Қалыпты физиология (дәрістер жинағы)



Pdf көрінісі
бет69/118
Дата05.05.2023
өлшемі1,01 Mb.
#90236
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   118
ГлюкагонЛангерганс аралшықтарының α-жасушаларында өндіріледі 
және ол инсулиннге қарама-қарсы (антогонистік) жағдайда болады. 
Глюкагон бауырдағы гликогенді ыдыратып (гликогенолиз), қандағы 
глюкозаның мөлшерін көтереді. Глюкагон мен инсулин қандағы глюкозаның 
ұтымды концентрациясын әрдайым қолдап, организм жасушаларын 
глюкозамен қамтиды, бұл дамудағы ОЖЖ-сі мен ағзалар үшін өте маңызды. 
Сонымен қатар глюкагон майлы тіндердегі майдың ыдырауын үдетеді.
Глюкагонның әсер ету механизмі жасуша мембранасында орналасқан 
ерекше қабылдағыштармен өзара әрекеттесумен байланысты. Олармен 
әрекеттескенде аденилатциклаза ферментінің белсенділігі күшейеді және 
жасуша ішілік цАМФ мөлшері көбейеді, ал цАМФ гликогенолиз
(гликогеннің глюкозаға айналуы) үдерісінің өтуін қолдайды.
Глюкагон сөлінісінің реттелуі. Қандағы глюкозаның мөлшері көбейгенде 
глюкагонның түзілуі мен сөлінісі тежеледі, ал глюкоза азайғанда – глюкагон 
мөлшері ұлғаяды. Қандағы амин қышқылдарының концентрациясы жоғары 
болса, инсулин мен глюкагонның сөлінісі жеделдейді. Гипофиздің өсу 
гормоны – соматотропин альфа жасушаларының белсендігін күшейтіп, 
глюкагонның көп бөлінуіне келтіреді. Ал ұйқы безінің өзінде бөлінетін 
гормон – соматостатин инсулин мен глюкагонның түзілуі мен сөлінісін 
тежейді. 


Липокаин – бауырдағы липидтердің түзілуі мен май қышқылдарының 
тотығуын жеделдетеді де, майдың қайта өңделуін қолдайды. Сөйтіп ол 
бауырды май басудан сақтайды. 
Ваготонин – кезбе жүйкелерінің тонусын кұшейтіп, олардың белсендігін 
жоғарылатады. 
Центропнеин – тыныс орталығын қоздырады, оттегінің гемоглобинмен 
байланысу қабілетін күшейтіп, оның тасымалын жақсартады. 
Қорыта келгенде, инсулиннің жетіспеуі қант диабеті науқасына келтіреді 
Оның негізгі белгілеріне – гипергликемия, глюкозурия, полиурия (тәулігіне 
10 л дейін), полифагия (тәбеттің күшеюі), полидипсия (суды көп ішу, 
шөлдеу).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет