Ќазаќстан республикасы білім жѕне ѓылым министрлігі



бет1/26
Дата21.06.2023
өлшемі445,5 Kb.
#102803
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ


Беркімбаева Ш.К.
Қожахметова К.Ж.
Қоңырбаева С.С.


ҰЛЫ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДА ӨТКЕН ТАРИХИ ДАРА ТҰЛҒА-АРУЛАР
ХРЕСТОМАТИЯ



Алматы
2007
БАҒДАРЛАМАҒА ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР


Хауа ана

Адам әуелі топырақтан жаратылған. Құдіреттің әмірімен жерден көкке шығып, жұмаққа кірген. «Бұл ағашқа жақын болма» деген әмірді естіп, бидай дәнін жеуден тыйылған.


Адам Раббысына жақын болды. Киім киген періштелер сәжде қылып, Адамға құрмет көрсетті. Адамға барлық нәрселердің есімін білу, ғылымды меңгеру қасиеті берілді. Бұл – Адам ғалайһи-уәссәләм еді. Адам ғалайһи-уәссәләм жымиып күлсе, күн нұрындай мейірлі шуақ төгілетін. Періштелер Адам ғалайһи уәссәләмнің сұлулығын көріп, қайран қалып, Алла тағала берген тақты Адамға қадір тұтты. Адам ғалайһи уәссәләмді періштелер көкпен алып жүріп, жұмаққа әкелетін. Адам ғалайһи-уәссәләм жұмақ бақтарында серуендеп, жүзім, інжір, құрма жемістерін жейтін.
Бірде жалғыздықтан зерігіп, өз жынысыннан бөтен әлдебір затқа ынтықты. Осыдан кейін әлсіреп, көзіне ұйқы тығылады. Сол уақытта Алла тағала Адам ғалайһи-уәссәләмнің сол жақ қабырғасының жоғарғы жағынан Хауаны жаратты. Адам ғалаәһи-уәссәләм Хауаның өзінен жаратылғанын сезіп, ұйқыдан оянып, көзін ашты. Хауаны көріп, оның асқан сұлулығына көңілі толды.
Хауаның дауысы жіңішке, көздері қара, жүз тұлым болып өрілген шашы бар еді. Хақтағала сұлулықты жүз түрлі етіп жаратса, соның тоқсан тоғыз сұлулығын Хауаға берген екен.
Адам ғалайһи-уәссәләм Хауаға қолын созып: «Жақында», - деді. Сол сәтте Жебірейіл ғалайһи-уәссәләм: «Ей Адам! Хауаға қол созба!» - дегенде, Адам ғалайһим-уәссаләм: «Хауа мен үшін жаратылған», дейді. Сонда Жебірейіл ғалайһи-уәссәләм: «Әрине, сен үшін жаратылғаны рас. Бірақ некесіз қол созу дұрыс емес. Хауаны Алла тағаладан жұптылыққа сұра», - дейді. Адам ғалайһи-уәссәләм: «Иә, Раббым! Хауаны маған жұп қыл», - деп рұқсат сұрайды. Сұбхана уатағала ықыласымен неке құтпасын оқыды.
Сөйтіп, Адам ғалайһи-уәссәләм мен Хауа ана жұмақ ішінде түрлі жемістерді қорек етіп, өмір сүрді. Бір ғажабы, Адам қайда жүрсе де әлгі Алла тыйым салған ағаш алдында тұрады. Бірде Адам ғалайһи-уәссәләмнан періштелер: «Сен не себепті Адам атандың?»- деп сұрайды. Сонда Адам ғалайһи-уәссәләм «Жер бетінен жаралғаным үшін?» - деп жауап береді. Періштелер Хауа анаға: «Сен неліктен Хауа атандың?» - деп сұрағанда: «Тіріден жаралғаным үшін», - дейді.
Адам ғалайһи-уәссәләм топырақтан жаратылды. Топырақ тұрған сайын тазарар. Сондықтан, ер кісілер қартайған сайын көріктенер. Хауа ана Адам ғалайһи-уәссәләмнан жаратылды, сондықтан әйелдер қартайса көріксізденер.
Алла тағаладан: «Ей, Адам! Сені құдіретіммен жараттым. Барша заттардың есімін білдіріп, жалғыз жүрмеуің үшін жұбың Хауаны жараттым. Екеуің де жұмақтасың. Енді менің аманатымды сақта», - деген хабар келеді. Сонда Адам ғалайһи-уәссәләм: «Иә, Раббым! Аманатың не нәрсе айт», - дейді. Алла тағала: «Жұмақтағы түрлі жемісімнен жеңіз, сусын ішіңіз. Тек қана бір ағаш бар, сол ағашқа Хауа да, сен де жақын барма. Дұшпаныңның сөзін тыңдама», - деген.
Егер Адам мен Хауа антты орындағанда, жұмақтан шығып қалмас еді.
Адам ғалайһи-уәссәләм мен Хауа ана жұмақтан тұрып жатқан кезде, Ібіліс Хақтағаланың маңайынан аластатылған еді. Мұнан соң Ібіліс күншілдік қылып, Адам ғалайһи-уәссәләмға қастық жасауға көшті. Ол әр түрлі айла білетін. Хақтағаланың Адам ғалайһи-уәссәләмға ағаштан тыйым салуын естіп, шат болып, азғыруға асықты. Жерден көкке ұшып, жұмаққа кірудің жолын іздеді.
Ібіліс жылап-еңіреп жұмақтағы Адам ғалайһи-уәссәләм мен Хауа ананың жанына келді. Адам ғалайһи-уәссәләм Ібілістен: «Неге жылайсың?» - деп сұрайды. Ібіліс: «Сіз үшін қиналып, жылаймын. Теңдесі жоқ сұлулық, сізден басқа көрікті ешкім жоқ. Соған қарамастан бір күні сіз де өлесіз» - дегенде, Адам ғалайһи-уәссәләм: «Өлім деген не нәрсе?» - деп сұрайды. Ібіліс: «Көзіңіз көрмей, қолыңыз ешнәрсе ұстай алмай, кеудеңізден жаныңыз шығар» - дегенде, Адам ғалайһи-уәссәләм қатты қайғырған еді, бірақ Ібілістің сөзін қабылдамады.
Мұнан соң Ібіліс Хауа ананың жанына келіп, зар еңіреп жылай бастады. Хауа ана: «Неге жылайсыз?» - деді. Ібіліс «Сіздің қайғыңызға жылаймын. Сізді Хақтағала неге бидай жеуден тыйғанын білесіз бе?» - деп сұрады. Хауа ана: «Иә, неге тыйым салды?» - деді. Сонда Ібіліс: «Бидай жесеңіз, жұмақта мәңгі қалып, өлмейтін едіңіз. Мен сізге осыны уағыз-насихат қыламын», - деп азғырды.
Хауа ана Ібілісті танымады. Бұл сөзді жылан айтып тұр екен деп түсініп, көңіліне ұялатты. Хауа сол сәтте он адым жерді аттап, бидай ағашының жанына келді. Бидай ағашының бір талын сындырып алып, Адам ғалайһи-уәссәләмға келді. «Әй, Адам! Бұл ағаштың жемісі соншалық ләззәтті, ғажап екеп. Мен жедім, сен де же!» - деді. Адам ғалайһи-уәссәләм Алла тағаланың аманатын ұмытып кетіп, бір дәнді аузына салып шайнайды. Жұта бергенде ғана Алла тағаланың әмірі есіне түсіп, өңешін ұстай алды. Бидай дәні не жұтылмады, не сыртқа шықпады. Ол өңешінде түйін болып, қатып қалды. Сол себептен де ерлердің кеңірдегінде түйін мирас болып қалды. Әйелдерде ол түйін жоқ.
Бұл оқиғадан кейін Адамның басынан тәж кетіп, үстінен киімдер алынды.
Хауа ана ағашты себепсіз сындырғанда, сол ағаштан қан ағыпты. Осы себепті әйелдерге қан мирас болып қалды.
Мұнан соң Адам ғалайһи-уассаләм мен Хауа ана нендей зор құрметтен айырылып, мехнатқа түсті. Хауа ана бидай ағашына аяғымен барып, аузымен жеп, қолын созып, бұтағын сындырғаны себепті, әйелдердің қан ауруымен ауыруы үш күннен он күнге созылады. Он күнге созылу себебі, Хауа ана бидайға жеткенше он адым аттап, күнәға батқан еді. Сондықтан себеп болды, себепсіз нәрсе жоқ.
Адам ғалайһи-уассәләм жұмақтан шығарылған соң, Хауа ананы жүз жыл бойы көре алмай, айырылып қалды. Хақтағала Хауа анаға: «Қайдасың?» - деді. Сонда ол қайғылы дауыспен: «Иә, Раббым, мақұлықтар сіздің атыңыздан жалған сөйлер деп ойламап едім», деді. Хақтағала: «Ей, Хауа! Сені жұмақтан шығарғанда 15 түрлі пәлемен айыптадым. Әуелі, күнәнің ең үлкендігінен қыздарыңа да қияметке дейін қан мирас болады. Екінші, тоғыз ай бала көтересің. Үшінші, бала тапқанда өлімнің ащы дәмін татасың. Төртінші, әдеп мехнатын шексін. Бесінші, еркі ерлердің еркінде болсын. Алтыншы, ақылы кем болсын. Жетінші, мұра да кем болсын. Сегізінші, куәлікте кем болсын. Тоғызыншы, талақ қылу ерлердің қолында болсын. Оныншы, діні де кем болсын. Он бірінші, ислам да мақұрым болсын. Он екінші, жұма жамиғат намазынан мақұрым болсын. Он үшінші, пайғамбарлықтан мақұрым болсын. Он төртінші, патшалықтан мақұрым болсын. Он бесінші, соғыс қылудан қалсын және ұзақ сапар әйелге харам болсын.
Адам ғалайһи-уассаләм мен Хауа ана інжір ағашының жапырағымен денесін жауып жұмақтан шықты. Адам Үндістанға түсті. Ібіліс Басараға (Басра), жылан Асфаханға (Исфахан), Тауыс Мінә тауына, Хауа ана Жүді (Джидда) тауына түсті. Баршасының халы жаман болды. Адам ғалайһи-уассалам түскен жерінде қайғырып көп жылады. Оның көз жасының ащы дәміне жемістер пайда болды. Ал Хауа ананың көз жасы тамған жерде Ғұт ағашы, пайдалы өсімдіктер өсіп, ауруларға ем болды.
... Жәбірейіл ғалайһи-уассалам тағы: «Сен һәм барша балаларың қияметке барғанша Ораза ұстауға тиіссіңдер», - деді. Жәбірейіл ғалайһи-уассалам Адам ғалайһи-уассаламның жейтін нанын рұқсат етіп, Хауа анаға тиесілі үлесін берді. Ердің әйелге әкелетін үлесі сол заманнан қалған.
Мінә Адам мен Хауаны қауыштырып, Алла тағала жарылқап, міннәт қылды. Адам ғ.с. Хақтағаланың рұқсатымен Мінәда Хауаны қойнына алды. Сол үшін Мінә аталды.
Адам ғ.с. Үндіден Меккеге қарай қырық мәрте қажылық қылды. Хауа ананы шаттықпен Үндіге алып барып, сонда ғұмыр кешті. Адам ғ.с. Хауа анаға мүжәмәт етіліп (қосылып) Хауа ана құрсақ көтерді.
Хауа ананың неше құрсақ көтергенін ғұламалар әр түрлі болжаммен айтқан. Бірі жиырма құрсақ десе, екінші бірі қырық құрсақ, жетпіс құрсақ көтерген дейді. Әр құрсақтан егіз бала туып, бірі-ұл, бірі-қыз болған деседі. Қабыл нәсілі отыз жеті мың, Әбіл нәсілі қырық жеті мың болған.
Рабғұзи. «Қисса-сул-әнбийя-й»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет