1. Климаттың ғаламдық жылынуы, себептері, салдары Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ Конвенциясы Климаттың ғаламдық жылынуы



бет1/5
Дата08.12.2023
өлшемі223,52 Kb.
#134995
  1   2   3   4   5

1. Климаттың ғаламдық жылынуы, себептері, салдары
2. Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ Конвенциясы
Климаттың ғаламдық жылынуы


Климаттың ғаламдық жылынуы – Жер мен Әлемдік мұхит атмосферасының орташа жылдық температура көрсеткішінің біртіндеп жоғарылау процесі.
Климаттың ғаламдық жылынуы – биосфераның антропогендік ластануының бір көрінісі. Бұл климаттың және биотаның өзгеруі: экожүйедегі өнімділік процестерінің; өсімдік­тер қауымдастықтары шекараларының; ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігінің өзгеруінен білінеді. Әсіресе, климаттық өзгерістер Солтүстік жарты шардың жоғары және ортаңғы ендіктерінде қатты байқалады. Бұл аймақтардың табиғаты әртүрлі экологиялық әсерлерге сезімтал келеді, сондықтан да оның қайта қалпына келуі де өте баяу жүреді. Болжамдар бойынша, температураның көтерілуі дәл осы жерлерде жоғары болады. Тайганың аумағы кей жерлерде солтүстікке қарай 100-200 км-ге, кей жерлерде одан азырақ жылжиды. Темпе­ратураның көтерілуіне байланысты мұхиттар­дың деңгейі 0,1-0,2 м көтеріледі. Бұл өз кезегінде үлкен өзен аңғарларының (әсіресе, Сібір өзендерінің) су астында қалуына алып келеді.

Соңғы 150 жылдағы Жер беті температурасының өзгеруі

БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі бойынша Мемлекетаралық сарапшылар тобының және «Үлкен сегіздік» елдерінің ұлттық ғылым академияларының қолдауымен Жердегі орташа температура өнеркәсіптік революция басталғалы бері (XVIII ғасырдың екінші жартысы) және антропогендік әсерден (парникті эффект тудыратын көмір қышқыл газының (СО2), метанның (СН4) бөлінуінен) соңғы 50 жылда 0,7º С-қа көтерілді деген ғылыми көзқарас бар.





СО2-ның атмосфералық концентрациясының соңғы 10 000 жылдағы уақыт бойынша өзгеруі
Ғаламдық жылыну қазіргі таңда тек ғалымдарды ғана емес, қоғамдық және үкіметтік ұйымдарды да толғандырып отыр. 1988 жылы қоршаған орта бойынша БҰҰ Бағдарламасы және Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым Климаттың өзгеруі бойынша Мемлекетаралық сарапшылар тобын (Intergovern­mental Panel on Climate Change - IРСС) құрды. Бұл топ сарапшылары әрбір 5-6 жылда болашақтағы климаттың өзгерісі туралы және бұл өзгерістердің шаруашылыққа әсері туралы баяндамалар жасап тұрады.

Ғаламдық температураның орташа жылдық ауытқуларының уақыт бойынша өзгерісі, 1951-1970 жылдар
1-бақылау нәтижелері, 2 - парникті газдар мен аэрозольдардың өсуіне байланысты температура ауытқулары, 3 - индустриализацияға дейінгі сол көрсеткіштер)


Көмір қышқыл газы (СО2) – басты парникті газ. Оның концен­тра­циясы 2005 жылғы мәліметтер бойынша индустриализация басталғалы бері соңғы 250 жылда 35%-ға көбейген (280 млн-1-ден 379 млн-1-ге (парникті газдардың концентра­циясы сол газ молекулаларының атмосфера ауасының миллион (млн-1) немесе миллиард (млрд-1) молекуласындағы санымен есептеледі).
Метан (СН4) – маңыздылығы жағынан екінші газ. Соңғы 250 жылда оның концентрациясы 1,5 есе (715 млрд-1-тан 1774 млрд-1-қа) артты.
Азот тотығының (N2O) концентрациясы осы уақытта 18%-ға (270 млрд-1-тан 319 млрд-1-қа) артқан.
Атмосферада басқа да парникті газдардың концентрациясы артқан. Шамамен атмосферадағы антропогендік ластанудың 65% – қазба отындарын жағуға (мұнай, газ көмір және т.б.), 35% – ормандарды жаппай қырқу мен жаңа жерлерді игеруге байланысты. Осының арқасында СО2 мөлшерінің шамамен 45% атмосферада қалады, 30% мұхиттармен, ал қалған мөлшері биосферамен сіңіріледі.
Атмосфераның газ құрамы ары қарай да, кем дегенде ХХI ғасырдың бірінші жартысында парникті газдар есебінен өзгере береді. Күрделі физикалық-математикалық модельдердің көмегімен бақылаулар мәліметтері мен көптеген есептеулердің нәтижесінде Климаттың өзгеруі бойынша Мемлекетаралық сарапшылар тобы (IРСС) мынадай қорытындылар жасады:

  • ХХ ғасырдың екінші жартысынан бері ғаламдық жылыну тек антропогендік парникті газдардың өсуі нәтижесінде болды деп айтуға негіз көп (90%-дан жоғары);

  • мұхит пен атмосфераның ғаламдық жылынуы, сондай-ақ Жер шарының әртүрлі аймақтарындағы мұздықтардың азаюы ХХ ғасырдың екінші жартысынан бері ғаламдық жылыну климаттық жүйелердің тек табиғи түрде өзгеруі арқылы жүруде деп айту екіталай (5%-дан төмен).

Орташа ғаламдық температура жоғарылауда, соңғы 100 жылда (1906-2005 жылдар) 0,74±0,18º С-қа көтерілді. Соңғы 50 жылдағы жылынудың орташа жылдамдығы (әрбір 10 жылда 0,13±0,030С) соңғы жүз жылдағы көрсеткіштен 2,5 есе көп.
Климаттың өзгеруі бойынша Мемлекетаралық сарапшылар тобының (IРСС) 4-ші Баяндамасына сәйкес, арктикалық бассейн­дегі ауаның орташа температурасы, соңғы ондаған жылдардағы ғаламдық температураның көрсеткіштерімен салыстырғанда екі есе жоғары. 1978 жылдан бері теңіз мұздарының көлемі мен мөлшері спутникті микротолқынды өлшеулер көмегімен үнемі есептеліп отырады. 1979-2003 жылдары Солтүстік жарты шардағы мұздардың көлемі 7%-ға азайған.
Ғаламдық жылыну Әлемдік мұхит деңгейінің көтерілуімен қатар, атмосфералық жауын-шашынның мөлшері мен бөлінуінің өзгеруіне де алып келеді. Нәтижесінде тасқын сулар, құрғақшылық, қатты дауылдар және басқа да табиғи апаттардың жиіленуі, ауылшаруашылық дақылдары өнімінің азаюы, көптеген биологиялық түрлердің жойылуы және осындай құбылыстардың масштабын және жиілігін ұлғайтуы мүмкін.
Климаттың ғаламдық жылынуы – адамның қоршаған ортаға әсеріне байланысты көп проблемалардың ішіндегі күрделі де талас тудыратын мәселелердің бірі. ХХ ғасырдағы орташа температураның Цельсия бойынша жарты градусқа көтерілуі көптеген ғалымдарды парникті эффектінің пайда болуына байланысты планетада климаттың ғаламдық жылыну процесі болып жатыр деген ойға алып келді. Ол адам тіршілігі барысында өнеркәсіп орындарынан, ауыл шаруашылығынан және басқа да салалардан бөлінетін ауадағы көмір қышқыл газының, метанның және басқа да газдардың көбеюіне байланысты.



Ширек ғасыр аралығында арктикалық мұздардың ауданы айтарлықтай азайған (сол жақтағы сурет – 1979 жыл, оң жақтағы – 2003 жыл, IРСС мәліметтері бойынша, 2007 ж.)

Көптеген ғалымдар, ғылыми орталықтар ғаламдық жылынудың әсерінің Жер шарының әртүрлі аймақтарындағы ауыл шаруашылығына әсерінің қандай болатыны туралы әртүрлі болжамдар айтады. Алайда бұл концепцияға, яғни ғаламдық жылыну дегенге және оған антропогендік әсер бар дегенге қарсы скептиктер де жетерлік. Олар біздің планетамыздағы жылы кезеңдер, салқын және мұздықтану кезеңдерімен үнемі алмасып отырғаны туралы айтады. Мысалы, планетаның соңғы табиғи жылынуы біздің дәуіріміздің 900-ші және 1300 жылдары аралығында байқалған. Кіші климаттық оптимум деп атайтын сол кезде температура 4-7 градусқа көтерілген.


Температураның оптимум кезеңі әлемнің барлық жерінде тіпті 1880 жылдарға дейін созылып, одан кейін баяу көтерілуі басталды. Климаттық ауытқулардың дәл себебі әлі де болса белгісіз. Ғалымдар бұл жөнінде жорамалдар ретінде ғана айта алады. Алайда бір нәрсе анық белгілі: бұған дейінгі температураның көтерілуі немесе салқындауы антропогендік әсерлерден болған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет