АҢдатпа 6-бет 5-бет



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата24.03.2017
өлшемі4,28 Mb.
#10358
  1   2   3   4   5   6

АҢДАТПА

6-бет

5-бет

(Соңы 3-бетте)

№4 (2929) 17 қаңтар 2017

www.zanmedia.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@mail.ru

«АТА-АНА МЕН МҰҒАЛІМДІ 

БАЛАНЫҢ БАҒАСЫ ҒАНА 

ОЙЛАНДЫРАДЫ»

САЛЫҚ САЛАСЫНДА ҚИЮЫ 

КЕЛМЕЙ ТҰРҒАН ІС КӨП

Сұхбат

(Соңы 8-бетте)

Баспасөз — 2017

Құрметті оқырман!



«Заң газеті» және «Юридическая 

газета»«Заң», «Фемида» 

басылым дарына жазылу жалғасып 

жатқанын естеріңізге салғымыз келеді. 

Төл басылым да рыңыздан 

қол үзіп қалмаңыздар!

жеке тұлғалар үшін – 65921

заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928

заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті» 

«Заң» журналы – 75849

«Фемида» – 75858

«Юридическая газета»

Жазылу индекстері:

zanreklama@mail.ru

Біздің басылымдарға

«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері

«Қазпресс» ЖШС дүң гір шек тері 

және Алматы қаласын дағы «Дауыс» 

жүйесі ар қы лы жазы лу ла ры ңызға 

болады.


(Соңы 2-бетте)

Арқалықтағы тентек атау­

лыны тезге түсіріп, тәу бесіне 

келтіретін атышулы түрмені 

басқарып, еліміздегі өмірлік 

жазаға тар тыл ғандар жазасын 

өтейтін Қостанайдағы жалғыз 

түзеу меке месіндегі жұмыс­

ты  жолға  қойған  Дархан 

Белгібаевтың жас шамасына 

қарап отырып, оның осындай 

жауапты сатылардан өткеніне 

таңданасың. Қазір ол Қыл­

мыстық  атқару  жүйесінің 

Алматы  қаласы  бойынша 

депар таменті  бастығының 

орын басары.

Қазақстанның  «жігіт  жасына»  (25-ке)  толғаны  кеше  ғана.  Тәуел-

сіздігіне  енді  ғана  ширек  ғасыр  болған  жас  мемлекеттің  алдында 

тұрған міндеттер көп. Ең әуелгісі, қоғамның тұтастығын қалыптастыру 

және сақтау, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, түрлі салаларды 

түлету секілді шаш етектен келетін шаруаның бәрі мемлекеттің ішкі 

мәселелері. Алайда, солардың тетігін табамын деп жүргенде сыншы 

болып келетін сырт көз бар екенін де естен шығармаған жөн. Елдің 

жыртығы «бүтінделе жатар». Ең бастысы, дос бар, дұшпан бар, өзгенің 

алдында ұятқа қалмауымыз қажет-ақ. Өйткені, әлемдік қауымдастықта 

«СОТТАЛҒАНДАРДЫ 

ҚАТАРҒА ҚОСУ 

КЕШЕНДІ ТӘРБИЕНІ 

ҚАЖЕТ ЕТЕДІ» 

Ақпарат


Бүгінгінің бас тақырыбы

Жиын


К

еше Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәми мен Бас прокурор Жақып Асанов 

«Заңдылық»  атты  сот  пен  прокуратураның  ақпараттық-талдамалық  жүйесі 

жоба сының  таныстырылымына  қатысты.  Кездесуге  Қазақстандағы  қыл-

мыстық сот төрелігін жетілдіру жөніндегі Еуропалық одақ жобасының өкілдері, 

бейнебайланыс арқылы өңірлік судьялар мен прокурорлар қатысты.

өмір сүріп жатқан соң, одан өз орныңды табуың тиіс. Сыртқы имиджіңді 

сүйкімді  етуің  керек.  Мұндайда  таптырмайтын  амалдың  бірі  түрі  – 

халықаралық шаралар өткізу. Қазақстан ол жағынан кенде емес. Оның 

ішінде спорттық сайыстар ұйымдастырудан да. Бірнеше жыл бұрын 

қысқы  Азиада  ойындарын  өткізген  Алматы  қаласының  енді  28-ші 

Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы атқаруға жанталасып дайындалып 

жатқаны соның дәлелі.

Дархан БЕЛГІБАЕВ, 

Қылмыстық атқару 

жүйесінің Алматы қаласы 

бойынша департаменті 

бастығының орынбасары, 

әділет подполковнигі:

Мемлекет басшысы іскер 

топтар өкілдерімен кездесті

Мемлекет  басшысы  Араб  Әмірліктеріне 

ресми сапары барысында елдің іскер топтары 

өкілдерімен,  яғни,  әлемдік  деңгейде  жұмыс 

жүр гізе тін жетекші компания басшыларымен 

кездесті. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім 

етті.  Кездесу  барысында  Елбасы  Біріккен  Араб 

Әмірліктері Қазақстанның Таяу Шығыс аумағындағы 

негізгі серіктесінің бірі екенін атап,  тәуелсіздік 

алғалы бері елімізге Біріккен Араб Әмірліктерінен 

келген  тікелей  инвестиция  көлемі  2  миллиард 

долларға  жуықтағанын  айтты.  Сонымен  бірге 

Президент: «Қазақстанда әмірліктер капиталының 

қатысуымен 200-ге жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс 

істейді.  Олар  ауыл  шаруашылығы,  металлургия 

және энергетика салаларын қамтиды. «Мубадала» 

мемлекеттік инвестициялық компаниясымен тығыз 

байланыс орнаған», – деді.  



К.ӘКІМБЕК

Универсиада билеттері 

300 бен 3,5 мың теңге 

аралығында

28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға 

қарсы ең қымбат билеттер студенттер сайысының 

ашылу салтанаты мен мәнерлеп сырғанау сайыс-

тары бойынша сатылған. 

Билеттер құны 300-3,5 мың теңге аралығында 

екенін  Универсиада  дирекциясы  директорының 

орынбасары Камила Лукпанова мәлім еткен. Ал, 

ашылу салтанатына кіру құны 15 мың теңгеге дейін. 

Ең қымбат билет – мәнерлеп сырғанау сайыстарына 

3,5 мың теңге болған. 

Т.СМАҒҰЛ

Қыздарымыз 

6 алтын алды

Сербияда өткен бокстан дәстүрлі Ұлт кубо-

гында Қазақстанның қыздар командасы жалпы 

есепте бірінші орын иеленді. 

Қазақ  қыздары  6  алтын,  2  күміс,  4  қола 

медаль  еншіледі.  Бұл  жайында  ҚазАқпарат  ҚР 

бокс  федерациясына  сілтеме  жасап  хабарлайды. 

Сербия халықаралық турнирінде әлем чемпионы 

Дина Жоламан (54 келі), Валентина Хальзова (69) 

Ләззат Күнгейбаева (+81), Римма Волосенко (60), 

Дариға Шәкімова (75) және Фариза Шолтай (81) 

жеңімпаз  атанды.  Айта  кетерлігі,  бұл  турнирде 

біздің спортшыларымыз қарсыластарынан айқын 

басым түсті. Тіпті, финалдық кездесуде екі Қазақстан 

спортшысының кездескен кездері де болды. Атап 

айтқанда, 54 келіде финалдық кездесуде Жоламан мен 

Тұяқбай, ал, 81 келіге дейін салмақ санатында Шолтай 

мен Маматқұлова алтын медаль үшін айқасты.

ҚазАқпарат 

Кездесуді  аша  келе,  Қайрат 

Мәми сот төрелігін жүзеге асыру 

процесіне  ақпараттық  техно-

логияларды енгізу сот қорғауына 

қолжетімділікті  айтарлықтай 

жеңілдететіндігін,  бірыңғай  сот 

практикасын  қалыптастырып, 

құқықтық  айқындылық  қағида-

тын  қамтамасыз  етуге  ықпал 

ететіндігін  айта  келе:  «Жаңа 

элек тронды  сервистердің  арқа-

сында  біз  азаматтарды  «сот 

сатылары бойынша артық жүру-

ден»  құтқардық.  Өткен  жылы 

«Сот кабинеті» арқылы соттарға 

7 5 6   4 3 5   э л е к т р о н д ы   қ ұ ж а т 

келіп  түсті.  Бүгін  таныстырғалы 

отырған  «Заңдылық»  жүйесі 

қылмыстық  процеске  «ақылды 

технологияларды»  енгізудегі 

кезекті  қадам  болып  табылады. 

Біздің басты мақсатымыз – тұр-

ғындар  үшін  жеңіл  әрі  ыңғайлы 

құралдар құру», – деді. 

Кездесуде  сөйлеген  сөзінде 

Жақып  Асанов  Бас  про кура-

тураның  жаңа  иннова циялық 

әзірленімі  –  «Заңдылық»  ақпа-

рат тық-тал дамалық  жүйесін 

таныс тырды.  Ол  өз  сөзінде  бұл 

жоба  бірыңғай  сот  практикасын 

қалыптастыруға және қылмыстық 

процестің ашық тығын арттыруға, 

судьялар  мен  прокурорларға  

қылмыстық заң нама нормаларын 



ЖАҢА ЖОБА 

ӨМІРГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

қолданудың  дәлдігін  тексеруге 

мүмкіндік бере тіндігін атап өтті.  

– Елу жыл бойы біз космосқа 

ұшып келеміз. Үйлер ұялы теле-

фон арқылы басқарылады. Техно-

ло гиялар барлық жерде – үйде, 

көшеде, көлікте, жұмыста.

Бұның  барлығы  адамдар 

үшін, оларға ыңғайлы болу үшін 

жасалған. Ал, қылмыстық істерді 

әлі күнге дейін қағазда жүргіземіз, 

әлі күнге дейін сиялы қаламмен 

жазып жүрміз деп айтуға болады.

Кибер  дәуірде  азаматтардың 

құқықтарын біздің консервативті 

жұмысымызға  технологияларды 

кеңінен енгізе отырып қорғаудың 

уақыты  жетті.  Бүгін  «Заңдылық» 

ААЖ бұның қолымыздан келетінін 

көрсетті.  Біз  жұмысымызды 

жетілдіре аламыз. Шын мәнінде, 

бір  жағынан,  артық  жұмыстан 

арыламыз. Екінші жағынан, адам 

факторын  жоямыз,  бұл,  әрине, 

маңызды. Енді әрекетті саралауда 

қателесу қиын болады. Практика 

біртекті  болады.  Бұл  жерде 

мақсат  –  IT  технологияның  өзі 

ғана емес, ол мақсатқа жетудің 

құралы  болмақ.  Басты  міндет 

–  азаматтардың  құқықтарын, 

қоғамның  мүдделерін  қорғау, 

еліміздің қауіпсіздігі мен дамуы. 

Түптеп  келгенде,  халықтың 

сенімі,  –  деп  атап  өтті  Бас 

прокурор.



–  Дархан  Азаматұлы,  қазіргі 

лауа зымыңызға  қарап  отырып, 

Алматы қаласының аумағына орна-

ласқан  түзеу  мекемелеріндегі  ең 

маңызды жұмыстардың бірі – күзет 

пен  режим  және  жедел  іздестіру 

саласындағы  жұмыстарға  жауап-

ты  басшы  екеніңізді  байқадық. 

Тәжірибеде осы екі сала ның атқара-

тын қызметі бір-біріне ұқсас бола-

тындықтан,  кейде  олар дың  ара-

сында түрлі келіспеушіліктер болып 

қалады  деген  әңгімелерді  естідік. 

Бұл қаншалықты рас жағдай?

ДОДАНЫ ДОПИНГСІЗ, 

ДАУ-ДАМАЙСЫЗ ӨТКІЗУ СЕРТ

2

№4 (2929) 

17 қаңтар 2017

zangazet@maiI.ru

Дөңгелек үстел

Шара


Меже

Еркін диалог 

алаңында елдік 

тақырыптар сөз болды

Есеп

БАҚ-пен БАЙЛАНЫСТАҒЫ 

БЕЛСЕНДІЛІК ЖОҒАРЫ



ЭКОНОМИКАЛЫҚ СОТ  ЕКІНШІ ТҰҒЫРДА

ҚҰҚЫҚ

Жамбыл  облыстық  сотында  жақында  Ұлт  жоспарының  орындалу  барысы 

таразыланған жиын өтіп, оған Парламент Мәжілісінің Сот-құқықтық реформа 

және заңнама бойынша комитетінің бір топ депутаттары, Жоғарғы Сот судья-

лары, Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Судьялар одағының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында сот жүйесі жұмысының және судьяларды іріктеу жүйесін 

жетілдіру сұрақтары талқыланды. Осы мәселеге орай, Қазақстан Республикасы Судьялар 

одағының төрағасы Мұсабек Әлімбеков, депутаттар Бақытжан Әбдірайым, Әбдіманап 

Бектұрғанов, Евгений Козлов, Фахриддин Қаратаев, Мұхтар Ерман, Шавхат Өтемісов, 

облыс әкімінің орынбасары Бекболат Орынбеков өз пікірін білдірді. Облыс судьялары, 

прокуратура басшылары, әділет басқармасының, адвокаттар алқасының, Қазақстан 

халқы Ассамблеясының өкілдері және медиаторлар қатысқан дөңгелек үстел басында 

жаңа заңнамалар талқыланып, көпшілік көкейінде жүрген таласты сұрақтарға жауап 

алынды. Екіжақты еркін диалог алаңына айналған басқосуда сот-құқықтық реформасы 

талаптарында сот төрелігінің жүзеге асу нәтижелері, азаматтардың конституциялық 

құқықтарын қамтамасыз ету және жүзеге асыру, сондай-ақ, сот-құқықтық реформасын 

жүзеге асыруда прокурор мен адвокат рөліне талдау жасалды.

Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі  

Маңғыстау облыстық сотында 

соттардың  2016  жылдың  12 

айында  БАҚ-пен  бірге  атқарған 

жұмыстарын  талқылау  және 

жаңа  жұмыс  бағытын  айқындау 

мақсатында дөңгелек үстел өтті. 

Шараға облыстық, аудандық және 

оған  теңестірілген  соттардың 

БАҚ-пен байланысын үйлестіруші 

судьялары  мен  ақпараттық  қам-

та масыз  ету  бөлімінің  қызмет-

керлері қатысты. 

Соттардың ашық әрі қолжетімді 

жағдайда  жұмыс  жасауы  ең  алды-

мен Елбасының, содан соң Жоғар-

ғы  Сот  төрағасының  тікелей  наза-

рында.  Маңғыстау  облысының 

соттары  ақпараттық  сүйемелдеу 

жөніндегі  іс-шаралар  жоспарында 

көзделген ұйымдастырушылық және 

ақпараттық-имидждік  жұмыстарды 

жүйелі түрде іске асырып келеді. 

Жиын  барысында  бірінші  сөз 

алған Маңғыстау облыстық сотының 

БАҚ-пен  байланысын  үйлестіруші 

судьясы  Айжан  Молбаева  бүгінде 

жергілікті соттармен ҚР Президенті 

м е н   Ж о ғ а р ғ ы   С о т   т а р а п ы н а н 

берілген  тапсырмалардың  дер 

кезінде  орындалып,  сот  төрелігін 

жүзеге  асыру  сапасының  артуы 

мен сот-құқықтық реформалардың 

маңыздылығын  арттыруда  жүйелі 

жұмыс  жүргізіліп  отырғандығын 

айтты. 


–  Бүгінгі  ақпарат  жеделдігі 

мен  жаңа  технологияның  дамыған 

заманында  сот  төрелігін  атқаруда 

ашықтық  пен  жариялылықты  қам-

тамасыз ету негізгі міндет. Ал, оны 

жүзеге  асыру,  яғни,  ақпаратты 

БАҚ-қа бере білу соттардың ықтия-

рында. Сондықтан, жұмыс нәтижелі 

жүргізілуде. Десе де, сот пен халық 

арасын  байланыстыратын  БАҚ-

пен  жұмыс  жүргізуде  кемшіліктер 

мен  олқылықтардың  да  кездесіп 

жататыны жасырын емес. Осындай 

жайттың  алдын  алу,  қорытынды 

жасап,  келешекке  бағдарымызды 

түзеу  мақсатында  тұрақты  түрде 

бас қосу дәстүрге айналып отыр, – 

деді Айжан Атшыбайқызы. 

Осыдан  кейін  2016  жылдың  12 

айында бұқаралық ақпарат құрал-

дарымен  атқарылған  жұмыстар 

баяндалып,  аудандық  және  оған 

теңестірілген соттардың рейтингісі, 

ақпаратты  дайындау  талаптары, 

оны БАҚ-қа өткізе білу, ақпараттық 

желілер жұмысы туралы мәліметтер 

келтірілді.

Өткен  жылы  облыс  соттары 

республикалық  және  жергілікті 

БАҚ  беттерінде  2871  жарияланым 

жасаған.  Соның  ішінде  мақала 

саны  791,  веб-сайт  ақпараттары 

898,  теле-радио  арналардағы 

жарияланым  225,  БАҚ  өкілдерінің 

сот  қызметі  туралы  ақпараттары 

немесе ғаламтор жарияланымдары 

957.

ҚР Жоғарғы Соты мен Маңғыстау 



облыстық  сотының  интернет-

ресурсы соңғы бес жыл көлемінде 

жұмыс жасап келеді. Сайтқа өңірдегі 

өзекті  деген  ақпараттар  күнделікті 

с а л ы н ы п ,   ж а ң а р т ы л ы п   о т ы р . 

Сайт қа  жарияланған  мақалалар 

арқылы БАҚ өкілдері сот жүйесінің 

жұмысы туралы өзге де ақпараттық 

порталдар  мен  басылым,  теле-

арналарда  ақпараттар  таратуда. 

Сондай-ақ,  сайтта  жарияланған 

ақпарат тар  шұғыл  түрде  Facebook 

ақпараттық желісі арқылы көпші лікке 

ұсынылады.  Осылайша  сот тардың 

жұмыстары барынша ашықтық пен 

жариялылықты қамтамасыз етуде. 

Жиын барысында осы бағыттағы 

жұмыстардың  барлығы  аудандық 

және оған теңестірілген соттардың 

үйлестіруші  судьяларымен  және 

м а м а н д а р ы м е н   қ а д а ғ а л а н ы п , 

дер  кезінде  орындалуы  керектігі 

ескертілді.  Жалпы  жұмыс  бағытын 

жинақтай  келе,  2016  жылы  БАҚ-

пен  бірлестікте  қызмет  атқарған 

Жаңаөзен қаласының әкімшілік соты, 

кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі 

ауданаралық соты және Ақтау қала-

сының мамандандырылған әкімшілік 

сотының  жұмыстары  жоғары  баға-

ланды. Барлық соттарға осы бағыт-

тағы  жұмыстарын  жандандыру 

және  тапсырмаларды  талапқа  сай 

орындау ескертілді. 

Сонымен  қатар,  бұқаралық 

ақпарат  құралдарында  сот  және 

судья  жұмысына  және  беделіне 

нұқсан келтірудің алдын алып, теріс 

пікірлерге  дер  кезінде  ден  қою, 

әлеуметтік желілерде сот жүйесінің 

қызметі  туралы  ақпараттық-түсін-

діру  жұмыстарын  дербес  түрде 

жолға  қою,  соттарда  өткізілетін 

әрбір  шараға  үкіметтік  емес  ұйым 

мен  БАҚ  өкілдерінің  қатысуын 

қамтамасыз  ету,  гендерлік  саясат, 

тіл,  медиация,  құқықтық  бағдар-

лама,  екінші  реформа  бойынша 

жеке-жеке есеп жүргізу мәселелері 

талқыланды.  Шара  барысында  әр 

қатысушы  өз  пікірін  ортаға  салып, 

тәжірибелерімен бөлісті. 



Гауһар НҰРХАНОВА, 

Маңғыстау облыстық сотының 

ақпараттық қамтамасыз ету 

бөлімінің қызметкері

Сапалы қызмет – 

сенім кепілі

Тұрғындарға  сапалы  қызмет  етіп,  құқықтық  сауатын  көтеру,  заңнамаларды  дер 

кезінде  түсіндіріп,  кеңес  беру  әділет  органдары  қызметкерлерінің  тікелей    міндеті. 

«Әділет  кеңес  береді»  деген  акцияны  тұрақты  ұйымдастыруымыз,  үнемі  көпшілік 

арасына шығып түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз сала мен көпшілік арасын жақындата 

түскені  шындық.  Мұндай  дәстүрлі  жүздесулерге  халық  та  үйрене  бастады.  Содан 

болар, қазір көпшілік әділет саласының мамандары жиын өткізеді десе, «Не туралы 

айтады?», «Бұл жиында не мәселе көтеріледі?» деп ойланбайды. Өздерін қызықтырған 

заңнамаларды талқыға салып, жылжымайтын мүлікке, оларды заңдастыруға, құжатын 

дайындауға қатысты сұрақтарына құзырлы орындардан нақты жауап алуға талаптанады. 

Және  көкейінде  жүрген  ұсыныс-пікірлерін  ортаға  салып,  олардың  шешілуіне  әділет 

органдары  қызметкерлерінің  көмектесетініне  сенеді.  Осындай  халықтың  сенімі 

Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге  қабілеттілікті  анықтайтын  рейтингтегі  көрсеткішін 

жақсартуға  септігін тигізді. 

Өз  тәуелсіздігін  алып,  алдағы  күніне  үлкен  жоспар  жасаған  Қазақстанның  қол 

жеткізген  жетістіктері  көз  алдымызда.  Алып  елдің  құрсауынан  шыққанда  бізде  әр 

қадамымызды құқықтық тұрғыдан негіздейтін отандық заң да болған жоқ. Бірақ, бір 

басшыға үміт артып, бір бағытты ұстанған халқымыз бірлігінің, ынтымағының арқасында 

қиындықтарды  жеңіп, биіктерді бағындыра білді. Сол арқылы халықтың ықыласына 

бөленді. Ал, халық үшін қызмет еткен, халықтың көңілін тапқан, елінің сеніміне ие болған 

мемлекеттің қандай бәсекеге де төтеп беретіні даусыз. Біздің ендігі межеміз – әлемнің 

дамыған 30 елінің қатарына қосылу. Бұған дейін біз бәсекеге қабілеттілік жөнінен өз 

нәтижелерімізді жоғарылатқан болатынбыз. Айталық, 2015 жылғы рейтинг нәтижелері 

бойынша Қазақстан өзінің рейтингін 8 тармаққа көтеріп, 4,49 баллмен 42-орын алған 

екен.  Ал,  Дүниежүзілік  экономикалық  форумның  Жаһандық  бәсекеге  қабілеттілік 

индексінде 2015-2016 жылдары бағаланушы елдер саны 140 болғанын ескерсек, 42- 

орынды иелену үлкен еңбек пен ізденістің жемісі екенін бағамдау қиын емес.

К.АХМЕТОВА,

 Алматы қаласы Әділет департаменті жылжымайтын мүліктерге 

құқықтарды тіркеу бөлімінің бас маманы

Қызылорда  облысының  мамандандырылған 

экономикалық соты мешін жылын қорытындылады. 

Сот төрағасы Айбек Дәуренбекұлы БАҚ өкілдеріне 

өткен  жылда  атқарылған  жұмыстар  көрсеткіші 

бойынша  республика  бойынша  екінші  орыннан 

табылғандарын хабарлады.

–  Өткен  жылдың  1  қаңтарынан  бастап  «5  инсти-

туттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты 

қадам»  –  Ұлт  жоспарын  орындаудың  практикалық 

кезеңі  басталды.  Соған  сәйкес,  экономика  мен 

қоғамды  дамытуға  күш  салатын,  құқықтық  орта 

қалып тастыратын 59 заң күшіне енді. Жаңа заңдардың 

тиімділігі, маңыздылығы айқындалып, халықтың сотқа 

деген  сенімділігі  артты.  Мәселен,  өткен  жылы  2015 

жылмен салыстырғанда экономикалық сот 12,3 пайызға 

артық іс қарады, бұл облыс бойынша аяқталған істердің 

17,4  пайызын  құрады.  Тарқатып  айтсақ,  сотқа  өткен 

жылы  4238  талап  арыз,  100  азаматтық  іс  түсті.  40 

арыз  қабылдаудан  бас  тартылса,  135-і  қайтарылды, 

4064 азаматтық іс қозғалды. Қорытындысында 46 сот 

бұйрығы, 3632 шешім шығарылды, – дейді сот төрағасы.

Сондай-ақ,  сот  төрағасы  2016  жылы  сырттай 

шығарылған шешімдер саны азайғандығын, енгізілген 

жаңа  бағдарламалар  тетіктері  сәтті  жүзеге  асқанын, 

бұзылған шешімдер көрсеткіші де төмендегенін айтты. 

Нәтижесінде  облыстың экономикалық соты республика 

бойынша  екінші  тұғырға  жайғасып,  жылды  жақсы 

жетістікпен аяқтауға қол жеткізген.

Нағымжан САУЯЕВ,

«Заң газеті»

ҚЫЗЫЛОРДА

Сот жұмысы 

қорытындыланды



Байзақ  аудандық  сотында  2016  жылдың  12  ай  қорытындысы  бойынша 

баспасөз мәжілісі өткізілді. Шараға сот төрағасы Д.Тасыбаев, соттың кеңсе 

меңгерушісі  А.Узбекова,  Сарыкемер,  Бәйтерек  ауылдық  округтерінің  және 

«Қазақтелеком» АҚ өкілдері қатысты.

Кездесуде сот төрағасы жасалған жұмыстардың статистикалық деректерін көпшілік 

назарына  ұсынды.  Өткен  жылдың  қорытындысы  бойынша  сотпен  1132  азаматтық 

іс қаралып, 700 шешім шығарылған, 8 азаматтық іс бітімгершілік келісіммен бітсе, 

медиация  тәртібімен  106  іс,  3  іс  партисипативтік  келісіммен  қысқартылған.  269 

арыз бойынша сот бұйрығы шығарылған. Сонымен қатар, 155 тұлғаға қатысты 139 

қылмыстық  іс,  633  тұлғаға  қатысты  633  әкімшілік  іс  қаралған.  Қылмыстық  істер 

бойынша  111  тұлғаға  қатысты  97  үкім  шығарылған.  Медиатордың  қатысуымен  28 

қыл мыстық іс қаралғандығы да жиын барысында атап өтілді. 2016 жылдың 12 айында 

сырт тай іс жүргізу тәртібімен істер қаралмаған.

Жиын барысында сот төрағасы қазіргі таңда соттың алдына қойған ең маңызды 

мәселелерінің  бірі  сот  төрелігін  жүзеге  асырудың  сапасын  көтеру  және  істерді 

уақтылы қарау тұрғандығын атап өтті. Шара соңында сот төрағасы қатысушылардың 

сұрақтарына жауап берді



Жамбыл облысы Байзақ аудандық сотының баспасөз қызметі

Бастама


Жиын

«Заңдылық» жобасының мақса-

ты – сотқа дейінгі тергеп-тексерудің 

бірыңғай  тізілімі  мен  сот  органда-

рының  «Төрелік»  ақпараттық-тал-

дамалық  жүйесін  интеграциялау 

есебінен  қылмыстық  процестің 

сапасын арттыру. Зейнетақы төлеу 

жөніндегі  мемлекеттік  орталықты 

қоса алғанда, өзге де базалармен 

интеграциялану  күтілуде,  соның 

нәтижесінде  мүгедектік  туралы, 

полиция  қызметкерлерінің  арнайы 

атақтарының бар-жоқтығы және т.б. 

деректер автоматты түрде берілетін 

болады.  Бағдарламаға  нақты  ке-

зеңге  арналған  барлық  өзгерістер 

мен толықтыруларды қоса алғанда, 

Қылмыстық  кодекс  пен  Қылмы-

стық-процестік  кодекстің  барлық 

нормалары  жүктелетін  болады. 

Жүйе, мәселен, қылмыстық құқық 

бұзушылық  жасалған  күнгі  айлық 

есептік көрсеткішті ескере отырып 

айыппұл мөлшерін, кәмелетке тол-

мағандарға  жаза  тағайындаудың 

ерекшеліктерін  немесе  жазаны 

сіңірудің  дұрыс  тәртібін  анықтай 

алады.

«Заңдылық» жүйесін іске асыру 



қылмыстық сот төрелігінің сапасын 

арттыруға, тиімсіз құжат айналымы 

мен қылмыстық істерді тергеу мен 

сотта қарау барысындағы процеске 

қатысушылардың  заңбұзушылық 

бойынша  шағымдарын  азайтуға 

бағытталған.  

Жоба  бірқатар  ұйымдасты-

рушылық  рәсімдер  аяқталған  соң 

2017  жылдың  шілдесінде  қолда-

нысқа енгізілетін болады.  

Іс-шара  барысында  Жоғарғы 

Соттың  қылмыстық  істер  жөнінде-

гі  сот  алқасының  төрағасы  Абай 

Рахметулин  мен  Бас  прокурордың 

орынбасары  Марат  Ахметжанов 

жоғарыда  аталған  жобаның  тұжы-

рымдамасына қол қойды.

Кездесуді  аяқтай  келе,  Қайрат 

Мәми мен Жақып Асанов құрылғалы 

отырған  сервис  қылмыстық  істер 

бойынша  сот  төрелігін  неғұрлым 

сапалы жүзеге асыруға, сондай-ақ, 

сотқа дейінгі іс жүргізу міндеттерін 

тиімді іске асыруға ықпал ететіндігі-

не сенім білдірді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет