Оқушы Жасушалық биология бөліміне тест сұрақтары



Дата03.11.2023
өлшемі17,48 Kb.
#122008

Оқушы ____________________________________________
Жасушалық биология бөліміне тест сұрақтары
1.Жасушалардың құрылысын, атқаратын қызметін, дамуын зерттейтін ілім
А) Цитология В) Ботаника С) Генетика Д) Биология
2. Бірмембраналы органоид-
А) рибосома В) жасуша орталығы С) цитоплазма Д) лизосома
3. Жасуша қабырғасының қызметі
А) ионалмастырушы және органикалық қосылыстарды тасымалдаушы
В) Нәруыздар синтезіне қатысу С)Тұқым қуалау ақпаратын тасымалдау
Д) АТФ молекуласын синтездеу


4. Плазмалық мембрана арқылы бөлінген жасуша ядросын қоршап жатқан қоймалжың зат
А) рибосома В) цитоплазма С) пластидтер Д) гольджи комплексі
5. Гиалоплазма дегеніміз.......
А) Мембраналық нәруыз   В) Жасуша ішін алып жатқан сұйықтық
С) Екі қабат мембранамен қоршалған денешік
Д) органоидтардан айырылған цитоплазма бөлігі


6. Түйіршікті және тегіс ЭПТ айырмашылығы
А) мембранасында рибосоманың болуында В) вакуольдің болуында С) фосфолипидтердің болуында Д) лизосомасында


7. Автолиз дегеніміз.....
А) жасушаның өздігінен жойылуы  В) Жасушаның жаңаруы
С) қоймалар жүйесі
Д) бір мембраналы органоид


8. Жасуша шырыны құрамына кіретін өнімдер
А) органикалық, бейорганкалық тұздар В) Иондар, қышқылдар С) крахмалдар, майлар Д) минералды тұздар
9. Қозғалу қызметін атқаратын жасуша органоидтары
А) вакуоль  В) кірпікшелер және талшықтар
С) талшықтар және пластидтер Д) тегіс және түйіршікті ЭПТ


10. Митохондрия......
А) барлық эукариотты жасушалардың компненті
В) бірмембраналы органоидтар
С) тек өсімдік жасушасында кездесетін органоид
Д) жасуша ішін толық алып жатқан сұйықтық


11. Пластидтерді алғаш анықтаған ғалым?
А) Р. Вирхов В) Т. Шванн С) Р. Браун Д) А. Левенгук
12. Ядро шырынына еніп жатқан дөңгелек тығыз денешік
А) вакуоль  В)хромосома
С) ядрошық Д) митохондрия


13. Жасушаның «энергетикалық станциясы» аталған органоид
А)цитоплазма В)рибосома
С)митохондрия Д) лизосома


14. Дене және жыныс жасушаларындағы хромосомалар жиынтығы қандай?
А)дене – диплоидты (2n), жыныс – гаплоидты (n)
В) жыныс – диплоидты (2n), дене – гаплоидты (n) 
С) жыныс, дене - диплоидты (2n),
Д) жыныс, дене - гаплоидты (n)


15. Бактерия жасушалары құрылысының ерекшеліктері
А) олардың жеке ядролары болмайды
В) рибосомалар болмайды 
С) Гольджи аппаратының болады
Д) митохондрия қызметін ЭПТ атқарады

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет