«Алаш мұрасы – ұрпаққа аманат» 8 сыныптар арасындағы шығармашылық сайыстың тұжырымдамасы І. Сайыстың мақсаты



бет1/2
Дата02.12.2023
өлшемі28,82 Kb.
#131948
  1   2
Байланысты:
8 с. сайыс алаш


«Алаш мұрасы – ұрпаққа аманат»
8 сыныптар арасындағы шығармашылық сайыстың тұжырымдамасы
І. САЙЫСТЫҢ МАҚСАТЫ:
Қазақ елінің азаттығы мен еркіндігі жолында саяси-интеллектуалды жолмен күрескен, өскелең ұрпаққа мол мұра қалдырған, ұлтын шексіз сүйген Алаш қайраткерлерінің ағартушылық бағыттағы мұраларын өскелең ұрпаққа насихаттау, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ана тілін, ұлттық құндылығын құрметтеуге тәрбиелеу.
Биылғы сайыс 2023 жылы мерейтойы аталып жатқан қайраткерлерге арналады. Олар:
• Шәкәрім Құдайбердіұлы – 165 жыл;
• Халел Досмұхамедұлы – 140 жыл;
• Мағжан Жұмабайұлы – 130 жыл;
• Сұлтанмахмұт Торайғырұлы – 130 жыл.
Сайыстың міндеттері:
- мектеп оқушыларының Алаш арыстарының өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылығын арттыру;
- жаңа буынның интеллектуалдық пайым-парасатын көтеру;
- Алаш мұрасы мен идеологиясын танып-білуге ынталандыру;
- актерлік шеберліктері бар оқушылардың қабілетін дамыту;
- қоғамның идеялы, креативті, сыни ойлай білетін мықты буынын қалыптастыру;
- дарынды оқушыларға қолдау жасау.
ІІ. САЙЫСТЫҢ ШАРТТАРЫ:
Әр команда «Ұлтқа қызмет – әр қазақ баласына міндет» атты сахналық қойылымға дайындалып келеді.
Аталған авторлардың мысалдарынан, мақалаларынан, үндеулерінен, публицистік туындыларынан, өлеңдерінен бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоймаған бір туындыны таңдап, соған сай қойылым қою. Мысалы, қазақ тілі мәселесі; қазақ баласын оқыту мәселесі; отарлық мәселесі; әліпби мәселесі; аударма мәселесі; партия құрып, автономия құру мәселесі; газет ашу мәселесі, т.с.с. Сондай-ақ надандықты, озбырлықты сынаған мысалдары мен аудармалар желісінен өзекті тақырыпқа ие туындыны іріктеп, мазмұнын бұзбай сахнаға бейімдеп орындауға болады.
Ұзақтығы 5-10 минут аралығын құрауы керек.
Қойылымды бағалаудың негізгі өлшемшарттары: тақырыптың өзектілігі, актерлік шеберлік, сахналық образ, дикция, уақыт талабын сақтауы, т.с.с.
ІІІ. САЙЫСТАҒЫ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ. Сайыстың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды бағалау қағидалары бойынша анықтайды. (2-қосымша). Әр қазы әр қатысушыға бағалау өлшемшарттары бойынша ұпайын төреші парағына толтырады. Барлық қазылар алқасының бағалау парағының ұпайлары біріктіріліп, орташа балл шығарылады. Қазылар алқасына тарихшылар, тіл мамандары тартылатын болады.
V. САЙЫС ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ. Жүлдегерлер арнайы сыйлықпен, дипломдармен және алғысхаттармен марапатталады. Орын алмаған қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары, алғысхат беріледі.
Бас жүлде -1
І орын -1
ІІ орын – І
ІІІ орын - І
Ынталандыру сыйлықтары: кітаптар, алғысхаттар.


1-ҚОСЫМША


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет