«Қадыр Мырза Әлидің балалар поэзиясында танымдық мәні бар, өмір танытарлық өлең-жырлары»



Дата24.03.2023
өлшемі20,85 Kb.
#75947

Абдижанова Лариса Алипбековна


«Қадыр Мырза Әлидің балалар поэзиясында танымдық мәні бар, өмір танытарлық өлең-жырлары»
Армысыздар, құрметті ұстаздар! Бүгінгі сөзімді К. Ахметованың сөзімен бастағым келіп отыр. «Қадыр Мырза Әли – ұлт ақыны. Қазақ деген тегі мықты, тарихы бай, тағдыры күрделі, түйсігі мың қатпар, қалтарысты, астарлы, тысты, алапат тілді, қабілетті қаһарман, қайсар халықтың тұңғиығына бойлап, кеңдңгңне кепіл боп, бітімімен біте қайнасып, ұлылығы, рухын, ар-ұятын, үмітін барынша әспеттей отырып, кемшінің мінін, қайғысын, сорын азаматтық тұрғыда қазып айта алған, сыншыл да ойшыл ақын. Ұлы ақын.»
Қадыр Ғинаятұлы Мырза Әли, 1935 жылы 5 қаңтарда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. Ақын, Қазақстанның халық жазушысы (1995), ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері.
1970 жылы Қадыр Мырза Әлидің балаларға арналған өлең-жырларының таңдамалысы «Күміс қоңырау» деген атпен жарық көрген. Содан кейін осы атпен 1985 жылы «Шымыр жаңғақ», «Ғаламдағы ғажап» атты жаңа кітаптарынан ашылған өлеңдерімен толықтырылып, ақын таңдамалысы екінші рет басылып шықты.
Ал «Сабақ» деп аталған жинағында тұтас қарағанда ана үлгісі, ата тәрбиесі тәрізді ғибратты сабақ, азамат атануға, адал болуға, еңбекті сүюге, табиғатты анаңдай аялауға шақыратын, көркем сөзбен баурайтын өлеңдері болып табылады. Осы орайда В. Белинский айтқан белгілі қағида бойынша балалар ақыны болып туу керек. Қадыр Мырза Әли – сондай перзент. Оның сондықтан да жүз мыңдаған, бәлки, миллиондаған оқырман, жанашыры, жеткіншегі бар. Сондыұтан Қадыр Мырза Әлидің бар өлеңі ғибрат ала білген балаға ана тілінің ақ уызынан кем түспесі анық.
Ақын Қадыр Мырза Әлидің шығармалары жас ұрпақты тапқырлыққа, аз сөйлеп, көп аңғара білуге, айтылған ойдың астарын түсіне білуге, өзінше ойлай білуге үйретеді. Әбіш Кекілбайдың Қадыр Мырза Әлидің балаларға арналған шығармалары хақында: «Қадыр Мырза Әлидей қадау талантқа ғана айтылар бағаның салмағын ешбір сөзбен жеткізе алмайсың. Балдырған бөбектің тілашар тақпақтары бала көкірегіне ұялаған бала бал сөздердің қорғасыннан құйғандай етіп, дөп түсіп жатқан салмақтысы, оңай айтып, қиынды ұқтырар салмақтысы, тал бойында бір мін жоқ көркемі мен жинақысы Қадыр қаламынан шыққан болып шығары даусыз» деген еді.
Ағартушылық тақырыбындағы өлеңдері.
Ақынның жас өрендері өнер-білімге, оқуға шақыруға арналған өлеңдерінің мән-маңызы өте жоғары болып табылады. Бірінші сентябрь «Әліппе», «Күнделік», «Үйде», «Жыл қорытындысы» атты өлеңдерінің бір сыпырасына тоқталсам. «Бірінші сентябрь» өлеңінің басты кейіакері өзі – бала. Ең бірінші сыныпқа аяқ басқан бүлдіршіннің мектеп жөнінде ойы арқылы басқа да балалардың оқуға жауапкершілікпен қарауын көздейді.
Нағыз білім – ырыс-бақ,
Дүниені тұр ұстап.
Енді біздер сабаққа,
Кіресеміз дұрыстап – деп ант еткендей, енді бірде мұғалімнің ескертпесін баланың өзіне айтқызады.

Тыңдамауға бола ма?


Ескертілді балаға, -
Қоңыраусыз шығуға
Болмайды деп далаға
Әрбір сөзде бар маңыз,
Ұқпасаңыз бармаңыз.
Тырп етпестен отырдық,
Тап-таза боп формамыз. – дейді.
«Әліппе» өлеңінде жалпы әліппені оқудың мән-маңызын байқата келе, еңбекті барлық ілімнің, білімнің әжесіне балайды. Диктант өлеңінде ақын балаларды өздігінен білім алуға, ешкімнен көшірмей өз бетімен жазуға шақырады. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» демекші, біреудің еңбегіне құнығып тұтылғанша, өзің еңбектеніп білім ал деген өсиет айтады. Өлең әрі қызықты, әрі терең өнегелі ойға құрылған.
Кеше біздер класта,
Диктант жаздық отырып.
Көшірдім мен Күлаштан,
Бір парақты толтырып.
Құрығанда бір үшке,
Жаздым-ау деп ойладым.
Сөйтсем мойны ұп-ұзын,
Бір алыппын құрысын! – деп еңбексіз ісінің нәтижесіне баланың өзі де өкінгендігін байқатады.
«Есеп» өлеңінде есепті шығара алмай қиналған баланың күлкілі бейнесін көрсетеді. Өлең күлдіре отырып баланы ойға жетелейді. Тыңдап көрейік.
Бес алманың үшеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады?
Тез шығара алмадым,
Мен бұл есеп мысалды.
Сен досым сол алманың,
Бәрін алсаң дей салдым! – дейді.
Күнделік өлеңі арқылы Қадыр Мырза Әли баланың қсы күнделік сөзін естіген бойда бестік деген ұғым қалыптасуын басты мақсат тұтады. Яғни,
Екі болса білгені,
Ол баланы кім делік?!
Қысылмайды ешкімнен,
Беске толса күнделік.
Озат оқу – өнеге,
Көтереді төбеге.
Күнделікті ендеше
Көрсетпеймін мен неге? –дейді.
Жыл қорытындысында ақын сол бірінші сыныбын бітірген қайта сөйлетеді.
Беске тәмамдап отырған баланың әлі де осы қарқынмен қалған тоғыз жылын аяқтауына ұмтылуын байқатады. Ерте кезден жауапкершілікті сезінген жас баланың бүгінгі ойын үлгі етерлік
Ақын Қадыр Мырза Әли баланың өзін ойланта отырып, жақсылық пен жамандықты айыруға талпындырады:
Күнде «бестік» алсаң сен,
Онда басқа арман жоқ.
Ал оқымай барсаң сен,
Бір тал шашы ағарған – деп мұғалімнің бала тәрбиесіндегі орасан еңбегін көрсетеді. «Сынақ» өлеңінде балаларды шыншылдыққа тәрбиелеу басты мақсат болып табылады. Ең алдымен диалог ретінде ұүрынһлған өлеңде бір бала екіншісіне сауал қойып, ал екіншісі ретінше жауап қайтарады. Өрттен де, көк теңізден де, қызыл жалыннан да өтуге даяр досы тек досы үшін ақиқатты бұлтара айтудан ғана бас тартады.
Ақиқатты ортасынан опырып,
Сен мен үшін айтар ма едің өтірік?, -
десе, артынша:
Өзің айтшы, өзің айтшы, досым-ай,
Сен достықты ұғасың ба осылай?!
Жоқ әрине!
Талантты ақын қаламынан халық фольклорының атақты күлдіргі кейіпкері Алдар көсе жайлы «Сақал саудасы», «Қасқыр қақпан» атты өткір сатиралы комедия мен Махамбеттің ең соңғы азапты күндеріне арналған «Жаралы жолбарыс» атты және «Әмір Темір» кесек драмалық шығармалары да жарық көрді. Тұңғыш жинағы «Көктем» 1959 жылы жарық көрді. Қадыр Мырза Әлі көркем аударма саласында да жемісті еңбектері көп. Әлемдік әдебиет ғүламаларының талайының шығармаларын ол қазақ тіліне аударады. Сондай-ақ дарынды ақынның оннан аса кітабы бүрынғы КСРО халықтарының көптеген тілдеріне аударылып, Ташкент, Баку, Бішкек, Алматы, Мәскеу қалаларында басылып шықты. 1966 жылы «Ой орманы» өлеңдер жинағы үшін Қадыр Мырза Әліге Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағы берілді. 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін ол Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 2001 жыл Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығына ие болды. 1993 жылы Қадыр Мырза Әлі өлемдік поэзияға қосқан аса зор еңбегі үшін Моңғолияның халықаралық «АВЬЯС» сыйлығын алды. Қадыр Мырза Әлі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне екі рет депутат болып сайланды, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі болды. Соңғы жылдары ақынның он алты томдық таңдамалары жарық көрді. 2003 жылы Санкт-Петербургтің «Славия» баспасында «Прапамять» атты үлкен бір томдығы орыс тілінде басылып шықты.
Ақын жалғыз жалаң білімнің жеткіліксіздігін, ғылыми мағлұматтарды сылдыр сөзбен сырғыта салу емес, нағыз поэзия кестесіне түскен нәрлілігі бар дүниелер әкелгені мәлім. Балалардың тілін ұстартып, дүниетанымын кеңейтумен бірге, оларды ұлттық, адамгершілік, имандылық рухында тәрбиелеуде Қадыр Мырза Әли өлеңдерінің мәні ерекше.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Шынашақ (Қазақ балалар поэзиясының антологиясы) - Алматы, «Балауса» 1992 ж.

  2. Ш. Ахметов «Қазақ совет балалар әдебиеті» - Алматы: «Мектеп» - 1976ж.

  3. Қадыр Мырза Әли «Балалар әдебиеті» 2006 ж.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет