Алеуметтану тероиясы indb


Заманауи неолиберализмді жан-жақты сынау



Pdf көрінісі
бет463/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   459   460   461   462   463   464   465   466   ...   596
Заманауи неолиберализмді жан-жақты сынау. Неолиберализм мәселелері 
арасында әлемдегі барлық адам экономикалық әл-ауқаттың өте санаулы және 
нақты түрлерін (бай болмаса да, экономикалық жағынан қамтамасыз етілген), 
саяси еркіндікті (демократия) қалайды деген болжам бар. Іс жүзінде жақсы өмір 
сүру (мысалы, күш сала жұмыс істеудің қажеті жоқ) және еркіндікті (мысалы, 
демократиялық жолмен сайланбаған болса да, мемлекеттен еркін болу) анықтау 
жолында ірі мәдени айырмашылықтар бар. Неолиберализм көбінесе Америка 
Құрама Штаттары мен бірнеше жаһандық ұйымдардың (мысалы, ХВҚ) әлемнің 
басқа бөліктеріндегі адамдарға ауқаттылық және еркіндікке қатысты өздерінің 
анықтамаларын күштеп таңуға тырысуы дегенге саяды.
Сонымен қатар неолиберализм осындай экономикалық жүйені және онымен 
байланысты технологиялық, заңдық және институттық жүйелер арқылы күштеп 
тықпалайтын адамдардың әлеуметтік және материалдық мүд делерін жасырады 
немесе бүркемелейді. Осы мақсаттарға ұмтылмайды, өйткені әлемдегі барлық 
адам оларды қалайды немесе олардан пайда көреді. Бірақ кейбіреулер, әдетте 
солтүстіктегілер өте көп пайда көретіндіктен, оларды барынша қолдайды.
Неолиберализмге қатысты басқа сыни пікірлердің қатарында әлемнің түрлі 
елдерінде (мысалы, Мексика, Аргентина) қаржылық дағдарыс тудырған фак тілер 
бар. Оның экономикалық рекорды тіпті көңіл алаңдатарлық, яғни ол жаңа өнім 
шығарудың орнына байлықты (кедейден – байға) қайта бөлісті, барлық нәрсені 
тауарландыруға тырысып, қоршаған ортаны одан әрі ластандыра түсті (Harvey, 
2005). Сонымен қатар қазір оның сәтсіздікке ұшырап жатқаны да жасырын емес 
(АҚШ-та және Қытайдағы дефицитті қаржыландыру), тікелей дағдарыстың бел-
гілері (бюджет дефициттерінің өсуі, қаржы институттарын құтқару) және АҚШ-
тың жаһандық гегемониядан айырыла бастағаны туралы дәлелдер бар.
Неолиберализмнің ақыры ма? Соңғы және жалғасып келе жатқан экономи-
калық дағдарыс неолиберализмнің аяқталуы деп тұжырымдауға болады. 2008 
жылдың аяғында Франция президенті Николя Саркози өз сөзінде: «Ешбір ере-
жемен, қандай да бір саяси араласумен шектелмеуі тиіс делінетін нарықтардың 
абсолютті билігі туралы идея ақылсыз идея болды. Нарық заңы әрдайым дұрыс 
деп ұйғарылған идея ақылсыз идея болды», – деді. Осы уақытқа дейін неолибе-
рализмге үстемдік еткен жаһандық экономикалық жүйеге сілтеме жасай оты-
рып, Саркози: «Біз бүкіләлемдік қаржылық және валюталық жүйені нөлден 
қайта құруымыз керек», – деп мәлімдеді. Басқаша айтқанда, неолиберализм 
үстемдік еткен кезде кейнстік жүйе жойылып, белгісіз бір баламамен ауысты-
рылғаны сияқты, біз де жаһандық неолибералды экономикалық жүйенің қал-
дықтарын жоюымыз керек. Мұның қайда және қаншалықты алысқа апараты-
нын білу – алдағы уақыттың еншісіндегі мәселе. Бірақ неолиберализмге сенім 
артатындар жоқ емес және олардың идеялары, бәлкім, кейбір жаңа формаларда, 
соңғы экономикалық дағдарыстың шаңы басылған кезде көрініп қалар.


682
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
Жаһандану теориясы бүкіл әлемдегі әрі академиялық шеңбердегі даму мен өзгерістердің 
нәтижесінде пайда болды. Ол мәдени, экономикалық, саяси және институттық тұрғыдан 
талдануы мүмкін. Гомогенизацияға/гетерогенизацияға қатысты алаңдаушылық осы салалар 
бойынша барлық еңбектерде кездеседі. Гидденстің жаһандану туралы еңбегіндегі басты та-
қырып – қазіргі заманның қуатты күшін бақылауды жоғалту және құбылмалы әлемді туды-
ру. Бек ұлттық мемлекеттің құлдырауы, трансұлттық ұйымдардың және, бәлкім, трансұлт-
тық мемлекеттің пайда болуына орай жаһандануға (globality) үмітпен қарайды. Бауман үшін 
жаһандық әлемді айқындайтын нәрсе – епті және икемсіз адамдар арасындағы «кеңістік со-
ғысы». Алайда епті адамдар да үлкен қиыншылықтарға тап болады.
Жаһанданудың мәдени теориялары үш парадигмаға бөлінуі мүмкін: мәдени диффе-
ренциализм, мәдени конвергенция және мәдени гибридтелу. Мәдени дифференциализм 
«мәдениеттер ішінде және өз арасында ұзаққа созылған айырмашылықтар бар және бұл 
айырмашылықтарға көбінесе жаһандану әсер етпейді» деген пікірді қолдайды. Хантингтон 
өркениеттерге, әлемнің ірі өркениеттеріне, Син және Батыс өркениеті арасындағы эконо-
микалық жанжалға, сондай-ақ Ислам және Батыс өркениеті арасындағы соғыс ықтималды-
ғына ерекше назар аударып, мәдени дифференциализмнің ең танымал мысалын ұсынады. 
Мәдени конвергенция «жаһандану бүкіл әлемдегі ұқсастықты арттыруға алып келеді» деген 
көзқарасты ұстанады. Мәдени конвергенцияның екі мысалы – макдональдтандыру тезисі 
және бүкіл әлемде мәнсіздікті «гробализациялау» барған сайын үстемдік етуде деген идея. 
Мәдени гибридтелу «жаһандану мәдениеттердің араласуына алып келеді, сөйтіп жаһандық-
қа да, жергіліктіге де жатпайтын жаңа және бірегей мәдениеттер пайда болады» деген пікір-
ге саяды. Бірқатар теориялық идеялар мәдени гибридтелумен, соның ішінде глокализация, 
гибридизация және креолизациямен байланысты. «Мәдени гибридтелу» тақырыбына енгі-
зілген негізгі теория – Аппадураидың ландшафттар, олардың ішкі және өзара алшақтықтар 
туралы ойы.
Жаһанданудың экономикалық теориялары екі мысалмен суреттеледі. Лесли Склер 
транс ұлттық капитализмге, әсіресе трансұлттық корпорацияларға, трансұлттық капита лис-
тік тапқа және тұтыну мәдени-идеологиялық идеясына негізделген жаһанданудың нео марк-
систік экономикалық теориясын дамытады. Склердің пікірінше, трансұлттық капитализм 
социалистік жаһанданудың пайда болуына негіз жасайды. Хардт пен Негридің айтуынша
біз капиталистік империализмнен империяның үстемдігіне өтудің қызған ша ғындамыз. Им-
перияда орталық жоқ және ол заңдық күшке негізделген. Көпшілік империяны қолдайды, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   459   460   461   462   463   464   465   466   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет