Қайшылықты, күзелісті және өзгерістерді басқару



бет1/3
Дата08.12.2022
өлшемі83,11 Kb.
#55885
  1   2   3
Байланысты:
11 Дәріс. Ұйымдағы қайшылықтар мен күйзелістер

Қайшылықты, күзелісті және өзгерістерді басқару

  • Қайшылық дегеніміз - екі немесе одан да көп жақтардың арасындағы келіспеушілік. Екі жақта немесе әр топ өздерінің көзқарасын немесе мақсатын орындауға тырысады, сол мақсаты үшін қарсыласына кедергі жасайды.
  • Көптеген адамдар қайшылықтарды үстемдік ету, қастандық, тартыс және жан-жал деген түсініктермен салыстырады. Сол себептен оларды болдырмау керек деген тұжырымдамаға келеді. Бірақ ұйымдарда шиеленістердің болмауы мүмкін емес.
  • Қайшылықтың негізгі ролі - тиімді басқаруға байланысты. Шиеленісті немесе қайшылықты шешу үшін (яғни басқару үшін) оның негізгі пайда болу себептеріне түсіну және қатыстыру қажет.
  • Көбінесе басшылар қайшылықтың болу себептерін жеке адамдар арасындағы қақтығыстан келіп туындайды деп көрсетеді.
  • Бірақ кейінгі зерттеулер мен талдаулар бойынша қайшылықтар мен шиеленістердің пайда болуына басқа да факторлар әсерлерін тигізеді

Қайшылықтың негізгі төрт түрі бар:


ішкі жеке қайшылық.
жеке тұлға арасындағы қайшылық.
жеке тұлға мен топ арасындағы қайшылық.
топ аралық қайшылық.
  • Ішкі жеке қайшылықтардың пайда болуы өндірістік талаптардың жеке тұлға қажеттілігімен келісілмегендігінен де туындайды.
  • Жеке (адам) тұлға арасындағы қайшылық. Қайшылықтың бұл түрі үлгісі өте кең тараған. Жеке адамдар арасындағы қайшылықтар, сондай – ақ екі адамның түсінбеушілігінен, дауласуынан да пайда болады.
  • Адамдардың мінез – құлықтары, көзқарастары, рухани және мәдени байлықтары әр түрлі болғандықтан да олар бір-бірімен тіл табыса алмайды.
  • Жеке тұлға мен топ арасындағы қайшылық. Жеке тұлғаның позициясы топ позициясынан өзгеше болса шиеленіс пайда болады. Шиеленіс лауазымды басшылардың міндеттері арасындада пайда болады.
  • Топ аралық қайшылық. Топ аралық шиеленіс көбінесе линиялық және функционалдық басшылар арсында туады. Линиялық және функционалдық басшылардың ұсыныстарын қабыл алмаулары мүмкін және өзінің осы басшыларға тәуелділігі үшін парызы болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет