Дәріс 1. «Академиялық жазылым» пәні және оның ерекшелігі
1. Академиялық жазу пәнінің мақсаты мен міндеттері.
2. Академиялық мәтіндерге қойылатын талаптар мен олардың құрылымдары
3. Академиялық жазылым және ғылыми стиль
Академиялық жазылым дегеніміз:
зерттеушінің ғылыми мәтіндерді оқуына, түсінуіне және жазуына мүмкіндік беретін тілдік құзіреттілігі.
Академиялық жазылым- арнайы мамандықтарға байланысты студенттердің оқуға міндетті немесе таңдап алған пәндері бойынша белгілі бір тақырып төңірегінде түсініктер мен пікірталастар баяндалған әдебиеттерді оқып, оған талдау жасауы және оларды қолдану арқылы жазбаша түрде өз пікірін білдіруі. Бұл жазба жұмысы студенттерді өз бетінше зерттеу жұмыстарын жүргізуге, жобалық жазба жұмыстарын жазуға машықтандырады.
Академиялық жазылым мақсаты ғылыми тұрғыда жазылым әрекетіне дағдыландыру, демек ғылыми мақала, зерттеу жұмыстарын және тағы басқа ғылыми бағытта жазылатын еңбектерді жазуға үйретеді.
Академиялық жазылымды терең меңгеруге қажетті негізгі дағдылар мыналар: