Ахмет Байтұрсынұлы араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы



Дата15.10.2023
өлшемі101,24 Kb.
#115382

Ахмет Байтұрсынұлы араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы

Дощанова Ақханым

ҚТӘ 27 тобы

Ахмет Байтұрсынұлының ұлтына сіңірген ұланғайыр еңбегі әр саладан көрінеді

  • Ахмет Байтұрсынұлының ұлтына сіңірген ұланғайыр еңбегі әр саладан көрінеді
  • Мәселен, ол – ең бірінші,қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуынакөп күш жұмсаған ағартушы, ең алғашқы «Әліппе»оқулығының авторы
  • Халықтың тез сауаттанып хат тануы үшін араб жазуын реформалап, ұлттық деңгейге көтерген бірегей тұлға.

Н.И.Ильминский бастаған миссионерлер араб жазуының кемшіліктерін сынады
Қазақ жазуын бірден орыс графикасына көшіру идеясын уағыздай бастады.
Н.И.Ильминскийдің пікірінше , алфавитті қай халық болса да, дінмен байланысты қабылдаған 
А.Байтұрсынов «қазақтың діні, тілі, жазуы сұмдық пікір, суық қолдан тыныш боларға керек. Қазақты дінінен айыруға болмаса, жазуынан да айыру болмайтын жұмыс… Дінмен байланысқан жазу дін жоғалмай, жоғалмайды»,- деп жазды
1910 жылдардан бастап араб жазуы таза сол күйінде қазақ тілі үшін қолайлы еместігін байқап, оны қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеп, қайта түзуді қолға алды
1912 жылы төте жазуын көпшілікке ұсынады.
1924 жылы өткен «Қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезінде» ашық түрде араб графикасында қалуды қолдады
А. Байтұрсынұлы араб жазуын өзгерткенде мына мәселелерді басты назарда ұстады
1. қазақ тілі­нің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіру
2.қазақ тіліне сәйкес келмейтін артық әріптерді қолданыстан шығару
3. араб жазу заңдылығына тән харакат, ташдид, сукун, тануин сияқты диакритикалық белгілерді қолданбау
4. қазақ тілінің үндестік заңына сәйкестендіріп дәйекше арқылы беру

Жіктеуі бойынша24 дыбыс,1 дәйекше белгісі болды.


5 дауысты
17 дауыссыз
2 жартылай дауысты

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет