Алеуметтану тероиясы indb


Макдональдтандыру, экспансионизм және жаһандану



Pdf көрінісі
бет454/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   450   451   452   453   454   455   456   457   ...   596
Макдональдтандыру, экспансионизм және жаһандану. McDonald’s ха-
лық аралық аренада зор табысқа жетті. Мейрамханаларының жартысынан көбі 
Құрама Штаттардан тыс жерде (1980 жылдардың ортасында McDonald’s-тың 
тек 25 пайызы АҚШ-тан тыс болған). Жаңа ашылған мейрамханалардың ба-
сым көпшілігі шетелде орналасқан. McDonald’s табысының жартысынан аста-
мы шетелдегі операциялар есебінен түседі. Жоғары макдональдтандырылған 
Стар бакс ғаламдық күшке айналды және қазіргі уақытта Латын Америкасында, 
Еуропада (әсіресе Лондонда), Таяу Шығыста және Тынық мұхит аймағында 
кеңінен таралып отыр. 
Көптеген жоғары дәрежеде макдональдтандырылған фирмалар фаст-фуд 
индустриясынан тыс әлемдік табыстарға ие болды. Мысалы, Wal-Mart дүкені 
өзінің алғашқы халықаралық дүкенін (Мексикада) 1991 жылы ашты және қа-
зір шетелде 1500-ден астам дүкен жұмыс істейді (салыстырмалы түрде Амери-
ка Құрама Штаттарында 3800-ден астам, оның ішінде супер орталықтар мен
Сэм-клубы да бар).
Жаһанданудың тағы бір көрсеткіші – басқа елдердің осы америкалық инс-
титуттың өзіндік нұсқаларын жасауы. Канадада Тим Хортонс (Wendy’s-пен 
бірнеше жыл бұрын қосылды) кофе дүкендері желісінің 3 800 сауда нүкте-
сі бар (622-сі АҚШ-та). Тіл үйірер дәмді тағамды ерекше бағалайтын сырбаз 
париждіктер фаст-фудқа қарсы, алайда онда да круассан сатылатын дүкендер 
саны көптеп артуда; айрықша қадірлі француздық нан да макдональдтанды-
рылған. Үндістанда Nirula’s жылдам тамақ тану мейрамханалар желісі бар, олар 
қой етінен жасалған бургерлерді (үндістердің шамамен 80 пайызы сиыр етін 
жемейді), сондай-ақ жергілікті үнді тағамдарын сатады. Mos Burger – әдеттегі


662
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
тағамдарға қоса, тауық еті қосылған терияки гамбургерін, күріш гамбурге-
рін және қоңыр күріш бәліші мен ошируко (жапондық тәтті тағам) сататын,
1600-ден астам мейрамханасы бар жапон желісі. Ресейлік «Русское бистро» же-
лісі «бәліштері» (ет және көкөніс бөректері), жұқа құймақ, казак өрігінен жа-
салған бәліш сияқты дәстүрлі орыс тағамдарымен бірге, арақ сатады. Жылдам 
тамақтану мейрамханасын орналастыру тіпті мүмкін болмайтын, 1984 жылы 
соғыс ойсыратқан Бейрутта Juicy Burger ашылып, алтын арканың орнына кем-
пірқосақпен безендірілді, Рональд McDonald’s-тың орнына J.B. клоуны тұрды. 
Қожайындары оны араб әлемінен шыққан McDonald’s-қа айналады деп үміт-
тенді. 2003 жылы Иракқа шабуылдан кейін тез арада McDonald’s-тың бірнеше 
түрі (Madonal, Matbax) ашылды.
Қазір макдональдтандыру жылдам өрістеуде. Өздерінің макдональд танды-
рылған институттары бар басқа елдер оларды АҚШ-қа экспорттауға кірісті. 
Экологиялық таза өнімнен жасалған The Body Shop британдық косметика же-
лісімен 2011 жылы 60 елде 2500-ден астам дүкен жұмыс істеді, олардың 300-і 
АҚШ-та болды. Сонымен қатар америкалық фирмалар осы британдық желінің
мысалы, Bathand Body Works тәрізді көшірмелерін ашып жатыр. Pollo Campero – 
тауық етіне маманданған гватемалалық желі, қазіргі уақытта алты елде орналас-
қан және Америка Құрама Штаттары аумағында жылдам таралуда.
Макдональдтандыру процесінің моделі ретінде McDonald’s бүкіл әлемдегі 
орталыққа айналды. McDonald’s-тың Мәскеудегі ашылуы түпкілікті амери ка-
лық белгі ретінде сипатталды. 1990 жылы Мәскеуде Pizza Hut ашылған кезде, 
клиенттер оны Американың шағын бөлігі ретінде қабылдады. Жылдам тамақта-
ну мейрамханалар санының өсуін тұжырымдаған Бразилиядағы Pizza Hut мей-
рамханасының атқарушы директоры жергілікті халықтың амери калық заттарға 
құмарлық танытатынын айтты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   450   451   452   453   454   455   456   457   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет