Алина Молдир



Дата20.11.2023
өлшемі7,59 Mb.
#124972
түріСабақ
Байланысты:
Алина Молдир


“Ғылыми - техникалық прогресс және қазіргі ғылымның даму болашағы мәселелері”
Орындаған: Фазылахмет Алина, Манабаева Мөлдір
Ғылым мен техниканың бұрын - соңды болмаған ілгерілеуі маңызды фактор болып табылады. Оның салдары адам өмірі мен қоғамның барлық салаларында байқалады. Жаңа технологиялар әлемді басқарады.
Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16–18 ғ-лардағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс негізінен эмпирикалық тәжірибені, кәсіби құпияны қорландырып, машық-тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді.
16 ғ-да адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі мануфактураларға ие болуы бірнеше келелі міндеттерді теор. және тәжірибелік тұрғыдан шешу қажеттігін алға тартты. Нақ осы кезде ғылым Қайта өркендеу дәуірі идеяларының әсерімен схоластикалық дәстүрлерден қол үзіп, практикаға жүгіне бастады. Шығыс жұртының компасты, оқ-дәріні ойлап табуы және кітап басу тәсілін меңгеруі ғыл. және тех. қызметтердің берік одағын құруға жетелеген ұлы жаңалықтар болды. Жалпы, бұл – ғылыми-техникалық прогресстің бірінші кезеңі саналады.
18 ғ-дың соңында машина өндірісінің пайда болуына математиктердің, механиктердің, физиктердің, өнертапқыштар мен шеберлердің үлкен бір тобының ғыл.-тех. жасампаз іс-әрекеттері негіз қалаған еді. Дж. Уаттың бумен жүретін машинасы конструкторлық-тех. ізденістің ғана емес, «ғылымның жемісі» саналды. Ал машиналы өндіріс өз кезеңінде ғылымды технол. тұрғыдан қолдану үшін тың, шын мәнінде шектеусіз мүмкіндіктерді ашты. Осының өзі ғылыми-техникалық прогресстің жаңа, екінші кезеңіне айналып, ғылым мен техника бір-бірін аса қарқынды дамуға ынталандырып отырғандығымен ерекшеленді.
Ғылыми-техникалық прогресстің үшінші кезеңі қазіргі заманғы ғыл.-тех. революция жетістіктерімен байланысты. Оның ықпалымен техниканы дамытуға арналған ғыл. пәндердің аясы кеңи түсуде. Тех. міндеттерді шешу ісіне тек электроншы инженерлер мен компьютерші мамандар ғана емес, сондай-ақ биологтар, физиологтар, психологтар, лингвистер, логиктер де белсене қатысады. Ғылым техниканы үздіксіз революцияландырушы күшке айналды. Ал техника болса, ғылымның алдына тың талап, тосын міндет қою әрі оны күрделі эксперименталды жабдықтармен жарықтандыру арқылы алға тартып келеді.
Ғылыми-техникалық прогрестің күрт дамуы барысында ірі өндірістік қалаларда автокөліктердің санының өсуінен, атмосфера және озон қабаттарына улы газдардың мол бөлінуінен, ірі елді мекендерде таза ауыз су тапшылығынан адамның денсаулығына залал келуде.
Қазіргі кездегі қоршаған ортаның радиациялық, химиялық, биологиялық ластануы әлемдік деңгейде адам баласы мен тіршілік дүниесіне қауіп төндіруде. Жер шарындағы халықсанының жедел өсуі мен ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы адам мен қоғамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын күрделендіріп жіберді.
Бiздiң уақытта жоғары технологиялар өнiмi оның өсуiн камтамасыз ете отырып, дамыған елдердің жалпы өнiмiнде көбірек орынды иеленуде; олардың дамығандығы мемлекеттің заманауи дүниедегі жағдайын анықтайды. Бұл дуниежүзі елдерінің көпшілігі мыналарға орасан күш-жігер жұмсап отырған фактісімен түсіндіріледі:
• ғылыми-техникалық əлеуетті нығайтуға;
• ғылыми ауқымды технологияларға инвестициялық салымдарды кеңейтуге;
• халықаралық технологиялық алмасу мен кооперацияға қатысуға;
• ғылыми-техникалық даму қарқындарын жылдамдатуға.
Ғылыми-технологиялық прогресстің әсері жайлы айтатын болсақ, FTП-тің қарқынды дамуы адамзаттың табиғатқа кері ықпал етуін күшейтті, ғаламшардағы экологиялық тепе теңдіктің бұзылуына әкелді. FTП дамуының заманауи кезеңі «адам қоғам - табиғат» жүйесіндегі өзара қатынастардың жаңа кезеңімен атап өтілді. Қазіргі уақытта адамның техногендi кызметінің нәтижесінде қоршаған ортаның өмір сүру үшін жарамдылығы азая түсуде. Ауызсу мөлшері жылдам азая бастайды.
Дамушы елдерде ҒТП жұмыссыздықтың өсуіне әкелді, ол өз кезегінде туудың төмендеуіне әкеп сокты. Батыс елдеріндегі демографиялық проблеманы шешу дегенмен де ҒТП-пен байланысты, ол өзiнiң даму барысында бұл елдердегі экономикалық және әлеуметтік жағдайлардың жақсаруына әкеле алады. Ал әзірше ғаламшар халқы өсімінің 80%-дан астамы дамушы елдердің үлесіне тиеді.
Қорытынды
Ғылыми - техникалық прогресс мәселелері қазіргі ғылым мен жалпы қоғам үшін күрделі сын-тегеуріндерді білдіреді. Дегенмен, олар қазіргі ғылымның дамуы үшін жаңа перспективаларды ашады. Техникалық инновацияның этикалық аспектілері, білім мен ресурстардың біркелкі бөлінбеуі және киберқауіпсіздіктің қаупі секілді мәселелермен түбегейлі күресу маңызды.
Қазіргі ғылым инновацияларды құру, әлемдік мәселелерді шешу және өмір сапасын жақсарту үшін қуатты әлеуетке ие. Оның дамуы үкіметтердің, бизнестің және қоғамның қолдауын қажет етеді. Нәтижесінде, ғылыми - техникалық прогресс проблемаларына теңдестірілген көзқарас догматизм мен өзгерістерден қорқуды жоққа шығарады, барлығының игілігі үшін ғылым мен технологияның дамуына ықпал етеді.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
01.
02.
03.
Қазіргі ғылым мен техниканың алдында қандай негізгі қиындықтар мен проблемалар тұр?
Алдағы онжылдықтарда қандай жаңа әдістер мен технологиялар күтілуде және олар біздің қоғамды қалай өзгерте алады?
Мемлекеттің ғылыми зерттеулерді қаржыландыру мен реттеудегі рөлі қандай?
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет