Алаш партиясы. Орындаған: Тілеуберген Санжар. Қабылдаған:Қуанышбек Қаражан. 1 Кіріспе


)Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің таратылуы



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі18,84 Kb.
#24983
1   2   3   4
2.3)Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің таратылуы.

Aзамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес өкіметі Алаш партиясы мен А. үкіметін таратты. Кеңес өкіметі Алаш пен А-ны Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінен аластауда алдау мен арбау әдісін де, қару жұмсап, күштеу жолын да қолданды. Кезінде (1919, 1920 ж.) Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына белсене қатысқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан, олар түгелге дерлік сталиншіл әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбандарына айналды. Сол кезде Ресейде орын алған жағдайда қазақтардың жарияланған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы — большевизммен күрес тұрды.



Өздерінің қолға алған шараларын іске асыру жолында Алашорда үкіметіне Кеңестерге қарсы жақпен бірігуге тура келді. Өйткені Кеңес үкіметі кеңестік негіздегі автономияларды ғана қолдап, көтермелесе, ал ақтардың Алаш автономиясына көзқарасы басқаша болды. Соңғыларының қолдауына сүйене отырып, қазақ халқы, дәлірек айтқанда Ә.Бөкейхан бастаған зиялылар тобы белгілі бір деңгейде дербестікке жетуге болады деп санады.

3)Қорытынды.

Қорытындылап айтатын болсам, Алаш партиясының қазақ тарихында атқарған қызметі өте жоғары болды. Себебі партия құрылғаннан бастап көптеген мәселелер шешіліп, қазақтардың ел билеу ісінде мүмкіндіктері пайда болды. Және партия мүшелері болып саналатын зиялы қауым өкілдері қарапайым халықтың көзінің ашылуына, және олардағы патриоттық сезімнің оянуына өзіндік үлестерін қосты. Сол үшін мен Алаш партиясының және Алашорда үкіметінің қазақ тарихында алатын орны ерекше деп санаймын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет