Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Кафедра: “Педагогика және психология”
БӨЖ
Тақырыбы: Швейцариядағы орта білім жүйесі
Қабылдаған: Құлахметов Б.
Орындаған: Орынбасар Ш.
Тобы: ЖХМ-211
Жоспар: I.Кіріспе 1.1 Швейцария мемлекеті
II. Негізгі бөлім 2.1 Швейцариядағы орта білім жүйесі
2.2 Швейцариядағы оқудың жағымды жақтары мен ерекшеліктері
III. Қорытынды IV. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе Швейцария(нем. Schweiz), Швейцария Конфедерациясы - Орталық Европадағы мемлекет. Солтүстігінде Германиямен, батысында Франциямен, шығысында Австриямен, оңтүстігінде Италиямен шектеседі. Жері 41,3 мың км2. Халқы 8,5 млн. (2019). Астанасы - Берн қ. Әкімшілік жағынап 22 кантонга бөлінеді.
Мемлекеттік құрылысы. Швейцария - федерациялық республика. Қазіргі конституциясы 1874 жылы қабылданған. Одақтық өкімет билігіне соғыс пен бітім, сыртқы сауда, армия құру т. б. күрделі мәселелер жатады. Мемлекеттік басы - президентті Ұлттық советтің мүшелері 1 жылға сайлайды. Өкіметтің жоғары заң шығаратын органы - екі палаталы парламент - Одақтық жиналыс, Ұлттық совет пен кантондар Советінен құрылады. Өкіметтің жоғары атқару билігі үкіметке - Одақтық советке (7 мүше) жүктелген. Бұл совет мүшелерінің әрқайсысы бір департаментті (минті) басқарады. Республика президенті мен виде-президентінің қызметін Одақтық советтің мүшелері кезекпен атқарады. Барлық кантондар мен жартылай кантондардың өзіндік конституциясы бар; өкіметтің заң шығару функциясы - үлкен советке (парламент), атқару міндеттері - кантондық советтерге (үкіметке) жүктелген. Округтар мен қауымдарда өзін-өзі басқаратын органдар - азаматтардың жалпы жиналыс (неміс кантондарында) және қауымдық советтері (франц. кантондарында) сайланады. Сот жүйесі федерациялық және кантондық деп бөлінеді.
Табиғаты. Швейцария - таулы ел. Территориясының 60%-ін Швейцария Альпісі, 1/3-не жуығын Швейцария таулы үстірті, 1/10-ін биіктігі орташа Юра тауы алып жатыр. Ең биік жері - Пеннин Альпісіндегі Дюфур тауы, 4638 м. Маңызды асулары - Сен-Готард (2112 м), Симплон (2009 м), Үлкен Сен- Бернар (2472 м), Фурка (2436 м). Пайдалы қазындылары - тас тұзы, графит, қоңыр көмір. Климаты негізінен қоңыржай жылы, ылғалды, тауларында қоңыржай салқын. Швейцария таулы үстіртінде қаңтардың орташа температурасы - 1,5°С, шілдеде 17,3°С. Жылдық жауын-шашыны 800-1000 мм, Альпі тау аралық аңғарларында жерортатеңіздік климат белгілері басым; мұнда қаңтардың орташа температурасы - 7°С, шілдеде - 12,1°С. Жылдық жауын-шашыны 2000 мм. Өзендерінің суы мол, энергия қорына бай. Ірі өзендері - Рейн, Рона, Инн, Тичино, По. Көлдері көп, ірілері - Женева (582 км2), Боден (538 км2), Невшатель, Цюрих, Фирвальдштет. Жері қоңыр ормандық, күлгін және таулық шалғынды топырақты келеді. Швейцария таулы үстіртінде және оның беткейлерінің 800-900 м биіктікке дейінгі бөлігінде табиғи өсімдік жамылғысы сақталмаған, толық өңделген. Территориясының 1/4-і орман. Тау етектерінде жалпақ жапырақты (емен, шамшат) және кейбір беткейлерде қылқан жапырақты (1800 м биіктік шамасында) орман қалыптасқан. Таудың 2600-3000 м биіктігінде субальпілік және альпілік шалғын өседі. Жануарлар дүниесі қоңыр аю, түлкі, жабайы мысық, тау ешкісі, қоян, сусар, бұғы, альпі суыры және кұстың коптеген түрлерінен құралалы; өзен-колдері балыққа бай. Кейбір мүлдем шойылу қаупі төнген жануарлар түрін көбейту ушін және табиги ортаны сақтау үшін ұлттық парк (аумағы 169 км2) ұйымдастырылған.
Халқы. Этникалық құрамы жағынан елде әр түрлі халықтар тұрады; олардың ішінде неміс тілінде сөйлейтін швейцарлықтар 65%, француз тілінде сөйлейтін швейцарлықтар 18%, итальян тілінде сөйлейтіндері 12%, ретороман тілінде сөйлейтіндері 1%. 1 млн-нан астам шетелдіктер тұрады. Неміс, француз, итальян тілдері мемлекеттік тілдер болып саналады. Діни нанымға иланушылардың 48%-і протестанттар, 49,5%-і католиктер. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 155 адамнан. Ірі қалалары - Цюрих, Базель, Женева, Берн, Лозанна.
Тарихы. Ең ежелгі заманғы Швейцариядан (б. з. б. 1 ғасырға дейін) көптеген көне тұрақтар (Вильдкирхли, Драхенлох, Котеншер, Бирзек, Швейцерсбильд, Кеслерлох палеолит үңгірлері, Ваувплермостағы 20 мезолиттік тұрақтар; тіреулі құрылыстар) сақталған. 800-400 жылдар шамасында Швейцарияда Гальштат мәдениеті, ал 1 мың жылдықтың 2-жартысында Латен мәдениеті қалыптасқан. Швейцария тұрғындары жөніндегі алғашқы жазба деректер 2 ғасырдан басталады. Бұл кезеңде Швейцарияның көп жерін гельветтердің (ежелгі заманда ел осы тайпаның атымен Гельвеция деп аталған) кельт тайпалары қоныстанған; қазіргі Швейцарияның шығысында Рет тайпалары өмір сүрген. Батыс Швейцария жері өз алдына Гельвеция провинциясы болып бөлінді. Швейцария жерінде Рим бекіністері мен әскери жолдар салынды, сауда дамып, ақша айналысы өрістеді. Римдіктер тұсында Швейцария жерінде христиан діні тарады, 3 ғасырдың орта шенінде елге алеманндар шабуыл жасап, 406-407 жылы Шығыс Швейцарияны басып алды, римдіктердің ықпалы жойылды. 496 жылы алеманндарды франктер бағындырып, Швейцарияның бүкіл дерлік жері Франк мемлекетінің құрамына кірді.