Әліппе саған мың алғыс. Мақсаты: Әліппе оқулығынан алған білімдері –барлық білім-ілімнің бастамасы екенін түсіндіру, білімнің адам өміріндегі маңызын ұғындыру.Оқушылардың білімділік белсенділігін арттыра отырып, ұжымдық жұмыс нәтиежесіне жетуге дағдыландыру. Көрнекіліктері:«Әліппе, саған мың алғыс» тақырыбы
Еліміздің картасы, әріптер, оқушылар салған суреттер, шарлар. Әліппе, Ана тілі оқулықтарының макеті. Мақал-мәтелдер. Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар оқылық!» өлеңі, Ы. Алтынсариннің портреті.
Нұрқасым:_1.Ассалаумалейкум_,_халайық!_Жұлдыз'>Нұрқасым: 1.Ассалаумалейкум , халайық!
Жұлдыз: 2. Армысыздар құрметті қонақтар: Бүгін біз шексіз қуаныштымыз.Себебі алғаш сауатымызды ашқан ,жақын досымыз Әліппемен қоштасамыз.
Нұрқасым: Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға
Қош келіпсіз , ұстаздар, ата- аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Жұлдыз Шаттанамын , мен бүгін шаттанамын,
Әріп сырын түсіндім , мақтанамын.
Әріп сырын үйреткен Әліппем де ,
Түстей болып міне бүгін артта қалды.
Ықылас: Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достассаң,
Әліппеміз қоштаспақ!
Ой білімі жаңғырып,
Әліппеден мәңгілік
Әріптерді таныған
Өңкей білгіш, балдырған,
Құтты болсын, тойларың
Алмаз: -Бүгін біздің құанышымызда шек жоқ, өйткені, тұңғыш рет сауатымызды ашқан жақын досымыз «Әліппені» бітірдік.
Индира: - Біздер осы уақытқа дейін көп нәрсені үйрендік. Соның ішінде сурет салуға, ән айтуға, есептеуге, денемізді шынықтыруға, еңбек етуге мұғаліміміздің көмегімен дағдыланудамыз.
Мұғалім:олай болса, той иесі Әліппемізді ортаға шақырайық.
Бәрі: Әліппе,Әліппе,Әліппе
Әліппе: Армысыздар , жас достар!
Армысыздар ата- аналар.
Болашаққа жол бастап,
Әліппе келді ортаға.
Білім деген ғажайыптың
Әліпбиін меңгерген
Келешегі Қазақтың
Басталаады сендерден.
Бекетай: Армысыңдар, аналар
Бармысыздар балалар
Сөзіме құлақ салыңыз
Бір серпіліп қалыңыз
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр әніміз.