Алтын Орда дәуіріндегі Қазақстан
Алтын Орда дәуіріндегі
Қазақстан
Татар-монғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, монғол феодалдық
мемлекетінің негізін салушы Темучин болды. Ол 1155 жылы ірі ноян Есугей баһадүр
отбасында туылған. Темучин ер жете келе қол астына монғолдың барлық тайпаларын
біріктіреді. 1206 жылы көктемде Онан өзені жағасында Темучинді жақтаушы монғол
ақсүйектерінің құрылтайы болып оны Шыңғысхан деген атпен монғол ұлысының әміршісі
етіп жариялайды. Шыңғысхан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың
негізі етіп алады. Елдің бүкіл жері мен халқы он қанат (барунғар), сол қанат (жоңғар)
және орталық (гол) атты үш әскери әкімшілік округке бөліп, әрбір округте он мың
адамнан тұратын бірнеше түмгелер (түмендер) болды. Олар өз кезегінде "мыңдық",
"жүздік", "ондықтан" тұрды.
1207-1208 жж. қысында Шыңғысханның үлкен баласы Жошы Енесей қырғыздарын және
Сібірдің оңтүстігіндегі басқа да "орман халықтарын" бағындырды. 1208-1209 жж.
Шыңғысхан әскерлері тұтқиылдан шабуыл жасап, танпұттық Си ся мемлекетін күйретті.
Шыңғыстың қахарынан сескенген қазіргі Шығыс Түркістан аймағындағы ұйғырлар
монғолдарға өз еркімен берілді. 1211 ж. Шыңғысхан қолы Солтүстік Қытайға бет алды.
1215 ж. олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды (Пекинді)
бағындырды.
Қытайда монғолдар соғыс ісінің сол замандағы жоғарғы техникасымен танысты.
Қытайдан көптеген қару-жарақ, қамал бұзатын машиналарын, оны пайдалана білетін
адамдарды алған Шыңғысхан жауынгерлік дайындығын күшейте берді.
Сөйтіп, ол Шығыс Европа мен Алдыңғы Азияға жол ашатын Орта Азия мен Қазақстанды
жаулап алуға дайындалды. Бұл үшін ол мұсылман көпестерінен, босқындардан мәлімет
жинады.
Шыңғысхан Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз
басының жауы болған найманның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар
Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастапан әскер жіберді. Жетісуды
Шыңғысхан көп қарсылықсыз басып алды. Оны бағындырғаннан кейін Шыңғысханның
Мәуереннахрға, сол кезде Орта Азияны билеп отырған хорезм мемлекетіне қарсы жол
ашылды. 150 мың адамдық қол Орта Азияны бағындыруға аттанды. Монғолдар Отырарға
таяп келгенде монғолдардың басшысы Шағатай мен Үгедей бастаған бірнеше түменді
қаланы қоршау үшін қалдырып, әскерлердің Жошы бастапан басқа тағы бір шоғыры Сыр
бойымен төмен бағыттады. Үшінші шоғырға Сырдарияның жоғарғы ағысы бойындағы
қалаларды бағындыру міндетін жүктеді. Шыңғысхан ұлы Төлеймен бірге әскерімен
Бұхараға беттеді. Хорезм шахы Мұхаммед монғолдарға қарсы тұруға дайын емес еді. Ол
әскери күштерді әр қалаға бөліп ұстап отырды. Мұның өзі Шыңғысханға қалаларда
тұрған шағын шоғырды оңай құртып жіберуге мүмкіндік берді.
1219 ж. күзінде Шыңғыс хан зор армияны Жетісу арқылы Мәуереннахрға аттандырды.
Оңтүстік Қазақстан халқы қатты қарсылық көрсетті. Мыс. Отырар 6 ай бойы (1219 ж.
қыркүйек- 1220 ж. ақпаны) қарсыласты. Алайда әскер басыларының бірі Қараджа түн
ішінде қақпаны ашып жіберіп, монғолдарға өтіп кетті. Әскер осы қақпа арқылы қалаға
кіріп, оны талқандады. Сөйтіп Отырар қамалын жермен-жексен еткен Шағатай мен
Үгедей бастаған әскер Шыңғысханға қосылды. Бұл кезде Шыңғыс хан Бұхара мен
1 / 4
Алтын Орда дәуіріндегі Қазақстан
Самарқанд арасындағы жолда болатын Сығанақ қаласы да, ашнас та ерлікпен қорғанды.
1220 ж. 4 көкекте монғолдар Жентті алды. Сыр бойындағы қалаларды жеңгеннен кейін
Шыңғыс әскерлері Орта Азияның ішіне кірді. Халық ерлікпен қорғанды. Бұхара,
Самарқанд, Үргенш үлкен қарсылықпен алынды. 1219-1221 жж. Шыңғыс хан әскері Орта
Азияны ойрандады. 1221 ж. көктемінен бастап соғыс хорасан, Ауғанстан және Солтүстік
Үндістан мемлекеттерінің жеріне ауысты.
Шыңғысхан әскерлеріның басшылары Жебе мен Сүбедей нояндар басқарған 30 мыңдық
жасақ Солтүстік Иранды басып алды. 1222 жылы Кавказға кірді. Моңғолдар аландарды,
қыпшақтарды, Қалка өзенінде орныққан орыстарды жеңді. Олар орыс жерінің оңтүстік
аймағын ойрандап, Дешты Қыпшақ (қазақ жері) даласы арқылы 1224 жылы
Шыңғысханның Ертістегі ордасына қайтып оралды.
Сонымен, 1219-1224 жж. шапқыншылық салдарынан Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс
империясының қол астына кірді. Шыңғыс жаулап алынған жерлерді балаларына бөліп
берді. Шыңғысхан Ертістен Орал тауларына дейінгі, онан батысқа қарай ежелгі Ұлы
даланы, оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейінгі жерді үлкен ұлы Жошының
билігіне берді. Орта Азиядағы иеліктерінен Жошы ұлысына - Амудың төменгі жағындағы
аудандар (солтүстік хорезм) мен Сырдария кірді. Жошының ордасы Ертіс алқабында
болды.
Шыңғысханның екінші баласы Шағатайдың үлесіне Мәуереннахр, Жетісу мен Қашғар
кірді. Оның ордасы Іле алқабында болды. Үшінші баласы Үгедейге Батыс Монғолия мен
Тарбағатай жері қарады. Оның оодасы қазіргі Шәуешек қаласы маңы. Кіші ұлы Төлей,
Шыңғысхан жұрты Монғолияны иеленді.
Сонымен Қазақстан жері Шыңғысхан империясының үш ұлысының құрамына: үлкен
(далалық) бөлігі - Жошы ұлысының, Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан-Шағатай
ұлысының, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысының құрамына кірді.
1227 ж. Шыңғысхан қаза болды. Ол өлгеннен кейін 1235 жылы Қарақорымда өткен
монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім
қабылдады. Оны Жошының ұлы Батый (Бату) басқаратын болды. Батый әскері еріксіз
тайпалар өкілдерінен құралды. Басқару қызметтерін монғол феодалдары иеленді. Батый
әскері 1236 жылы Камадағы Булғарияны, Мордваларды талқандап, 1237-1240 жж. орыс
жерлеріне келді. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде күшті шайқастар болды.
1239 ж. басында Бату хан Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа
аттанды. 1240 ж. күзде Киев алынды. Монғолдар Польша, Венгрия, Чехияны талады.
Енді көшпенді империяның жері батыста -Днестрге, шығыста Ертіске, оңтүстікте
Солтүстік Кавказға дейін жетті. Батый иеліктері құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік
хорезм мен Сырдың төмен жағындағы жерлер енді. Орыс кінәздықтары да Батыйға
тәуелді бодан болды. Осындай аса зор мемлекет орыс жылнамаларында Алтын Орда
деп атанды. Алғашында Алтын Орда Шыңғысхан империясына оның бір ұлысы ретінде
енген еді, ал 18 ғ. 60-жылдарынан кейін ол дербес ел болып бөлінді. Алтын Орда
халқыэтникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда Еділ бұлғарлары,
қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, ежелгі хазарлар, хорезмдіктер тұрды.
Ал далалық аймағында қыпшақ, найман, қоңырат, арғын, алшын, керей, дулат, үйсін
тайпалары т.б. мекендеді. Дешті Қыпшақ пен Еділ бойына қоныс аударған кейбір монғол
тайпалары жергілікті халықпен сіңісіп кетті. Алтын Орданың орталық аймағы - Еділ бойы
(қазіргі Саратовтан Астраханьға дейін ) астанасы Берке сарайы немесе
Сарай-әл-Жадид), негізгі әскери күші - қыпшақтар. Астана Сарай Бату дан Сарай
2 / 4
Алтын Орда дәуіріндегі Қазақстан
Беркеге көшірілді де, кейін Сарайшық қаласы Кіші Астана болды.
Алтын Орда өзін билеген хандары - Батый 1241-1256; Берке -1257-1266;
Мөңке-Темір-1266-1280; Төде-Мөңке-1280-1287; Төле-Бұқа -1287-1291 жж,
Тоқа-1291-1312 жж; Өзбек-1312-1342; Жәнібек-1343-1357жж. күшейе түсті. Егер Жошы
мен Батый Монғолиядағы ұлы ханға бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда
хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен,
Үндістанмен, Қытаймен сауда жүргізді. Ислам діні Өзбек хан тұсында үстем дінге
айналды. Мемлекет құрылысы әскери негізде болды, шет аймақтарда әскери әкімшілік
биледі. Қарулы күштер оң қол, сол қолға бөлініп, оларды ханзада - оғландар, түмен басы,
мың басы, жүз басы, он басы басқарды. Қала мен бағынышты аймақты ұстау үшін
даруғабектер, басқақтар тағайындалды.
Алтын Орда ішінде азаттық күрестер де, феодалдардың өзара күресі де күшейді. 1238
ж. Бұқарада қолөнерші Махмұд Тараби бастапан көтеріліс болды. 10 мың монғол
жауынгері өлтірілді. Бірақ осы ұрыста Махмұд Тараби де қаза тапты. Алтын Орда
көтерілісті басып тастады. 1240-1241 жж, 1270 жылы Кама булғарлары көтерілді. 1377
ж. Мәскеудің ұлы кнәзы Дмитрий мен Суздаль-Нижегород кнәзының әскерлері Қазанға
жорық жасады. Рязань кнәздығына шабуыл жасаған татарларды 1378 ж. орыстар Вожа
өзені бойында (Оканың оң саласы) талқандады.
Бұл кезеңде Жошы ұлысы бір-біріне тәуелсіз өзара жауласқан төрт аймаққа бөлініп кетті:
Алтын Орда (Мамай ұлысы) – Еуропа мен Ресей, Украина мен Қырым жерінде, Ноғай
Ордасы (Ноғай ұлысы) – Батыс Қазастан мен Башқұртстан, Татарстан жерінде, Еділ
бойынша, Көк Орда (Шайбани ұлысы) – Орал бойынша және Сібір жерінде, Ақ Орда
(Орысхан ұлысы) Ертіс пен Сарыарқа даласында. Осылардың ішінде Қазақ халқының
тарихына тікелей қатысы бар мемлекет Ақ Орда, сосын Ноғай ордасы. Ал Шайбани
ұрпақтары кейін Өзбекстан жеріне кетті.
1380 ж. Алтын Орда ханы Мамай үлкен әскер күшімен орыстарға қарсы шабуылға шықты.
Орыс кнәздықтарының біріккен күштері Ноғай Ордасына арқа сүйеп, Непрядва (Донның
оң сапасы) өзені жағасында, «Куликово даласы» деп аталатын жерде Қырым ханы 1380
ж. 8 қыркүйекте Мамай әскері жеңіліске ұшырады. Оның үстіне 14 ң. Соңында, яғни 1391
және 1395 жылдары Ақсақ Темір Алтын Ордаға бас көтертпей екі рет соққы берді.
Осыдан кейін ел ыдырай бастады. 15 ғ. басында Тоқтамыс ханмен Едіге бидің өзара
таласы Алтын Орданы өзара қажытты. 15 ғ. 1 жартысында онан Бұлғарлар, Қазан мен
Қырым бөлініп шықты. 1480 жылы орыс кнәздықтары империядан толық тәуелсіздігін
алды.
Сол шамада бірінен соң бірі Қазан, Қырым, Астрахань, Ноғай, Көшпелі Өзбек, Қазақ,
Сібір хандықтары құрылды. Ал Шағатай ұлысының орнына Моғолстан мемлекепті
құрылған болатын. Ол да Ақсақ Темір шабуылдарынан әліреп, одан соң солтүстігіндегі
ойрат-жоңғарлардың шабуылынан тыным көрмей, ыдырап тынды. Осылардың ішінде
Жошы ұлысының орнына келген және далалық дәстүрлерді сақтап қалған ең ірі
мемлекет соның ішінде Қазақ хандығы болды. Кейін 16 ғасырда Қазақ хандығы Алтайдан
Еділге дейінгі жерлерді иемденіп, бұрынғы Жошы ұлысының жеріне иелік етіп қалды.
Шапқыншылығы кезінде монғолия далаларынан келген тайпалардың жаңа жерлерге
қоныс аударғандары да болды. Батыс, солтүстік Қазақстанға олар келді: маңғыттар,
төлеңгіттер, төрелер, қияттар. Біраз уақыттан кейін монғолдар түркі тілдес халықпен
сіңісіп кетті. Жошы ұлысында жаулап алған елдерін уәкілдер-даруғашылар мен
тамғашылар арқылы басқарды. Монғол шонжарлары жергілікті тілде сөйлей бастады.
3 / 4
Алтын Орда дәуіріндегі Қазақстан
Ежелгі дәстүр бойынша тек Шыңғыс ұрпағы "ақсүйек төрелердің" өкілі ғана хан бола
алатын еді. Шыңғыс әулетінен тараған сұлтандар Алтын Орда құлап, жаңа мемлекеттер
құрылғаннан кейін де халыққа билік жүргізу құқын сақтап қалды.
Қазақстан жеріне Шыңғысханның құқық нормаларын "Ясысын" енгізілді. Ол бойынша
жергілікті халық соғысқа қатысу үшін әрбір 10 үйден бір жауынгер беруге тиіс еді.
Көшпелі малшылар «копчур» деп аталатын салық төледі. Оның мөлшері жүз бас малдан
бір бас мал беру. Егіншілерден де астықтай салық алынды. Әрбір 10 тугар (түтін) егістен
қазына пайдасына бір тугардың өнімі, кейбір жерлерде харадж (жер салығы) алынды.
4 / 4
Достарыңызбен бөлісу: |