Қалдырған ізің мәңгілік!



Дата20.11.2022
өлшемі14,05 Kb.
#51358

Қалдырған ізің мәңгілік!
Адам баласының өмірлік жолында тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың рөлі зор. «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз – тұл», деп бекер айтылмаған. Менің ойымша, мектептің жүрегі, жан берушісі – ұстаз. Шәкірт тәрбиелеу, оны биіктерге жетелеу, қанағаттандыру, барын беру- тек ұстаздың қолынан келетін қасиеттер. Қай дәуір, қай ғасыр болмасын, ұстаз- балаға бастапқы және негізгі білім беретін тұлға. Мұғалім- баланың басында кішкентай кезінен білім дәнін егіп, оны үлкен жеміс беретін ағашқа дейін өсіретін ұлы адам.
Адам баласы көз ашқаннан бері әлемді зерттеуге, білуге талпынады. Кіші кезінен бастап бала әлемді зерттей отырып , көптеген құбылыстарды ұға бастайды. Өмірдің өзі де – ұстаз. Өмір бойы біз алуан түрлі сабақ аламыз. Сол өмірде бағыт-бағдар беруші, тәрбие мен қатар ілім үйретуші – тек ұстаз ғана.
Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күні балаларды құшақ жая қарсы алған аяулы жан, уақыт өте келе оқушылардың екінші анасындай болып кетеді. Әрбір күн өткен сайын жаныңыздан табылып, әр аптаның жеті күнінде жеті рет көрісіп, көңіл ұясына тұрақтап қалған мұғалімге деген махаббат өшер емес. Бұл кісі сіздің тарыдай болған кезіңіздегі еркелігіңізді көтеріп, қателіктеріңізді кешіреді. Білім нәрін сусындата отырып махаббатқа баурайды да, сүйіспеншілікке тәрбиелейді де, өмірдің қыр-сырына үйретеді. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, ұстаз бар жылулығымен, білгенімен бөлісуден шаршамайды. Әр баланың жүрегінде мәңгілік із қалдырады!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет