Ғазиз Байтасов – халық қаһарманы



бет1/3
Дата31.12.2021
өлшемі23,23 Kb.
#22887
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
тәрбие сағаты


Ғазиз Байтасов – халық қаһарманы
Ерлік – аяулы қасиет, онымен адамдар

қауіп-қатер үстінде тамаша істер істейді.

Аристотель
Сабақтың мақсаты: Туған елін, жерін шексіз сүюге ,Отанын ,тарихын қастерлеуге және оның алдындағы борышын ақтауға тәрбиелеу. Қазақстандық елжандылыққа, азаматтыққа, ұлттық патриотизмге тәрбиелеу. Елін, жерін қорғай білетін көзі ашық көкірегі ояу ұрпақ тәрбиелеу.

Көрнекілік: Галерея Батырдың суреттері, қанатты сөздер, кітаптар.

Тәрбие сағаттың өтілу барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері.

-Балалар бүгінгі көктемнің тамаша бір күні мен жұмысқа келе жатып , өзімнің туған жерімді,туған ауылымды есіме алдым. Онда тұратын ата-анам, туыс-бауырларым маған өте қымбат.

– Сендер өздеріңнің туған жерлерің,жанұяларың туралы не айта аласыздар?

-Туылған жерің өмір сүріп жатқан жерінен алыс болса, туылған жерін сағынады ма?

– Аңсайсың ба ? -деген сұрақтар қойылады.

– Туған жеріңді мақтан тұтасың ба?

– Туған жеріңнен қандай атақты адамдар шықты?

– Туған жерің несімен ерекшеленеді? (Табиғатымен, көлемімен,тарихымен,тұратын адамдарымен,батыр бабаларымен. т.б)



Мұғалім сөзі:

Ендеше, бәріміздің де Отанымыз, туған жеріміз -Қазақстан. Біз өз Отанымызды құрметтейміз. Барлығы да Отаннан патриоттық сезімге ұштасады. Бүгінгі тәрбие сағатымыз Ер жүрек батыр, Халық қаһарманы - Ғазиз Байтасоқа арналады.



Миға шабуыл.

Ғазиз Байтасовтың қандай ерлік жасады, қандай патриоттық іс-әрекет жасады? Ерлікке жатады ма жасаған әрекеті?



Мұғалім сөзі: «Өмірде қашанда ерлікке орын бар». Бұл сөздер біздің жерлесіміз хақында. Бәлкім, Ғазиз өмірінің дәл 40 жасында аяқталарын ойламаған да болар… Ерлік жасау туралы барлығы армандайды, әсіресе балалар, алайда, оның қашан жасалатындығын ешкім де білмейді. Азаматтардың бостандығы, бейбітшілік пен тыныштық үшін өз өмірлерін құрбан еткен көптеген полиция қызметкерлерінің есімдері ғасырлар бойына өшпестей болып ІІМ тарихына жазылған. Олар біздің жүрегімізде және ұрпақтар жадында мәңгі сақталмақ. Солардың ішінде полиция капитаны Ғазиз Байтасов та бар. Ол 2011 жылы 12 қарашада Тараз қаласында болған лаңкестік оқиғада ерлікпен қаза тапты. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен қызмет бабында қаза тапқан Ғазиз Байтасовқа Халық қаһарманы атағы берілді.Қашып бара жатқан терроршы Мақсат Қариевтің соңына жол полициясының арнайы көлігімен Жамбыл облыстық ІІД жол полициясы жеке батальоны 1-ші взводының командирі, полиция капитаны Ғазиз Байтасов түседі. Қылмыскер Қазыбек би көшесі бойындағы Орталық гастроном маңына тоқтай қалып, маңайындағының бәрін оңды-солды ата бастады. Ғазиз көлігін тоқтата сала, жүгіріп барып қарсы оқ жаудырады. Сол кезде ғана қылмыскер шегіне түскен. Сол сәтте взвод командирі оны аңди бастайды. Алайда, дайындалған қылмыскер айлакер әрі епті болып шықты. Джип көлігінің тұсына жасырынған қаскөй қызметтік автокөлікті айналып, Ғазиздің кеудесіне оқ атады. Ғазиз қылмыскерде жарылғыш зат барын біліп, бейбіт халыққа залалы тиетіндігін іштей сезген еді. Барлығы қас-қағым сәтте болды. Полиция капитаны ауыр жарақатына қарамастан лаңкеске қарсы ұмтылып, кеудесін қолымен ұстап, оны жерге құлатты. Осы сәтте жарылыс үні естілді. Ғазиз Байтасов өз өмірін құрбан ету арқылы ондаған өмірді сақтап қалды.

-Оқушыларға үй тапсырмасы ретінде «Отан» тақырыбында өлең шумақтарын жаттап келуге берілген. Оқушылар жаттаған өлең шумақтарын оқиды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет