Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп Бағасы келiсiмдi Абай аудандық қоғамдық-саяси апталық газетi


 наурыз  күні Қарауыл ауылында Абай аудандық жұмыспен қамту



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата05.02.2017
өлшемі34,68 Mb.
#3449
1   2   3   4   5

 18 наурыз  күні Қарауыл ауылында Абай аудандық жұмыспен қамту

және  әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімінің    «Үйде    арнаулы  әлеуметтік

қызметтер  көрсету  бөлімшесінің  ұйымдастыруымен      «Жаса  ,  Наурыз

дәстүрлі  !  »  атты  ертеңгілік  өтті.

Бөлімше меңгерушісі  Венера Бейсенғазықызы жиналған қауымды наурыз

мейрамымен құттықтады. Ертеңгілікке ерекше мұқтаждығы бар балалармен ата-

аналар және «Нұр-сана» салт дәстүр орталыығының мүшелері   қатысты.

Мереке барысында  Слямжанова Елдана «Наурыз көктем», «Көктем келді»

әндерін орындап кештің шымылдығын ашты. Ысқақ Совет атамыз Қызыр ата

болып  келіп,  балаларға  ақ  батасын  берсе,  ал  «Нұр-  сана  »  салт  –дәстүр

орталығының апалары  қазақтың  «Аластау»,  «Көрісу» рәсімін көпшілікке тарту

етті.  Балалар қазақтың ұлттық ойындары «Асық», «орамал тастамақ»    ойындарын

ойнап мәз –мейрам болды.

Бұл мерекеге балалар ерекше ат салысып, би билеп, ән салып  өз өнерлерін

барынша ортаға салды.

Қанағатова Айымгүл,  Мұратқызы Зәбира ,  Байжанова Меруерт  би билеп өз

өнерін көрсетіп. Дәуленов Роллан мен ұстазы Әбеуова Амангүл   «Туған жер»,

«Шақырады көктем», әлеуметтік қызметкер  Мейрамбеков Сырым «Жүрегімде»

әнін  шырқап көптің көңілін көтерді.

Ертеңгілік  соңында  жиналған  қауым  наурыз  көже  ішіп,    бір-бірлеріне  ақ

тілектерін білдіріп,   мерекелік дастархан   басында бас қосты.

Ертеңгілік соңынан естелікке суретке түсті.

Әлеуметтік бөлімше

Ұлыстың ұлы күнін Құндызды ауылының тұрғындары керемет көңіл- күймен

ұйымдастырып, атап өтті. Мерекелік іс - шараның басы тай жарысымен басталды.

Тай  жарысында  І  -  орынды  Д.Молдахметов,  ІІ  -  орынды  Б.Қоңыртаев,  ІІІ  -

орынды Ж.Садықовтың тайлары оза шауып ауыл әкімі Тілек Үркімбаевтың арнайы

дипломы мен ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.

Мерекелік концерттік бағдарламаның басында ауыл әкімі Т.Үркімбаев, ақсақалдар

алқасының төрағасы Қ.Тайтолеуов сөз алып, ауылымыздың 90 жастағы қариясы

Исаев Абай атамыз наурызға арналған ақ батасын беріп, соңы ән- бимен ұласты.

Сонымен қатар қазақтың ұлттық спорттық ойындары арқан тарту, әйелдер мен ерлер

арасында қол күресі, жастар арасында кір тасын көтеруден жарыс ұйымдастырылды.

Қол күресінен ерлер арасында І - орын Қ.Жаукенов, ІІ - орын М.Ақбердинов, ІІІ-

орынды Б. Сайлаубекұлы, әйелдер арасында І - орынды Г.Сыдықова, ІІ - орынды

Ә.Гайвель, ІІІ- орынды Б.Сағынбаева алып арнайы сыйлықтар табысталды. Арқан

тартысуда 80 жылғы туылған азаматтар ешкімге шаң жуытпады. Кір тасын көтеруде

ауыл азаматы А.Енсебаевтың арнайы жүлдесін М.Нұғымаров жеңіп алды. Мектеп

спортзалында ерлер арасында волейболдан да жарыс ұйымдастырылды.

Қазақ  үйде  арнайы  дастархан жасалып,  ауыл  тұрғындарына  наурыз  көже

таратылды.

Бақытжан Сыдықова,

Құндызды ауылдық округі әкімі

Аппаратының жастар ісі маманы

Ата-баба  дәстүрі

Әз Наурыз қарсаңындағы ізгілік

пен жаңару - қауышу күнінен бастау

алады. Күн мен түн теңелер сәтке

бір апта қалғанда қар көбесі сөгіліп,

сай-салаға келген жылымық леппен

бірге  қауышу  күні  (еліміздің

Батысында көрісу күні) де жетеді.

Бұл күні жасы кішілер үлкендердің

үйін аралап, амандық сұрасып, қол

алысып,  төс  қағысып,  көктемге

есендікте жеткендері үшін көріседі.

Бұл - халық дәстүрінде тоғыз күн

тойланатын наурызнама күндерінің

басты нышаны.

Наурыз 


айының 

14-ші


жұлдызынан  жылдағыдай  аталар

дәстүріне  сай  көрісу  салты

басталды. Көнекөз қариялар мұның

мәнісін әр айдың бірінші күні ескіше

күнтізбе  бойынша  осы  күні

басталатындықтан, наурыздың 14-і

жыл 

басы 


екендігімен

байланыстырады.  Қыс  бойы  бір-

бірінің амандық-саулығын сұрасуға

мүмкіндігі болмаған халық көктем

түсіп, қар ери бастағанда бір-бірінің

жағдайын  біліп,  арқа-жарқа

қуанышқа  кенелген.  Қол  ұсынып

көрісу «алақаным ашық, қолымда

қаруым  жоқ»  деген  мағынаны

білдіреді.  Ал  төс  қағыстыру,

«тіршілігімнің  негізі-жүрегім  сен

үшін адал» дегенге саяды. Яғни, бұл

дәстүрден үлкенге ізет, кішіге қамқор

көңілдің риясыз тағылымы сезіледі.

Атадан қалған бұл салт-дәстүрдің

тәрбиелік  мәні  зор.  Бұл  арқылы

кішінің  үлкенге  сыйластығы,

ағайынның 

ауызбіршілігі

дәріптеледі. Осы дәстүр ертеректе

бір  ауыл  екінші  ауылға  қатынай

алмаған кездерде пайда болса керек.

Жолға  шығуға  қауіпті  қыстың

боранды күндері туған-туысқанның

жақсылық-жамандығынан бейхабар

қалатын да жағдайлар кездескен. Жер

дегдіп, күн жыли бастағаннан жан-

жақтағы  тума-туыс,  тамыр-

таныстар  бір-біріне  жетуге,

көрісуге  ұмтылған.  Наурыз

өлеңіндегі:

Ұлыс күні кәрі-жас,

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өріскен

Шалдар бата беріскен,

Сақтай гөр деп терістен, - деген

шумақтарда терең мән бар сияқты.

Жыл  сайынғы  игі  дәстүр

бойынша  ауданымыздағы  «Нұр

сана» салт-дәстүр орталығының ақ

кимешекті әжелері осынау Қауышу

күнін  ұдайы  қарсы  алып    келеді.

Көктеммен бірге көңілдері жаңарған

ардақты  аналар  бұл  күні  мол

дастархан жайып,  амандық сұрай

келген  көпшілікке 

ұлттық


тағамдарымыздан  дәм  татқызды.

Қуанышқа  ортақтаса  келген

ауданның  ішкі  саясат  бөлімі

басшысының  міндетін  атқарушы

Ұлан 

Сағадиев, 



әділет

басқармасының бастығы  Ақсұңқар

Махметов,  шаштараз  Мәриям

Көпбаева және «Абай елі» газетінің

бас редакторы міндетін атқарушы

Нұржан Байтөс сынды  қадірменді

меймандардың  ізгі  лебіздері  мен

ақжарма    тілектерін  тыңдады.  Әз

аналар да аналық ақ тілектері мен

баталарын арнап, Наурыз мерекесін

ойдағыдай қарсы алуға нәсіп етсін

деген ниеттерін жеткізді.

Елді 

береке-бірлік 



пен

ынтымаққа  шақыратын бұл    ізгі

дәстүрді  Наурыз  мейрамының

беташары  десе  де  болады.

Тәрбиелік,  әлеуметтік,  эстети-

калық  маңызы зор бұл ғұрыпты

жыл  сайын  жаңғыртып,  кейінгі

ұрпаққа  өнеге  етіп  келе  жатқан

«Нұр 

Сана» 


салт-дәстүр

орталығының әжелеріне ризашы-

лығымыз шексіз.

Әз  әжелер  осылайша  әз

Наурызға  дайындықты апта бұрын

бастап  та жіберіпті.  Төлеуғайша

Қойбасарованың  ісмер  қолынан

шыққан  тайқазан  бұл  күні

молшылық  пен  тоқшылықтың

белгісі ретінде ақ тілеумен төрден

орын алды.

Ақтың  молаятын,  жарықтың

ұзаратын,  нұрдың  молығатын,

тіршіліктің  жаңаратын,  өмірдің

жаңғыратын,  пейілдің  түзелетін,

көңілдің  кеңитін  кезеңі  -  келе

жатқан Наурыз мейрамы баршаңыз

үшін құтты болсын!



Анар СӘРСЕНБИНА,

«Абай елі»

Әз Наурыз нақыштары

Наурыз мерекесі  халқымыз үшін

–  бірліктің,  еңбектің,  жаңару  мен

бақыттың 

бастауы 

ретінде

тойлануда. Сондықтан да болар, бұл

күні  шаттанбайтын,  мейірленбейтін

жан  болмайды.  Бұл  күні тілек тілеу,

құттықтау,  кешірім  жасау,  табысу

сынды  адамгершілік  қасиеттер

кеңінен  көрініс  тауып,  ұрпақ  үшін

нағыз  өнегенің  көзіне  айналады.

Ұлтты  ұйытуда  берер  тағылымы

мол осынау асыл мерекені халқымыз

сол  себепті  де  «Ұлыстың  ұлы  күні»

деп  атаған.

Ауданымыздағы көп балалы

және  тұрмысы  төмен  отбасы

балаларына арналған интернат

жыл сайын Наурыз мерекесін

жоғары деңгейде айрықша атап

өтіп келеді. Жуырда мекемеде

бабалардан  мұра  болып  келе

жатқан салт-дәстүр мен Наурыз

мейрамының мәнін түсіндіру,

халқымыздың  әдет-ғұрпын

құрметтеу,  имандылыққа,

инабаттылыққа,  достыққа,

ұлтжандылыққа  тәрбиелеу

мақсатында  «Нұр  себеле,

Ұлыстың  ұлы  күні!»  атты

мерекелік  кеш  болып  өтті.

Интернаттың кең залы әсем безендіріліп,

төрге  ұлттық  нақыштағы  қазақ  үй,

алтыбақан,  нақыл  сөздер  жазылған

плакаттар,  гүлдер мен шарлар  ілініпті.

Қатысушы  балғындардың  да  ынтасы

жоғары. Интернат тәрбиеленушілерінің

шетінен  білімді, өнерлері өрге жүзген,

өнегелі өскелең ұрпақ екендігін аңдадық.

Тіпті,  арнайы    музыкалық  аппаратура,

микрафонсыз-ақ  өрендер  өз  өнерлерін

ортаға салды.

Тартымды кешті жүргізушілер  Ерланов

Ерсін мен Берікқазиева Индира  өте мәнді

етіп, өз деңгейінде жүргізе білді. Ең алдымен

көпшілік алдына интернат ақындары шықты.

Айтыс  көрігін  қыздырған    11-сынып

оқушылары    Еркінұлы  Қуаныш  пен

Қадылбек Нардос интернат өмірін, ұлылар

елінің айтулы тұлғаларын жырға қосып, зор

қошеметке  ие  болды.  Сондай-ақ,

тәрбиеленушілер  Индира  Сәметова

«Наурыз»  әнін,  Асқарқызы  Жазира

«Көкорай көктем»  әнін  нақышына келтіре

шырқаса,  Абайдың «Көзімнің  қарасы»

шығармасын қыл қобызбен жүрек тебіренте

орындаған  Қайсаханова  Сауық,  «Ақ

жайнақ» әнін тамылжытқан  Мұратова

Аяулым, Тоқтарбеков Бекзат, Еркінқызы

Айдананың өнерлері де көрерменге ұзақ

қол соқтырды. Мұнымен қатар  кішкентай

бүлдіршіндердің   «Бәйшешек» биі мен

«Қаражорға» билері де жарасымды  шықты.

Халқымыздың 

ертеден 

жеткен


мифологиялық  аңыздары  бойынша

наурыздың 21-нен 22-сіне қараған түн –

Қызыр түні. Ол түні сағат үштен бастап әр

шаңырақты Қызыр ата аралайды. Жаңа

күннің сәулесі үйге түскенде «жалғыз сәуле

шала болмас» деп қос шырақ жағылып

қойылады. Ортаға  Қыдыр Ата – Еркінұлы

Қуаныш,  Күн-Ана  –  Қуанышбекқызы

Дариға, Көктем Ару – Мұратова Аяулым,

Наурыз батыр (қой) – Тоқтарбеков Бекзат

кейіпкерлер шақырылды.  Сонымен қатар

«ұлттық дәстүр мен ұлттық ойындарды, ән-

жырды  ел  есіне  түсіріп,  жас  ұрпаққа

таныстырып жүрміз» деген Алдар көсе –

Нұрланбекұлы Наурызбек пен Тазша бала

– Ерболұлы Қайратты да балалар құшақ

жая қарсы алады. Барлығы Наурыз тойына

арнап жырдан маржан шашып, сахналық

көрініс көрсетті. Олардың қатарында  бай –

Мұратұлы  Еркебұлан,  Шығай  бай  –

Тоқтарбеков Бекзат, Бізбике – Саметова

Индира, әженің рөлінде   –  Ерболқызы

Арайлым да бар.

Осыдан соң қос білектің күшін сынауға

арналған  «Бүркіт»  деп  аталатын  ойын

ойналды.  Ойнаушылар жүресінен отырып,

екі аяғының аралығынан екі қолын жерге

тіреп,  еңкейіп  жердегі  орамалды

түйіншегінен тістеп аузымен іліп алудан

өзара  сынға  түсті.  Сондай-ақ,  ақ  әже

елімізге жақсылық тілеп, жамандықтан

аластап,  жеті  шырақ  жағып  «Алас»

дәстүрін жасады. Осылайша, мереке мәнін

тереңірек қамтыған балғындар «Наурыз

мейрамы – өте ерте заманнан бері Шығыс

халықтары  тойлап келе жатқан мереке

екендігіне де тоқталды. Ол парсылардың

«Нау-рыз»  -  «Жаңа  күн»  деген  сөзінен

шыққан. Күн мен түн теңелген, мал төлдеп,

жұттың  аузы аққа тиген, жер бусанып,

малдың аузы көкке тиген ырыстың басын

қазақ елі «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды

екен. Иә, Наурыз мерекесінің танымдық

мәні мол, жұмбақ сырлы өзіндік рәсімдері

мен шартты талаптары баршылық. Соның

бірі  Наурызнамада  дайындалатын  –

«Наурыз көже» ыстық асы. Бұл ретте  жеті

түрлі ас-дәмінің ерекшелігіне сай киінген

қыздар «Наурыз көженің» маңыздылығын

айшықтап берді.

Бұдан соң  жайылған мол дастархан

басына жайғасқан  Наурыз мейрамының

қонақтары әзілдесіп дәм татып, Боранбаева

Дананың  «Аспаным»,    Саметова

Индираның «Тойға тілек» әндерін тыңдап,

Қызыр бабаның  ақ  батасына «Әумин!»

деп қол жайды.

Мерекелік кеш соңы көпшілік дауыста

«Қош келдің, жаңа жыл!» әнін шырқаумен

тәмамдалды.  Кешті  қорытындылаған

интернат  меңгерушісі    Бозанбаева

Бахытжамал  Мұсабекқызы  жиналған

көпшілікті,  балаларды    Ұлыстың  ұлы

күнімен  құттықтап,    мерекелік  кешті

өткізудегі  тәрбиеленушілер  мен

тәрбиешілердің еңбегіне алғысын жеткізді.

Расында да,  алақандай алпыс баласы бар

интернатта осындай шараның  кең көлемде,

мағыналы өтуіне  ұжымның үлесі зор.  Осы

орайда,  әдіскер  Мысырова  Шынар,

тәрбиешілер Кокабаева Әмина,  Рысбекова

Ардақ,    Ибраева  Дидар,  Бозанбаева

Шынар,  Төлеуғалиева Әйгерім, көмекші

тәрбиешілер  Әбеуова  Нұржамал,

Оразбаева Әлия, Молдабаева Гүлжанат

және  Қойлыбаева Шолпандардың  берекелі

істерін баса айтқанымыз жөн.

Бұл кешті өткізудегі тағы бір мақсат -

заман  өзгерсе  де  ұлттық  салт-

дәстүріміздің  көнермейтіндігін  еске

салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту

болатын.  Оқушылар  ынта-ықыласына

қарап, белсенділіктерін көріп, ұстаздар

қауымының  бұл  мақсатқа  қол

жеткізгендіктеріне куә болдық. Иә, салтын

сүйген  әрбір жас  ұрпақтың  болашақта

халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін,

тілінің,  салт-дәстүрінің  жанашыры

болатыны хақ!

Анар ҚАБДІЛДА,

«Абай елі»

16-22  наурыз  2015  жыл

PDF 


создан

 

с



 

пробной


 

версией


 pdfFactory Pro 

www.pdffactory.com



16-22  наурыз  2015  жыл

Ұлттық тағамдар

фестивалінде

Қазақ ежелден ас мәзіріне ерекше

мән 

беріп, 


төл 

тағамдарын

дастарханынан  түсірмеген  халық

екендігі  белгілі.  Бүгінде  сол  ұлттық

тағамдарымыздың бірқатарының ұмыт

қалып  бара  жатқаны  жасырын  емес.

Биылғы төл мерекеге жаңашыл нышан

беруді қалаған аудан әкімі Тұрсынғазы

Жанқұяқұлының бастамасымен игілікті

шара қолға алынды. Яғни, дәл осынау

күні ұлттық тағамдар фестивалі өтті.

Наурыз мерекесінің өзі тоқшылық пен

молшылықтың символы һәм бабалардан

қалған  мәдени  мұра  екені  белгілі.

Ендеше  қазақы  дәм  байқауы  орайы

келген оңды шара екені даусыз.

Биыл  алғаш  рет  қолға  алынған

фестивальда  әр  ауылдық  округтен

келген шебер аспазшы аналар ұлттық

тағам 


түрлерінен 

көрме


ұйымдастырды. Заманында қазақы

қонақжайлылықтың  кепілі

болған, дәмі тіл үйірер ас-ауқат

түрлерін қазылар алқасы  таным

тезінен, сын сүзгісінен өткізді.

Бұл  ерекше  көрмеге  9

ауылдық округ түгел қатысып,

ұлттық  тағамдарын,  бүгінгі

дастарханымыздан жоғалып

бара  жатқан  көне  ас

мәзірлерін  әзірлеп  әкеліпті.

Ұлыс  мерекесінде  ұлттық

құндылықты  ұлықтаған

шараны тамашалаушылар да

мол    болды.    Байқаудың

мақсаты да сол – баба қазақтың

кешегі  дәм-тұзының  сипатымен

таныстыру, халқымыздың ежелден

қалыптасқан  дастархан  мәдениетін

дәріптеу болатын.

  Ұмытылып  бара  жатқан  төл

тағамдарымызды  насихаттауда  төрт

түліктің еті мен сүтінен дайындалатын

таңсық тағамдарды алып келген Архат,

Қарауыл, Құндызды және Саржал сынды

ауылдардың  ас  әзірлеуші  аналарын

ерекше атауға болады.

Байқау 


шарты 

бойынша


қатысушылар  дастарханға  қойылған

тағамдардың аты мен жасалу тәртібімен

таныстырып, арнайы буклеттер әзірлеуі

тиіс болатын. Қазақтың «ас атасы нан»

деген аталы сөзін арқау еткен аспаздар

бидай,  тары  дәндерінен  бастап  ұн

өнімінен дайындалатын таба нан, майға

қыздырылатын бауырсақ тағамдарын да

пісіріпті.  Бұнан  өзге  сүт  өнімдерінің

алуан 


түрін 

дайындаған

тоқтамыстықтар мен түйенің шұбаты

мен  етін  ұсынған  қасқабұлақтықтар

көрмесі  де  мақтауға  тұрарлық.  Ал,

Архат  ауылынан  келген  Мұсағали

Жұлдыз  жылқының  жүрегінен

әзірленетін әсіп атты тағам мен жаңа

төлдеген сиыр сүтінен дайындалатын

уыз  және  жылқы  етінің  орамасын

көрмеге  ұсынса,  Қарауыл  ауылының

аспазы  Динагүл  Жолдыбайқызы

үлпілдек, қолкесер сынды көп әзірлене

бермейтін  ұлттық  тағам  түрлерін

дайындапты.

Ата-бабаларымыз  ауқат  ішер  аяқ-

табаққа да ерекше талғаммен қараған.

Астың тазалығы мен тағамның қасиеті

ыдысында  деп  білген.  Осыған  орай,

қазақы салтты ескерген қатысушылар

көрмеге  қойылған  тағамдарын  оюлы

ағаш ыдыс-аяқтарға сәндеп салып, талап

үдесінен шығып жатты.

Халқымыз «Жеткен де бар, жетпеген

де бар» деп жыл басында бір-бірімен

төс қағыстырып амандасып, қауышып,

молшылық, береке-бірлік тілескен.  Иә,

молшылық  пен  тоқшылық  әр  қазақ

жанұясының  айтар  тілегі.  Алғаш  рет

өткізіліп  отырған  «Ұлттық  ет-сүт

өнімдері  тағамдарының»  фестивалі

бойынша  берекелі қазақ дастарханының

тағамдары  сараптамадан  өтіп,

қорытындысы да жария етілді. Сахна

төріне  көтерілген  аудан  басшысы

Тұрсынғазы  Мүсәпірбеков  пен  «Нұр

Сана»  салт-дәстүр  орталығының

төрайымы Қанша Нұрғалиева, ауданның

ішкі  саясат  бөлімінің  басшысының

міндетін  атқарушы  Ұлан  Сағадиев,

Жастар  орталығының  директоры

Мейіржан Смағұлов салтанатты түрде

жүлделі  орындарды  табыстап,

марапаттады. Сөйтіп, жүлделі І- орынды

тағамның он тоғыз түрін жасап әкелген

Архат  ауылының  шебер  аспазы

Мұсағали Жұлдыз иеленсе, ІІ- орынды

Қарауыл 


ауылынан 

Динагүл


Жолдыбайқызы жеңіп алды. Ал, 18 түрлі

тағам  түрін  дайындаған  Құндызды

ауылының тұрғыны Әмірова Қарлығаш,

Рысбек  келіні  Салтанат  ІІІ-  орынға

ұсынылса, осы орынды теңдей бөліскен

Саржал  ауылының  келіні  Айгүл

Есенғарина қазыларды шымшымасымен

тәнті  етіпті.  Өзге  ауылдар  да

ынталандыру  сыйлықтарымен  қатар

арнайы дипломдармен марапатталды.



Ізгі тілектер тоғысы

Қайта қауышқалы ширек ғасыр өткен

Әз Наурыз Абай елінде биыл да  айдың

21-і  жұлдызында  зор  салтанат,  мол

нақышпен, көл-көсір дастарханмен атап

өтілді. Айналаға қаз-қатар  қазақ үйлер

тігіліп, қазанда буы бұрқырап  қайнап

жатқан Наурыз көже де

жарасымдылық тауыпты. Бір

бұрышта  «Ұлттық  тағамдар

фестивалі»  өтіп  жатса,  оң  қапталда

көкөніс жәрмеңкесі тұтынушыларға мол

өнім  ұсынды.  Сәске  әлетінде

Қарауылдың  орталығындағы  «Аға

сұлтан» 

алаңына 


жиналған

абайлықтарға ұлттық киім киген төрт

жігіт  тойдың  басталғанын  айтып

айналаға  жар  салды.  Жаршылардың

асқақ  та  салтанатты  үнімен  астасып,

жүргізушілердің  дауыстары  да

саңқылдап сала берді. Ортада құрылған

алтыбақан  маңында  қыз-жігіттердің

сыңғырлаған  күлкісі  шолпының

сылдырымен үйлесім тапқандай еді.

Алаңдағы алқалы қауымға бишілер

шашу  шашты.  Ал,  молшылық  пен

берекенің  белгісі,  тоқшылықтың

символы  саналатын    тайқазанның

ортадан ойып орын алғанын көпшілік

жақсы ырымға балап жатты. «Наурыз

көктем», «Ой жайлау», «Самарқанның

көк тасы»  әндері шырқалып, Қызыр ата

мен Ұмай ана ақ жарма лебіздерін паш

етті.  Ақ  сақалы  беліне  түскен,  қас-

кірпігін қырау басқан Қыдыр ата ортаға

келіп,  көпшіліктің  қуанышына

ортақтасты. Халық алдында қол

жайып, хақ тағаладан тілеп, ақ

басын  берді.  Тілек-дұғаға

алаңға жиналған көпшілік

те  қол  жайысып,  бет

сипасты.


Осыдан соң жылдағы

дәстүрге 

сай

«Армысың 



әз-

Наурыз» 


атты

театрландарылған

көріністер  шеруі

басталды. Айта кету

керек, 

Наурыз


тойының  нақышын

кіргізіп, нағыз ұлттық

мейрам 

ретінде


көпшілікті  мерекелік

сезімге бөлейтін сәт дәл

осы  салтанатты  шеру!

Абайлық  көпшіліктің

тамашалауға асыққан мезеті

де осы болатын. Алқалы топты

қақ  жарып,  ақ  кимешектері

алыстан  көз  тартып,  ең  алдымен

мерекелік салтанатты шеруді бастаған

«Нұр  Сана»  салт-дәстүр    орталығы

әжелері аталарымыздың ажырамас салты

болған  аластау  рәсімін  жасады.

«Халқымызды  сұқ  көзден  сақтасын!»

Пәле-жала  жерге  енсін,  өткен

күндердегі ауырлық, реніш, сырқат бәрі

ескі  жылда,  басқан  ізде,  жанған  отта

қалсын! Жаңа жылда көңілдегі көркем

ой, асыл арман, ақ тілектеріңіз қабыл

болсын!-деп асқақ үнмен саңқылдаған

жүргізушілер үні ақ тілекке толы әжелер

дауысымен астасты.

Мереке 


ыстық 

ілтипатты

құттықтауларсыз болмайтыны белгілі.

Алаңдағы көпшілік  алдында аудан әкімі

Тұрсынғазы Жантұяқұлы құттықтау сөз

сөйледі.


– Құрметті жерлестер! Ұлыстың ұлы

күні - Наурыз мерекесімен баршаңызды

құттықтаймын.  Наурыз - көктем мен

жаңаруды  айшықтайтын мерейі тасыған

ұлы мереке.  Табиғат жаңаруының,  ақ

Аудан орталығындағы Наурыз тойы

Қар көбесі сөгіліп, айналаға күн нұры төгіліп, жер Ана бусанып,

жылғалардан  су  ағып,    дала  төсі  қайта  түлейтін  көктемнің  ең  бір

ғажап    мейрамы  -  Наурыз  мерекесі  екені  хақ.  Бұл  шақта  адамзат

баласының  аузы  аққа  тиіп,  мол  ырысқа  кенеліп,  дастархандарын

дәмге  толтырады.  Ізгі  қасиеттердің  барлығы  осынау  сәтте  қайта

оянып, жамағат араздықты ұмытып, ағайын-туыс, көрші -қолаңмен

қауышып, үлкенді- кішілер жыл басын жайдары көңіл-күймен қарсы

алу дәстүрге айналған. Түбі бір түркі халықтарын ұлан-асыр тойға

бөлейтін  ұлыстың  Ұлы  күні  күн  мен  түннің  теңесуімен  де  ерекше

маңызға ие.

Әр ауыл мен мекемелер  тіккен  ақшаңқан киіз үйлер бұл жолы да

жарасым  тауып,  көз  тартады.  Ашық  аспан  астында  күн  шуағына

мейірленген аудан жұртшылығы да жайдары жүзбен амандық-саулық

сұрасып, жер аяғы кеңіген мезгілде құшақ түйістіріп, бір-бірлерімен



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет