталған шәкірттердің маңдайалдысы, әрине, Шәкерiм болды. Бұл жерде аталған, аталмаған өлең жазуға талаптанғандармен бірге Абай қыстауында өткен мәжіліс, басқосуларға тілегі бөтен емес, басқа да өнерпаздар: екі Баймағамбет (бірі-ертегіші, бірі-ақын), әнші-гармоншы Ысқақ (ырғызбай Ырысай деген кісінің баласы), циркші Ағашаяқ (Берікбол), күйші Біткенбай, әншілер Мұхаметжан, Әлмағамбет, Орынбасар, Өтегелді, тоғызқұмалақ пен дойбының шеберлері – Көрпебай, Ырсалды, Құттықожа, Нақыштың Смағұлы, Құдайберді, Текжан т.б. дәйім қосылып отырған. Бұлардың бәрі де Абай насихатын тыңдаған адамдар, кең мағынада Абай мектебінің тәлімгерлері.

Абайдың ақындық мектебі қашан және қалай пайда болған? Мұның жауабын Шәкерімнің «Жастарға» атты ұзақ өлеңінен табамыз. 1889 жылы жазылған бұл өлеңде Абай – білім шырағы, ақыл иесі деп дәріптелген. Құрбыластан көңілі қайтқан ол жастарға үміт артқан. Бұл туралы Шәкерім былай деп толғайды:

Абайдың ақындық мектебі қашан және қалай пайда болған? Мұның жауабын Шәкерімнің «Жастарға» атты ұзақ өлеңінен табамыз. 1889 жылы жазылған бұл өлеңде Абай – білім шырағы, ақыл иесі деп дәріптелген. Құрбыластан көңілі қайтқан ол жастарға үміт артқан. Бұл туралы Шәкерім былай деп толғайды:

  • Құрбыласы қулық пен айла баққан,
  • Олардан алдамшы деп көңілі қайтқан.
  • Енді бізге ақылын көрсетіп тұр,
  • Алушы жоқ па екен деп жастар жақтан.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет