Адам және экология Биология пәнінен 10-11 сыныптарға арналған Қолданбалы курс түсінік хат



бет1/5
Дата14.09.2023
өлшемі32,9 Kb.
#107455
  1   2   3   4   5



Адам және экология
Биология пәнінен 10-11 сыныптарға арналған
ҚОЛДАНБАЛЫ КУРС


Түсінік хат
Адамзат қоғамы мен табиғи орта арасындағы қарым-қатынас қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселелердің бірі. Экологиялық жағдайдың нашарлауы қоршаған ортадағы қайтарымсыз табиғи өзгерістерге әкеліп отыр: климаттың жылынуы, өзен-көлдердің суының азаюы, мұздықтардың еруі, су тасқындардың жиі қайталануы, биологиялық алуантүрліліктің азайып, тіршіліктің жұтаңдануы және т.б. Бұл ғаламдық экологиялық проблемалар адамзат баласының болашағына деген алаңдаушылық туғызып отыр.
Адамзат қоғамы мен табиғи орта өзара тығыз байланысты, әрі өзара тәуелді болғандықтан қоршаған ортаны қорғау проблемасының өткірлігін оқушыларға жеткізу қажет. Экологиялық өзгерістер мен құбылыстардың себептері табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты үйлесімді түрде жүрмейтіндіктен. Адам өзіне керектің бәрін табиғаттан алады. Сол арқылы табиғатты өзгертеді. Табиғаттың өзгеруінен елге экономикалық, әлеуметтік шығындар келеді. Жер климаты өзгереді. Осыдан барып экологиялық қауіп пайда болады. Сондықтан, адам кез келген іс әрекетінін алдында көрнекті америкалық эколог Б. Комманердің экологиялық заңдарының қағидаларын есте сақтау қажет:
1. «Барлығы да бір-бірі арқылы байланысқан». Бұл заң биосферадағы тірі организмдердің бірінде болған өзгеріс міндетті түрде басқаларына да әсерін тигізеді дегенді аңғартады.
2. «Барлығы да өз орнын табу керек». Бұл заң табиғаттағы барлық организмдердің өз орны бар, яғни, табиғатта қалдық деген болмайды деген ұғымды білдереді.
3. «Табиғат жақсы біледі». Бұл заң адам баласының табиғат заңдылықтарын әлі де толық білмейтінін айтады.
4. «Еш нәрсе бостан босқа берілмейді». Бұл заң табиғаттан алғанынан орнын толтыруды ұмытпа деген ұғымды білдіреді.
Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдай кімді болса да толғандырды. Өйткені дүние жүзі бойынша экологиялық жағдайы жағынан Қазақстан 133 елдің ішінде 70 орында. Еліміздің экологиясын жақсартуда табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты үйлесімді түрде жүргізүін қолға алып, ғылыми озық технологиясын өндіріске кеңінен енгізуге, экологиясы таза энергия көздерін пайдалануға барынша көңіл бөлу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет