Сайыстың тақырыбы: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» Сайыстың мақсаты



бет1/3
Дата25.10.2022
өлшемі22,35 Kb.
#45219
  1   2   3

Сайыстың тақырыбы: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»


Сайыстың мақсаты: Оқушыларды мақал – мәтел, жұмбақтар айту арқылы көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету, ой-өрісін кеңейту. Өз қазақ әдебиетін құрметтеуге, өз тілін мақтан ете білуге тәрбиелеу. өз ойларын әдеби тілде жеткізе білуге баулу, ой жүйріктігін дамыту.
Сайыстың барысы:
І.Кіріспе бөлім
- Құрметті ұстаздар, оқушылар, «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты танымдық сайысымызға қош келдіңіздер!
Ата-бабамыздан қалған өшпес мұра, көлемі жағынан шағын болғанымен мазмұны терең қымбат қазынаның бірі- мақал-мәтелдер.. Мақал- мәтелдердің бала тәрбиесінде маңызы өте зор. Ал, жұмбақ шешу арқылы оқушының ой-өрісі, дүниетанымы кеңейеді. Оқушы ізденімпаздыққа, тапқырлыққа үйренеді. Дегенмен, мақал-мәтелді орынды қолдана білу, мағынасын түсіне білу де өнер.
-Ендеше, «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысымызды бастаймыз. Ойынның шартымен таңыстырайын. Ортаға төрт топ шығады,. Әр сұрақ 10 ұпаймен бағаланады, жартылай жауап 5 ұпаймен бағаланады.Сайыс 3 кезеңнен тұрады.
І тур. "Білгенге маржан"мақал-мәтелдің жалғасын табу
ІІ тур. «Кім жүйрік ?»тапсырмаларды орындау
ІІІ-тур."Тапқыр болсаң, тауып көр"Жұмбақ шешу.
Әділқазы алқалары:

1.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Еркебаева Ақнұр Дәуірбекқызы


2. Бастауыш сынып мұғалімі Жанат апай
3.Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
ІІ.Негізгі бөлім
1 тур "Білгенге маржан"мақал-мәтелдің жалғасын табу. Әр топқа 7 мақалдан қойылады. Әр сұрақ 10 ұпаймен бағаланады, жартылай жауап 5 ұпаймен бағаланады.
1. Оқу білім бұлағы..... (білім өмір шырағы)
2. Жаңбыр бір жауса,.... (терек екі жауады)
3. Өнерлінің қолы алтын,.... (өлеңшінің сөзі алтын)
4. Атаңның баласы болма,.. (адамның баласы бол)
5. Көп жасаған білмейді....../көп көрген біледі/
6. Қыз өссе елдің көркі,... (гүл өссе жердің көркі)
7. Жері байдың... (елі бай)


1. Досы көпті жау алмайды.... /ақылы көпті дау алмайды/
2.Жауға жаныңды берсең де...... /сырыңды берме/
3.Өз білмегеніңді кісіден сұра.... /кісі болмаса, кішіден сұра/
4. Ер жігіт ел үшін туады... (ел үшін өледі)
5. Әдепті бала – арлы бала,... (әдепсіз бала сорлы бала)
6. Білекті бірді жығады,... (білімді мыңды жығады)
7. Еңбек етсең ерінбей,... (тояды қарның тіленбей)


1. Отан - қуат... (Отбасы - шуақ)
2. Ұланы бар елдің... (ұраны бар)
3. Жақсыдан үйрен,....(жаманнан жирен)
4.Саналы адам сағыңды сындырмас... /жаман адам жағыңды тындырмас/
5.Бейнетің қатты болса.... /Татқаның тәтті болады/
6. Еңбек етпесең, елге өкпелеме...../Егін екпесең жерге өкпелеме/
7. Болат қайнауда шынығады... (батыр майданда шынығады)


1. Білген кісі тауып айтады,... (білмеген кісі қауып айтады)
2. Мың малын болғанша,... (бір балаң ғалым болсын /
3. Тіл тас жарады, ... (тас жармаса, бас жарады)
4. Ерді намыс өлтіреді, ... (қоянды қамыс өлтіреді)
5. Басқа елде сұлтан болғанша, ... (өз еліңде ұлтан бол)
6. Ердің атын... (еңбек шығарады)
7. Малы жоқ деп ерден түңілме...../Шөбі жоқ деп жерден түңілме/



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет