«Аурухана ішілік жұқпалы ауру» түсінігінің анықтамасы, пайда болу және таралу себептері



бет1/29
Дата12.06.2023
өлшемі0,67 Mb.
#100733
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




  1. «Аурухана ішілік жұқпалы ауру» түсінігінің анықтамасы, пайда болу және таралу себептері.



Медициналық ұйымда болған кезеңде немесе одан шығарылғаннан кейін инкубация
лық кезең уақытында анықталған инфекциялық аурулар аурухана ішілік инфекция-
деп аталады.
АІИ жатады:
-медициналық қызметкерлер ауруханада жұмыс кезінде жұқтырып алса;
-пациент ауруханаға түсіп жұқтырса;
-ауруханадан шыққан соң бір ай ішінде инфекциялық аурумен ауырса.
АІИ-ның пайда болу және таралу себептері:

  1. Антибиотиктерді және химиопрепараттарды бақылауысыз қабылдау, бұл кезде дәрілерге төзімді микроорганизмдер қалыптасады.

  2. Пациенттер арасында жұқпа дамуының «қауіп топтарының» көбеюі:

  1. Медициналық көмек көрсетумен байланысты болған факторлар:

  • диагностика және емдеу үшін күрделі техниканы қолдану;

  • стационарда санитарлық –гигиеналық және эпидемияға қарсы тәртіп бұзылулары.

  1. Әлеуметтік- субъективты себептер: бөлімшеде медицина қызметкерлерінің эпидемиялық жағдайды білмеуі; медицина қызметкерлерінің санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды дұрыс орындамау т.б.

Таралу механизмі:
1.Қарым-қатынастық - қоздырғыш шырыш-ты қабатқа немесе микрожарақаты бар теріге түскенде жұғады
2.Артифициалды (жасанды) механизм - қарым-қатынасты механизмінің нұсқасы болып табылады, бірақ жұғу табиғи ортада жүрмейді
3.Аэрозолды- қоздырғышты тарату қоздырғышпен дем алу арқылы жүзеге асуы мүмкін
4.Нәжіспен-ауыз арқылы - пациенттің іщегінен шыққан жұқ-паның басқа адамға ауыз арқылы (ластан-ған қол, су, топырақ, тағамдық заттар арқылы) жұғуы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет