«амангелді батыр торғай өҢіріндегі 1916 жылғы көтерілістің бас көшбасшысы»



Дата30.03.2023
өлшемі0,86 Mb.
#77624

«Қарағанды Облыстық Жоғарғы Мейіргерлік Колледжі»
«АМАНГЕЛДІ БАТЫР – ТОРҒАЙ ӨҢІРІНДЕГІ 1916 ЖЫЛҒЫ КӨТЕРІЛІСТІҢ БАС КӨШБАСШЫСЫ»
«Амангелді атамыздың өнердегі бейнесі»
Жоба авторы: Қалауова Ж.Б
Жетекшісі: Сулейменова Ж.Т
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Аманкелді Үдербайұлы Иманов [Мәтін] // Торғай елі : энцикл. / құраст. Т. Рсаев ; ред. А. Ахметов. – Алматы: Арыс, 2013. – Б. 39-45.
2. Аманкелді батыр Үдербайұлы Иманов [Мәтін] // Астана : Энциклопедия. – Алматы: Атамұра, 2008. – Б. 181.
3. Аманкелді Иманов [Мәтін] // Торғай тарландары : өмірбаяндық энцикл. / Ә. Жақып. – Астана, 2009. – 1т. – Б. 73-82.
4. Аманкелді Иманов [Мәтін] // 4 томдық Қаз ССР қысқаша энциклопедия. – Алматы, 1998. – Т. 1. – Б. 65.

Жобаның мақсаты: «Бұл жобамның мақсаты Амангелді атамыздың қазіргі таңда өнерімізде және тарихта алар орынын өскелең жас толқынға көрсету,үйрету және тәлім беру!»
Жоба өзектілігі:Бұл жоба өзектілігіне келер болсақ, өскелең ұрпаққа Амангелді атамыздың құрметіне салынған мекендер туралы білім беру және үйрету. Патриоттық өз отаныңа, туған қалаңа, өз жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Осы жоба арқылы батырымыздың елі мен жері үшін жасаған еңбегінің бағаланғанын және «Есті ел ерін ұмытпайтынын»дәлелдей аламыз деп үміттенемін!

Амангелді Иманов портреті:
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске 1936 жылы 20 жыл толуына байланысты көтеріліс көсемі Аманкелді Имановтың портретін салу туралы компартия шешім шығарады. Шаруаны атқарып шығу Мәскеу көркем сурет студиясының түлегі, суретші Әбілхан Қастеевке жүктеледі. Сөйтіп Әбекең 1939 жылдан бастап батырдың портретін салу ісіне кіріседі. Бірақ батырдың ешқандай бейнесі сақталмаған. Ендеше, көрмеген адамның суретін қалай салады? Не істеу керек? «Білім және еңбек» журналының 1960 жылғы бірінші санында Әбілхан аға: «Аманкелді батырдың шынайы бейнесін сомдау үшін, әуелі оны көрген адамдармен жолығу мақсатында Торғай өңіріне аттандым» деп сұхбат беріпті.

Сөйтіп Әбекең батырдың туған еліне барған, көзі тірі сарбаздарына жолыққан. Олармен әңгімелесіп, батырға ұқсастығы бар-ау деген 30 адамның портретін салып, 40-қа жуық этюд, деталь жасаған. Ұзын сөздің қысқасы, Әбілхан Қастеев 1939 жылы батырдың портретін салып, келесі 1940 жылдың жазында Торғай өңіріне алып барып, адамдарға көрсетеді. Көргендер «ұқсайтын сияқты» дегенді айтады. Бірақ Әбілхан аға мұнымен де қанағаттанбай 1947 жылы Аманкелді батырдың жаңадан тағы бір суретін салып шығады. Бұл суретті Қаз КСР Министрлер кабинеті бекітіп, қаулы қабылдайды. Біздің қазіргі таңда «Аманкелді Иманов» ретінде танып жүргеніміз осы портрет.
Қазақ киноиндустриясындағы алғашқы фильм:
Халық батыры Амангелді Иманов туралы түсірілген фильмді сан мәрте көрсекте, оның ұлттық кино тарихындағы алғашқы қазақ фильмі екенінен хабарсыз адам көп. Одан сол кездегі саясаттың "лебі" соғып тұрса да, қазақ киносының тарихы осы туындыдан басталады. Фильм 1938 жылы түсіріліп, 1939 жылы 25 қаңтарда премьерасы өтті. Сол жылдардағы ел өкіметі көрнек­ті жазушылар Бейімбет Майлин мен Ғабит Мүсіреповке Амангелді Иманов туралы материал жинап, сценарий жазуға тапсырма берді. Сондай-ақ олардың қасына Кереку өңірінде туған белгілі қаламгер Всеволод Ивановты қосады. Қаламдары жүрдек үш суреткер аз уақыт ішінде сценарийді жазып, даяр етеді. Енді киноны түсіру керек. Қазақ өмірінен түсірілген тұң­­ғыш киноға ең талантты деген актерлер таң­­дап алынды. Олардың дені алғаш құрылған Қазақ театрының тарландары еді. Айталық, Амангелді рөліне Елубай Өмірзақов бекітілсе, батырдың әйелі Балымды – ғажайып биші Шара Жиенқұлова ойнады. Сонымен қатар фильмдегі басқа рөлдерде – Серке Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев, Құрманбек Жандарбеков, Рахметолла Сәлменов, Қапан Бадыров ойнады. Осы фильмге белгісіз сарбаз болып Шәкен Айманов та түскен. Музыка­сын А.Жұбанов пен М.Гнесин жазған. Суретшісі – Қ.Қожықов. Бір өкініштісі, фильм түсіріліп жат­қанда, соның басы-қасында жүр­ген жазушы Бейімбет Майлинді Қарақас­тектен ұстап әкеткен. Сол жылы Ғабит Мүсіреповті де тұтқындауға ордер беріп қойған күні "Правда" газетінде "Амангелді" сценарийі жарық көріп, сыршыл суреткер аман қалған.
Қазақ жерінде Амангелді атамыздың құрметіне орнатылған ескерткіштер туралы: Қостанай облысының сокральды орындары картасына енген тағы бір тарихи нысана – бұл Амангелді Имановтың ескерткіші.
А. Иманов Алакөлге жерленді, 1940 жылы аудан орталығына қайта қойылды. Қабір басына Амангелді Имановтың ескерткіші қойылды. Бұл ескерткіштің мүсіншісі – Әбілбек Ұзақов, қойылған уақыты – 1960 жыл. Ескерткіш жанында қамыстан жасалған мұнаралық құрылыс тұр. Жақын маңда Иманов басқарған сарбаздар нысанасы тұр. Бұл күйген кірпіштен жасалған тұрғын үй 20 ғасырдың бас кезінде Аймағамбет ұстаның қолымен соғылған. Тағы бір, өкінішке орай жартылай бұзылған ғимарат халық батырының атымен байланысты ло туылған Үрпек ауылында орналасқан. Бұл бұрынғы А.Иманов штабы, 1916 жылғы оқиғаға дейін бұл жерде мешіт пен медіресе орналасқан.
Қорытындылай кетсек,Аманкелді атамыздың өмір жолы біз үшін тәрбие аларлық.Осы жолда төккен еңбегі зая кетпеді деп айта кетсекте болады,Көріп отрғандарыңыдай «Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар.» демекші Амангелді Иманов елі үшін қаһармандық танытып,елін қорғап тәуелсіз ел атануымызға өз үлесін тигізді.Қазірде байқағанымыздай біздің батырымызды ұмытқан қазақ жоқ! «Есті ел ерің ұмытпас» дегендей біздің даңты батырымызды өзімізге өнеге тұтамыз!


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет