Курстық жұмыс Пән: Балалар өмірін қорғау және сақтау Тақырыбы: бала қҰҚЫҒын қамтамасыз ету мамандық : «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту»



бет1/7
Дата19.06.2023
өлшемі41,43 Kb.
#102441
  1   2   3   4   5   6   7

ОҚУ - АҒАРТУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Жезқазған гуманитарлық колледжі»КМҚК
Курстық жұмыс
Пән: Балалар өмірін қорғау және сақтау
Тақырыбы:
БАЛА ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Мамандық : «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту»


Біліктілік: «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі»
Бөлім: сырттай
Оқу тобы: МДБ -56
Орындаған : Махамбетова Г.
Жетекшісі : Төлен В.С.

Баға___________


Қойылған күні «___» _______

Жезқазған 2023жыл




МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ 3-4
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Біріккен Ұлттар Ұйымының бала құқығы туралы конвенциясы 5-8
2.2. Балаларына қамқорлық жасауда және оларды тәрбиелеуде
ата-ананың рөлі 9-18
2.3. Бала және қоғам 19-25
ІІІ .ҚОРЫТЫНДЫ 26-27
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі - балалардың құқықтары мен заңды мүделерін қорғау. Қоғам өмірінің сапасын арттыру, әрине, бірінші кезекте-балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы» деп Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында айтылған. Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады. Адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар.
Бұл заң 1948 жылы 10 - желтоқсанда қабылданған. «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқығы Декларациясы», осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 191 мемлекет кірген. Конвенция деген - арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 ж тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл заң 9-тарау, 53 баптан тұрады. Осы ережелерді бұлжытпай орындау - біздің Отанымыз, еліміз, халқымыз алдындағы парызымыз.
Кез-келген мемлекетте, қандай да бір балалар ерекше қамқорлықта және қорғауда болу керек.Қолымыздағы барымыздың ең қымбаттысы-балалар. Әр баланың құқығы бар:
1)азаматтыққа
2)отбасына
3)білімге
4)медицинаға
5)демалуға
6)қорғауға
7)ақпаратқа
Балалардың өмірі қалай, қаншалықты қалыптасқандығына сәйкес еліміздің келешегі айқындалады. Осыған байланысты балаларды қорғау,олардың құқықтарын қорғау сұрақтары кез-келген мемлекеттің басты көкейтесті мәселесі болуы қажет. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық, әсіресе, балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажет»делінген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет