Адам ағзасының терморегуляциясы



бет1/7
Дата26.04.2023
өлшемі50,72 Kb.
#86952
  1   2   3   4   5   6   7

Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Адам ағзасының терморегуляциясы.
1.1. Терморегуляция екі жолмен өзгереді.
1.2. Адам ағзасынан бөлініл шығатьш энергияның мөлшері үш шамадан тұрады
2. Дене қызуын өлшеу.
3. Химиялық терморегуляциясы.
4. Дене терморегуляциясы.
5. Реттеу изотермии.
6. Терморегуляция бөліну жолдары.
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер


І Кіріспе
Терморегуляция
Жылу реттеу, терморегуляция (гр. therme – жылу және гр. regulo – реттеу) – қоршаған орта температурасының ауытқуына қарамастан адам, сүтқоректілер және құстардың дене температурасын тұрақты деңгейде сақтау қабілеті.
Дене температурасының тұрақтылығы – жылу түзілу және жылу шығару және олардың өзгеруіне байланысты болады. Жылу реттеу процесіне аралық мидағы (гипоталамус) жылу орталығы, орталық жүйке жүйесінің әр түрлі бөлімдеріндегі жылу сезетін жүйке жасушалары, ішкі органдар мен шырышты қабаттың жылу рецепторлары, терідегі арнайы жүйке өткізгіш жолдары, эндокринді және тері бездері, бұлшықеттер қатысады. Дене қыза бастаса, қан тамырлары кеңейіп, тер бөлініп, тыныс алу жиілейді, жылуды сыртқа шығару үдейді. Ал ағза салқындай бастаса, қан тамырлары тарылып, тер шығу тоқтайды, сыртқа жылу аз бөлінеді. Осылайша ағза жылу түзу мен жылу шығарудың тепе-теңдігін реттеп отырады. Жылу реттеу нәтижесінде ағзаның температурасы тұрақты болады (мысалы, құстарда 40 – 41,5˚С, сүтқоректілерде 32 – 39˚С, адамда 36˚С). Сыртқы ортаның температурасының айтарлықтай ауытқуынан немесе жылу түзілудің жылдам өзгеруінен адам мен жануарлардың жылу температурасы қалыпты жағдайда 0,2 – 0,3-тен 1 – 2 С-қа ауытқуы мүмкін.
Денедегі жылудың тұрақтылығын реттеу механизмі адам мен жоғары сатыдағы жануарларда ғана жақсы дамыған. Мысалы, терлеу тек адам мен маймылға, сондай-ақ тақ тұяқты жануарларға ғана тән. Құстар терлемейді. Жәндік қоректілер, кемірушілер, т.б. аз терлейді. Ал төм. сатыдағы жануарларда (мысалы, бақа, кесіртке) жылу реттеу механизмі дамып жетілмеген. Сондықтан олардың дене температурасы сыртқы орта температурасына тәуелді болады. Адам қалыпты жағдайда жылудың 70%-ін ішкі органдардың қызметінің, ал 30%-ін бұлшық еттердің жиырылуы нәтижесінде алады. Адамның дене қимылы арқылы түзілген жылуы тері арқылы, тыныс
Адам ағзаларының температурасының тұрақты болуы өте күрделі биологиялық және физикалық алғанда, зәр шығарғанда және дефекация кезінде шығарылады.
–химиялық үрдістердің терморегуляциясы механизмдерімен байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет