Аманкелді аманкелді



жүктеу 2.15 Mb.
Pdf просмотр
бет3/5
Дата24.03.2017
өлшемі2.15 Mb.
1   2   3   4   5

№ 2 БАЙТҰРСЫНОВ САЙЛАУ 

ОКРУГІ БОЙЫНША АМАНГЕЛДІ 

АУДАНДЫҚ МАСЛИХАТЫНЫҢ  

ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАНТ 

ДАВЛЕТОВ ЕСЫМ 

САЛЫКОВИЧТІҢ

  

ӨМІРБАЯНЫ

     Мен, Давлетов Есым Салыкович Амангелді аудандық 

маслихатының  депутаты  болып  сайланған  жағдайда 

мынадай бағыттар бойынша жұмыс жасаймын:

   «Нұр Отан» партиясының мүшесі ретінде ең алды-

мен  партия  бағдарламасында  қойылған  міндеттерді 

орындауға ат салысамын.

      Елбасы    Н.Ə.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 

Жолдауларында   қойылған міндеттерді іске асыруға, 

ауданның  əлеуметтік  мəселелерін  шешуге  ықпал 

етемін.


      Өз  округімдегі  сайлаушылардың  талап-тілектерін, 

ұсыныстары  мен  сұраныстарын  үнемі  зерделеп, 

олардың  оңтайлы  шешілуіне  ықпал  жасап,  өзімді 

сайлайтын  сайлаушылардың  сенімін  ақтау  үшін 

депутаттық құқықтарымды толық пайдаланамын.

      Ауданда  эпизотикалық  жағдайды  тұрақтандыруға 

бағытталған іс-шаралардың уақыттылы жəне нəтижелі 

болуына қадағалау жасаймын.

    Ауданда  мəдениет,  білім,  спорт  жұмыстарының 

жоғары дəрежеде болуын  ұдайы қолдаймын.

        Аудан  тұрғындарын  таза  сумен  қамтамасыз  етуге 

атсалысамын.



№ 2 БАЙТҰРСЫНОВ САЙЛАУ 

ОКРУГІ БОЙЫНША АМАНГЕЛДІ 

АУДАНДЫҚ МАСЛИХАТЫНЫҢ 

ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАНТ 

Е.С.ДАВЛЕТОВТЫҢ САЙЛАУАЛДЫ

 

 



БАҒДАРЛАМАСЫ

    Ахметов Кенжеболат Əлібекұлы 1972 жылы Торғай 

облысы Амангелді ауданының орталығы Амангелді ау-

лында  дүниеге келген. 

     Білімі арнаулы орта, 1995 жылы Арқалық қаласында 

музыкалық училище бітірген. 

    Еңбек жолын 1995 жылы Амангелді аудандық музы-

ка мектебінде домбыра классы бойынша мұғалім болып 

бастаған. 

   1998-2003 жылдары  Амангелді  аудандық  Қ.Əбенов 

атындағы    Мəдениет  үйі  жанында  құрылған  «Торғай 

толқындары» ансамбілінің көркемдік жетекшісі болып 

қызмет атқарды. 

    2003 жылы  Амангелді  аудандық  музыка  мектебіне 

мұғалім болып жұмысқа орналасты.  

      2014 жылдын тамыз айынан  Амангелді аудандық 

музыка мектебінде басшылық қызметін атқарады. 

      Бірнеше жылдан бері шығармашылықпен айналы-

сып, күйлер мен əндер шығарып, аудан тұрғындарының 

ілтифатына бөленуде.  Əсіресе, оның күйлерін Аманкелді 

ауданының халқы зор ықыласпен тыңдайды. Сонымен 

қатар,  ол  өнерлі  шəкірттерін  тəрбиелеуде  де  жақсы 

еңбек жасап жүр. Шəкірттерінің алды түрлі байқауларға 

қатынасып,  бақтарын  сынап,  ауданымыздың  мерейін 

асырып келеді.

      Облыстық əн байқауларының жеңімпазы, мəдениет 

жəне  өнер  саласын  дамытуға  қосқан  үлесі  үшін  аудан 

əкімі жəне облыстық мəдениет басқармасының  грамо-

таларымен марапатталған.

       Отбасылы, 2 баласы бар. 

      Мен,  Ахметов  Кенжеболат  Əлібекұлы  Амангелді 

аудандық  маслихатының  депутаты  болып  сайланған 

жағдайда  мынадай  бағыттар  бойынша  жұмыс  жасай-

мын:


-  Қазақстан  Республикасының  Президенті  жəне 

Үкіметінің  саясатын  жүзеге  асыруға  бағытталған  іс-

шаралардың орындалуына атсалысамын.

    Елбасының  жылсайынғы    Қазақстан  халқына  Жол-

дауын  халық  арасында  насихаттау  жəне  орындалу 

бағытында жұмыс істеймін.

-  Аудан  халқының  тұрмыс  деңгейін  көтеруге 

бағытталған əлеуметтік бағдарламалардың орындалуы, 

аудан мəдениетін көтеруге мəн беремін.

-  Аудан  жастарының  қоғамдық  белсенділігін  көтеруге 

күш саламын.

-  Жас  ұстаздар  мəртебесін  көтеруге  жəне  қоғамдық 

жұмыстарға белсене атсалысуға ықпал жасаймын.

-  Жастардың  еңбекке  деген  құлшынысын  оятуға 

бағытталған іс шаралардың ұйымдастырылуына ықпал 

етемін.


- Мəдени жəне танымдық бағыттығы іс-шараларда ау-

дан жастарының арасында кең таралып, өзара тəжірбие 

алмасуына мүмікіндіктер туғызуға ықпал жасаймын.

АМАНГЕЛДІ АУДАНДЫҚ МАС-

ЛИХАТЫ ДЕПУТАТТЫҒЫНА № 2 

БАЙТҰРСЫНОВ САЙЛАУ ОКРУГІ 

БОЙЫНША КАНДИДАНТ 

КЕНЖЕБОЛАТ ƏЛІБЕКҰЛЫ 

АХМЕТОВТІҢ 

ӨМІРБАЯНЫ

АМАНГЕЛДІ АУДАНДЫҚ 

МАСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТЫҒЫНА 

№ 2 БАЙТҰРСЫНОВ САЙЛАУ 

ОКРУГІ БОЙЫНША КАНДИДАНТ 

Қ.Ə.АХМЕТОВТІҢ САЙЛАУАЛДЫ

 

БАҒДАРЛАМАСЫ

            Қылдыбаев Олжас Жұмабайұлы, 1986 жылдың 

15  мамырында  Қостанай  облысы,  Амангелді  ауданы, 

Амангелді ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 

    2007 жылы  Қостанай  мемлекеттік  педагогикалық 

институтын    «Өнер»  факультетін  музыкалық  білім 

мамандығы бойынша тəмəмдаған.  

     Еңбек жолын 2008 жылы Амангелді ауылындағы 

«Шұғыла» жастар демалыс орталығында дыбыс опе-

раторы болып бастаған.  

     2009-2012 жылдары аудандық Қ.Əбенов атындағы 

мəдениет үйінде  көркемдік жетекшісі болып қызмет 

атқарған. 

    2012-2014 жылдары аудандық музыка мектебінің ди-

ректоры болды, 

   2014 жылдың  тамыз  айынан  бастап  Қ.Əбенов 

атындағы  аудандық  Мəдениет  үйінің  директоры  бо-

лып қызмет атқарады. 

     Облыстық əн байқауларының жеңімпазы, мəдениет 

жəне  өнер  саласын  дамытуға  қосқан  үлесі  үшін 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Алғыс 

хатымен,  аудан  əкімі  жəне  облыстық  мəдениет 

басқармасының  грамоталарымен марапатталған.

    О.Қылдыбаев соңғы жылдары əн шығарумен айна-

лысып келеді. Оның қаламынан туған бірнеше əндер 

аудан жұртшылығының көңілінен шығуда. 

      Ол  аудан  өнерпазларын  түрлі  байқауларға  əзірлеу 

кезінде  өзінің  қабілетімен  көрінуде.  Жастарды 

тəрбиелеуге сергектікпен қарайды.

     Отбасылы, 2 баласы бар. 



№ 2 БАЙТҰРСЫНОВ САЙЛАУ 

ОКРУГІ БОЙЫНША АМАНГЕЛДІ 

АУДАНДЫҚ МАСЛИХАТЫНЫҢ  

ДЕПУТАТТЫҒЫНА 

КАНДИДАНТ ҚЫЛДЫБАЕВ 

ОЛЖАС ЖҰМАБАЙҰЛЫНЫҢ  

ӨМІРБАЯНЫ

      Мен,  Қылдыбаев  Олжас  Жұмабайұлы  Аманкелді 

аудандық  маслихатының  депутаты  болып  сайланған 

жағдайда мынадай бағыттар  бойынша жұмыс жасай-

мын:

- «Нұр  Отан»  партиясы  белгілеген  міндеттер  мен 



Елбасының  «Нұрлы  жол»  атты  халыққа  жолдауында 

көрсетілген  тапсырмалардың  халық  арасында  наси-

хаттау жəне орындалу бағытында жұмыс істеймін;

-  Ауыл  халқының  тұрмыс  деңгейін  көтеруге 

бағытталған  əлеуметтік  бағдарламалардың  орында-

луы, ауыл клубының іске қосылуына мəн беремін;

- Ауыл жастарының қоғамдық белсенділігін көтеруге 

күш саламын;

-  Жас  ұстаздар  мəртебесін  көтеруге  жəне  қоғамдық 

жұмыстарға белсене атсалысуға ықпал жасаймын;

-  Жастардың  еңбекке  деген  құлшынысын  оятуға 

бағытталған 

іс-шаралардың 

ұйымдастырылуына 

ықпал етемін;

-  Мəдени  жəне  танымдық  бағыттағы  іс-шараларда 

ауыл  жастарының  арасында  кең  таралып,  өзара 

тəжірибе  алмасуына  мүмкіндіктер  туғызуға    ықпал 

жасаймын.

АМАНКЕЛДІ АУДАНДЫҚ МАСЛИХАТЫ 

ДЕПУТАТТЫҒЫНА №2 БАЙТҰРСЫНОВ 

САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША КАНДИДАТ 

О.Ж.ҚЫЛДЫБАЕВТЫҢ САЙЛАУ АЛДЫ

 БАҒДАРЛАМАСЫ


6

amangeldy-arai@

mail.ru

6 наурыз 2015 жыл

№ 9  (7651)

      Адам баласы күйбең тірлікпен жүргенде, 

өмірінің  өтіп  бара  жатқанын  байқамайды 

екен.


 «Аманкелді арайының» бетінен бір бейнені 

көріп,  бала  күнге  сағынышым  оянып,  сол 

күндер  көз  алдымнан  қаз-қалпында  өтіп 

жатты.


     Əңгімеме арқау болып отырған «Бейнесі 

бөлек,  қария  еді»  деген  Сайлаубек 

Сайдильдиннің  мақаласындағы  Бейсенбай 

Кеделбаев  менің  көкем  еді,  біз  бұл  кісіні 

осылай атайтынбыз. 

  Біздер Жыланшық елді мекенінде көп жыл-

дар тұрдық. Менің əкем Қапар Сыздықұлы, 

сол  жерде  ұзақ  жыл  савхоздың  жылқы 

фермасын  басқарды.  Біз  көкем  үйімен 

іргелес тұрдық, сол кездегі тілмен айтқанда 

«қоржын» үйдің келесі басы.

      Менің əкемнің аздап үлкендігі бар еді. 

Сондықтан  ол  кісіге  ептеп  ұрысып  отыра-

тын. Қонаққа барғанда кəделі сүйекті Бей-

сенбай көкеме беріп қояды екен, сонда менің 

əкем Қапар, «əй осы сақалы қауғадай болып, 

менен үлкен болып көрінеді» - деп кіжініп 

отыратын,  сонда  көкем  үндемей  сақалын 

қолымен  тарақтап,  сылқылдап  күлетін. 

Бейсенбай  көкемнің  Жеңіс,  Қаншайым  де-

ген  екі  баласы  болды.  Қаншайым  екеуіміз 

«Родник»  совхозына  оқуға  бірге  барып, 

бастауыш сыныпты Файзолла Есетов деген 

кісіден  оқыдық  (марқұм  өте  қадірлі  адам 

еді).  Қаншайым  да  көп  сөйлемейтін  көкем 

сияқты,  қазір  Қостанай  қаласында  тұрады. 

Көкемнің  əйелі  Айғанша  деген  шешеміз 

жылдам  сөйлейтін,  тез  қимылдайтын  адам 

еді. 

        Жеңіс  ағамыз  сол  кісі  сияқты  болатын. 



Ал  көкем  əңгімешіл  адам  еді,  ашуланбай-

тын,  ашуланса  сойлей  алмай, «тұтығып» 

қалатын, көзі аларып қарайтын, менің анам 

ол  кісіні  «Алагөз»  деп  атайтын.  Келіндері 

«Кілтші қайнаға» деп атайды екен. 

          Кейін  ол  кісілер    Талғұйда  қой  бақты. 

Қойдан    кешке  шаршап  келгеніне  қарамай 

бізге əңгіме, дастан, жырлар оқытатын, өзі 

əңгіме, ертегі айтатын. 

      Ол  кісінің  əңгімесін  тыңдап  жатып 

Қаншайым екеуіміз ұйықтап кететінбіз. Біз 

сол ертегі, əңгіме желісіне құмартып тыңдай 

беретінбіз.  Сол  ертегінің  жас  балаларға 

берері өте көп екенін түсінгендеймін. 

      Көкемнің өзіміздің «Бердіқаз» əулетінің 

шежіресін  жазып  жүргенін  білетінмін. 

Маған  «Гүлназия,  сенен  үмітім  бар» - 

дейтін  еді.  Бірақ  ол  кезде  бұл  сөздерге 

мəн  бермеппін.  Сол  кездегі  өмір  бəрі 

көкірегімде  сайрап  тұр.  Ол  кісі  дінге  де 

жақын еді. Үнемі ораза ұстап, намазды қаза  

қылмай оқитын, емшілік қасиеті де бар еді. 

Бір жеріміз ауырса «көке» деп сол кісіге ба-

ратынбыз. 

     Бірде менің үлкен апам марқұм Күлпара-

ның ұлы Кенжебек  үнемі біздің үйде бола-

тын, бірде тісі ауырып 2-3 күн жатып қалды, 

дəрігер жоқ, мидай дала, əлгі балаға көкем 

келіп,  қане  аузыңды  аш,  қай  жерің  деп 

сұрап,  аузын  ашқанда  «түкіріп»  жібергені  

сол еді, тісі сап тиылып, қайтып ауырмаған.

        Бірде 1962 жыл болуы керек, сол жылы 

қыс  өте  қатты  болды.  Қар  үйлерді  басып 

кетті,  терезе,  есік  деген  жоқ,  қардан  ар-

шып  əрең  шығатын.  Үйлерді  сипап  кетті, 

жылқыдан  бүкіл  тай,  жабағы  бəрі  үйге 

əкелінді.  Қора  болатын,  соған  кіргізілді, 

менің шешем Камила, Қойшыман тəтемнің 

əйелі  Дəмеш  жеңгем,  Мырқали  ағамның  

үйіндегі  Шошақ  шешем,  Досан  ағамның 

үйіндегі  Қаншайым  жеңгем,  бəрі  төбеге 

шығып, «маяға»  дейін  арқан  байланады 

(адасып  кетпес  үшін),  арқанның  бойы-

мен  жорғалап  барып,  шөпті  арқалап  алып 

төбедегі  тесіктен  қораға  тастайды,  қас 

қарайғанша  солай  істейтін.  Сол  бейнетпен 

совхоздың малын қыстан аман алып қалып 

еді. 


        Əрине,  сол  бейнеттер  олардың  өмірден 

ертерек кетуіне себеп болған шығар. Ал Да-

меш жеңгем сол кездердің куəсі, қазір бар, 

ардақты ана, аяулы əже. 

          Біздің  балалық  шағымыз  сол  Əліпбай 

жерінде өтті, қатар-қатар тігілген киіз үйлер, 

таңертең  ерте  тұрып  Бейсенбай  көкем 

есіктің  алдына  шығып,  төмпешік  болатын, 

сол  төмпешікке  барып  денешынықтыру 

жасайтын.  Менің  əкем  ұрсатын  «сенікі  не, 

келіндеріңнің  көзінше  еңкейіп,  тоңқайып  

жатқаның» - деп.  Көкем  селкілдеп  тұрып 

күліп  алып, «бұл  денешынықтыру»  дейтін 

марқұм.


 Гүлназия қажы ҚАПАРҚЫЗЫ,

зейнеткер-ұстаз.

ЕРЛІК - ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА - ҰРАН   (

Т.Ахтанов)

      ХХ  ғасырдын  адамзат  дамуындағы 

ең  үлкен  зұлмат - 1941- 45 жылдардағы 

Ұлы  Отан  соғысы.  Міне,  сол  соғыстағы 

жеңісімізге – Ұлы Жеңіске 70 жыл  толғалы 

отыр.  Ел  басына  күн  туғанда,  қолдарына 

қару  алып,  елін-жерін  қорғауға  қанша  ма 

ата-əкелеріміз  аттанды?  Сондай,  жанның 

бірі – Ұлы  Отан  соғысы  жəне  еңбек 

ардагері, құдамыз Қаралақ  Құсайынұлы еді. 

Осыбір жаны жайсаң, ақыл-парасаты,  өмірі 

өскелең  ұрпаққа  өнеге  болатын    Қаралақ 

Құсайынұлы туралы естелік жазу мен үшін 

үлкен мəртебе жəне жүгі ауыр парыз.

        Қаралақ  Құсайынұлы - 1921 жылы 

Қостанай  облысы,  Аманкелді  ауданы, 

Еңбекші  ауылдық  кеңесіне  қарасты 8 март 

колхозында  дүниеге  келген.  Ата-анасынан 

жастай  айырылған  ол,  Семиозер  балалар 

үйінде  оқып,  тəрбиеленген. 1941 жылы  са-

уда  кооперация  мектебінде  оқып, «товаро-

вед»  мамандығын  алған.  Қарасу  ауылдық 

кеңесінде хатшы болып қызмет атқарған.

       1942 жылы мамыр айында əскер қатарына 

шақырылып, 352 атқыштар  дивизиясының 

құрамында болады. Кейін 76-шы гаубицалық 

атқыштар полкіне жіберіледі. Осы  полктің 

құрамында  Сталинград  үшін  шайқасқа, 

Украинаны,  Курск,  Орел  қалаларын  жау 

əскерінен  босатуға  қатысады.  Харьков 

түбіндегі шайқаста жаудың 5 танксын жай-

ып,  осы  ұрыста, «Ерлігі  үшін»  медалімен 

марапатталады.  Тарихтағы  үлкен  шайқас – 

Курскі доғасындағы ұрыста жауға есеңгірте 

соққы  бергені  үшін  тағы  да  «Ерлігі  үшін» 

медалімен марапатталады. ІІ дəрежелі Отан 

соғысы,  Данқ  ордендерімен,  «1941-1945 

жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германи-

яны  жеңгені  үшін»  жəне  жеңістен  кейінгі 

мерекелік  медальдармен  марапатталған. 

Əскери  жүріп  партия  қатарына  өтеді.  Елге 

оралғаннан кейін өз мамандығы - сауда са-

ласында  мінсіз  қызмет  атқарып,  зейнетке 

шығады.  Жітіқара  ауданы  тұтынушылар 

одағы 

төрағасының 



орынбасары, 

Аманкелді ауданы тұтынушылар одағының 

төрағасының  орынбасары,  совхоздарда 

жұмысшылар  кооперациясының  төрағасы 

ЖАНЫ ЖАЙСАҢ ЖАН ЕДІ

болған.  Көп  жылғы  еңбегі  бағаланып, 1964 

жылы  Алматы  қаласында  өткен  кооперация 

одағының  слетіне  делегат  болып  қатысып, 

Қазақ ССР-ы Жоғарғы Кеңесінің Құрмет гра-

мотасын  алады. «Кеңес  сауда  ісінің  үздігі» 

төсбелгісінің  иегері.  Ол  кісі  өзінің  саналы 

ғұмырын  сүйікті  ісіне,  еліне  адал  қызмет 

көрсетуге  арнаған.  Дүниеге  əкелген 6 ұл, 2 

қызын  да  осы  жолға  тəрбиелеген.  Жұбайы 

өмірден  ерте  озғаннан  кейін,  ол  балаларын 

өзі өсіріп, жеткізді. Балалары да үмітін ақтап, 

білімді де білікті мамандық иелері болып өсті. 

    1984 жылы бесінші ұлы Бірлік пен менің 

əпкем  Тоты  үйленіп,  отау  құрып,  Қаралақ 

Құсайынұлымен  құда  болдық.  Қолында 

үш  ұлы,  үш  келіні  тұрды.  Барлығы  өте  тату 

болды.  Үйінен  кісі  арылмайтын.  Үйлеріне 

қашан барсаңда дастархан басында 20 шақты 

адам отыратын. Өзінің бала-шағасынан өзге, 

балаларының дос-жарандары, туыстары еді.

Қаралақ  құдам – мінезге  бай,  байсалды,  өте 

білімді  жан  еді.  Бөлмесінде  кітап  көп  бола-

тын,  қашан  көрсеңде  кітап,  газет-журнал 

оқып  отырушы  еді.  Ол  кісінің  бірі  қасиеті, 

оқыған  кітабының  соңына  пікірін  жазып 

қоятын.  Өмірі  ашуланып,  дауыс  көтеріп 

сөйлемейтін.  Үйді  басына  көтеріп,  асыр-

салып,  ойнап,  тентек  болған  немерелеріне 

«о,  күшік!»  деп  ғана  қоятын.  Ешқашанда 

соғыстағы ерлігін, қызметтегі жетістігін ай-

тып, мақтанбайтын. 

    1996 жылы аудандық мұражайда ғылыми 

қызметкер  болып  жұмыс  жасайтын  кезім 

еді,  сол  кезде    Мұражай  мұрағатына 

құдамның  фото  суреттері  мен  құжаттарын 

алып, тапсырған болатынмын. Өмірбаянын 

өз  қолымен  орыс  тілінде  жазып  берді. 

Соғыстағы ерлігін де сол жолы білдім.

    1997 жылы  шілде  айында  анам  дүние 

салып,  басыма  қайғы  түскен  сəтте,  жаны-

ма  демеу болып, сүйеу болған осы Қаралақ 

құдам  еді.  Ұл-қыздарының  бірі  қалмай 

анамның  қазасында  қызмет  жасады.  Ке-

лер  жылы,  құдамды  дерт  шалып,  ажал  ор-

тамыздан 77 жасқа  толған  шағында  алып 

кетті.  Ол  кісінің  жарқын  бейнесі  есімізде 

мəңгіге  қалады.  Артындағы  үлкен  мұрасы 

-  балалары,  ұрпағы.  Ол,  мəуелі  бəйтерек 

болса,  бұтағы  мен  жапырағы – балала-

ры,  немере,  шөберелері. 6 ұл, 2 қыздан 

тараған - 23 немересі, 27 шөбересі  артын-

да  қалды.  Өзінен  кейін 3 ұлы  Адай,  Бірлік 

жəне  кеше  ғана  өзегімізге  от  салып  кеткен 

Жұмабек  баласының  қазасы  еді.  Ауданның 

əлеуметтік  саласында  ерен  еңбек  еткен 

Жұмабек Қаралақұлы да əкесі сияқты, еліне, 

туған жеріне адал қызмет жасап, тура жүрді. 

Қанша  ма  мұқтаж  жанға  көмектесіп,  қол 

ұшын  беріп,  қанша  ма  жанның  алғысына 

бөленді. Шапағаты балаларына тие берсін! 

Лиза ТАУТАНҚЫЗЫ,

Қ.Əбенов атындағы аудандық мəдениет 

үйінің əдіскері 

САҒЫНЫП ЕСКЕ 

АЛАМЫН

Тағзым

   Жеміс-жидектің, оның  ішінде алманың 

денсаулыққа  пайдасы  мол.  Алманың 

құрамында А, С, В1, В2, Р, Е дəрумендері 

бар.  

      Оның  ішінде  А  дəрумені    ағзаның  



өсуіне, дамуына өсер етіп, түрлі ауруларға 

қарсы  тұруға  көмектеседі,  қараңғыда 

көруді  жақсартады.  А  дəрумені  шаштың, 

тырнақтың    өсуіне  өсер  етеді.  Ол 

жетіспегенде    тері  құрғап,  жарылып,  түсі 

күңгірттенеді.

          В1  дəрумені  организмде  дұрыс  зат 

алмасуы  үшін  аса  қажет.  Бұл  дəрумен  

жетіспегенде 

шаршағандық 

сезіліп 

асқорыту    жүйесі  бұзылады.  Ағза  В1-ге 

зəру болған жағдайда, жүйке  жүйесі ауру-

ына  шалдығуы мүмкін.

  В2 дəрумені  басқа да дəрумендер сияқты  

организмнің  бір  қалыпты  өсуіне    қажет.  

Жарақаттардың тез  жазылуына  мүмкіндік 

береді. Көздің  жақсы көру қабілетін  арт-

тырады. Бұл дəрумен жетіспеген жағдайда, 

ерін құрғап, ұшық шығады. Денеге түскен 

жарақат баяу жазылады.

   С дəрумені  ағзаның жұқпалы  ауруларға 

қарсы  тұра алу əрекеттерін  арттырады.  С 

дөрумені  жетіспегенде,  ағза  тез  шаршай-

ды.  Əсіресе  С  дəрумені    ағзаға    қыс  пен 

көктем айларында көбірек  қажет.

   Р дерумені  жіңішке қан тамырларының 

беріктігін  арттырып  ,қызметін  қалыпқа 

келтіріп отырады.

    Е  дəрумені  бұлшық  еттердің  қызметін 

жақсартады. Сондай-ақ алмада  марганец, 

калий,  кальций,  фосфор,  натрий,  молиб-

ден,  мырыш  бар.  Бұлар  ағзада  жеткілікті  

мөлшерде болған жағдайда адам ауырмай-

ды.

          Ал  ең  бастысы,  алма  темірге  бай. 



Темір қан айналымы  жүйесіне өте қажет. 

Ол  жүрек,  бауыр,  бүйрек,  асқазан,  ішек 

жолдарының жұмыстарын жақсарттады.

          Сондықтан  да,  бактерия  мен  əр  түрлі 

вирустардан  сақтану  үшін  күніне    бір  

алма жеу керек.



Г.БӨКЕШКЕЛІНІ,

ҚР Ұлттық экономика  Министрлігі 

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау

Комитетінің «ҚОСЭСО» РМҚК 

Амангелді ауданы 

бойынша филиалының дəрігер-

лаборанты                     

     Əр адам тəулігіне бірнеше мың литр 

ауа жұтады. Ауаның құрамындағы оттегі 

алдымен өкпеге барады, одан қанға сіңіп, 

бүкіл  ағзаға  тарайды.  Өкпе  бейне  сүзгі 

сияқты  ауа құрамында түтін, шаң –тозаң 

болса, тұтып қалады. Зиянды заттары бар 

ауамен тыныс алған  адамның  жұмысқа 

қабілеті  кемиді де  тез шаршайды.  Бұл 

жағдай  түрлі    ауруға  шалдықтырады. 

Адамға  тыныстау  үшін  таза  ауа  қажет. 

Орман ішінде теңіз немесе өзен мен көл 

жағалауында ауа  таза болады. Ал елді ме-

кендерде ауаға  адамның  денсаулығына 

зиянды  түрлі қоспалар  араласып жүреді. 

Əсіресе, өндірісті қалаларда  ауа көп ла-

станады.

    Айналадағы  ауаның  тазалығын сақтауда  

көгалдандырудың    маңызы  зор.  Өсімдік  

ауаның  құрамындағы  көмірқышқыл га-

зын , зиянды  заттарды    шаңды    жұтып, 

оның орнына көп мөлшерде  өттегін  бөліп 

шығарады. Сондықтан  көше бойлай ағаш 

ТАЗАЛЫҚ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

отырғызу,  гүлзарлар  жа-

сау,  демалыс  бақтарының  

көлемін  кеңейту,  аула-

ларды 


көгалдандыру  

ауаның  тазалығын  сақтаудың    бір  жолы 

болып  табылады.  Сөз  жоқ,  бұл  іс-

шаралар  «Тазалық – денсаулық  кепілі» 

деген    сөздің  ақиқаттығының  дағы  бір 

дəлелі.  Тұрған  жерімізді  аялап    күтіп 

ұстау арқылы  ғана біз оның тазалығын, 

жайлылығын,  сұлулығын  қамтамасыз 

ете аламыз.

        Тазалықты тиісті  дөрежеде ұстап  

тұру оңай болмаса да,  өзіміз үшін игі іс 

дер едім. 



Г.СЕЙДІЛДИНА,

ҚР Ұлттық экономика Министрлігі 

Тұтынушылардың құқықтарын  қорғау

Комитетінің «ҚОСЭСО» РМҚК

Амангелді ауданы бойынша

филиалының дəрігер-лаборанты.                      

АЛМА 


 МЫҢ ДА БІР ЕМ

Құттықтаймыз!

МЕРЕЙТОЙ – 60 ЖАС!

   Наурыз айының 4 жұлдызы күні қадірлі ініміз, ардақты 

ағамыз,  жиендеріне  құрметті  нағашы  бола  білген 



Жұмабай Əмірұлы БОЛАТОВ 60 жасқа толады. Ініміз, 

келініміз Гүлжан Қарсақбайқызы екеуі үш бала тəрбиелеп 

өсіріп,  олардан  балдай  тəтті  немере  сүйіп  отырған  ата-

əже.  Жұмабай  Əмірұлына  балаларының,  немерелерінің 

қызық-қуанышына бөленіп, ұзақ өмір сүруін тілейміз. 

60 жасың құтты болсын, Жұмабай,

Денсаулығың мықты болсын, Жұмабай.

Біздер үшін қадірлісің қашан да,

Əр қадамың сəтті босын, Жұмабай.

Азаматтың бірісің ғой көреген,




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет